МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2022 ЖЫЛДЫҢ II ТОҚСАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА  БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2022 ЖЫЛДЫҢ II  ТОҚСАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.

Қазақстан Республикасыны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 407/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі:

1.       «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;

2.       «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;

3.       «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;

  1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру».

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2022 жылдың  II  тоқсанының қорытындысына сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтер саны – 1123.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 7.

-      ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны – 72.

-      «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 435.

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 609.
  • Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдерді бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
  • Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0.
  • Бас тартулар – 0 (дәлелді, құжаттардың толық болмауы себебінен).
  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына шағымдар саны – 0.

 

20.04.2022 күні Басқарманың архив ісі және әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы Р. Алиев ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен өткен Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Online жәрменкеге» қатысып басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттар беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Жаңаөзен қалалық және Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы аудандық филиалдарында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстелдерді өткізді.

 

Басқарма басшысының м.а.                                                       Г. Базаралиева

 

 

 

«07» шілде 2022 жыл

 Орындаған: Р. Алиев

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2022 ЖЫЛДЫҢ II  ТОҚСАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Дата публикации
05 июля 2022