МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2024 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген.
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысына сәйкес:
Барлық көрсетілген қызметтер саны – 1630
олардың ішінде:
- мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету «Е-архив» АЖ арқылы көрсетілген қызметтің саны – 72;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 156/1026;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралар мен халықты қамту бойынша:
31.01.2024 жылы Түпқараған аудандық филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізді;
07.02.2024 жылы Мұнайлы аудандық филиалы «Facebook, Instagram» әлеуметтік желілерінде «Архивтік анықтаманы кеңсе арқылы алу тәртібі» тақырыбында мақала жариялады;
12.03.2024 жылы Маңғыстау аудандық филиалы «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізді.