МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2024 ЖЫЛДЫҢ III ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2024 ЖЫЛДЫҢ III ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі. Қазақстан Республикасыны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқармамен 3, басқармаға қарасты мемлекеттік архивпен 1 қызметтің түрі көрсетіледі: 1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»-0; 2. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру - 2; 3. «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» - 0; 4. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» - 1172. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2024 жылдың 3 тоқсан қорытындысына сәйкес: Барлық көрсетілген қызметтер саны - 1174 (шілде – 343, тамыз-428, қыркүйек-403): олардың ішінде: - мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету «Е-архив» АЖ көрсетілген қызметтің саны-2 (шілде-1, қыркүйек-1). көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 278 (шілде-32, тамыз-84, қыркүйек-162). көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді (Мемлекеттік архив арқылы «Е-архив» АЖ) ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 892 (шілде-308, тамыз-344, қыркүйек-240): - көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 2 (шілде-2). - мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту - 3 (шілде-1, тамыз-2). Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралар: 25.07.2024 жылы Түпқараған аудандық филиалы «Архивтік анықтаманы алу тәртібі» туралы аудан тұрғындарына (ХҚКО, Емхана, Жастар орталығында) түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, брошюра таратылды. 8.08.2024 жылы Қарақия аудандық филиалы «Facebook» әлеуметтік желісінде және №31 «Қарақия» газетінде «Архивтік анықтаманы беру» туралы мақала жарияланып, аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. 13.08.2024 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві «Facebook» әлеуметтік желісінде «Архивтік анықтамалар беру» туралы мақала жарияланды.
Дата публикации
19 октября 2024