МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА  БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.

Қазақстан Республикасыны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы қарашадағы №86/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі:

1.       «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;

2.       «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;

3.       «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;

  1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру».

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2023 жылдың  наурыз айы мен 1 тоқсан қорытындысына сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтер саны –960:

-      ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны – 65.

-      «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны –458.

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –437.

 

01.2023 жылы Қарақия аудандық филиалы «Азаматтарға арналған

үкімет мемлекеттік корпарациясы» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізді.

02.2023 жылы Мұнайлы аудандық филиалы Архивтік анықтаманы

«Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталыарқылы алу тәртібі бойынша Facebook, Instagram әлеуметтік желіге мақала жариялады.

02.2023 жылы Мұнайлы аудандық филиалы «Архивтік

анықтаманы алу тәртібі» тақырыбында Facebook, Instagram әлеуметтік желіге мақала жариялады.

02.2023 жылы Маңғыстау аудандық филиалында «Азаматтарға

арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы» АҚ-ның қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының талаптарын түсіндірі бойынша дөңгелек үстел өткізді.

02.2023 жылы Мұнайлы аудандық филиалында «Азаматтарға

арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының Мұнайлы аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және қызмет көрсету қағидаларыныңталаптарын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

02.2023 жылы Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мемлекеттік архив, жеке құрам бойынша Ақтау қалалық филиалы, Мұнайлы аудандық филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтау қаласының №1 және № 2 бөлімінің басшылары мен мамандарының қатысуымен ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және Қағидалар талаптарын сақтау бойынша дөңгелек үстел өтті.

03.2023 жылы Маңғыстау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі, Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Маңғыстау облыстық мемлекеттік архив және аудан, қалалық архив филиалының басшысылары мен мамандарының қатысуымен ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және қызмет көрсету Қағидаларының талаптарын сақтау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дата публикации
04 апреля 2023