Мемориалдық музейдің аттестация қортындысы бойынша
АНЫҚТАМА
27.12.2021
Басқарманың 2021 жылғы 2 шілдедегі № 67 н/қ бұйрығы негізінде «Мемориалдық музей» МКҚК-ын аттестатция комиссиясының қортындысында берілген ұсыныстарға сәйкес орын алған кемшілктерді жою бойынша жасалынған төмендегі жұмыстар қаралды.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорын басшысына берілген ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар:
Тексеру нәтижесінде мекеме басшысына төмендегідей ұсыныстар беріледі:
- Музейдің алдағы ұйымдастырылатын мәдени іс-шараларын Басқарма жанынан құрылған көркемдік-сараптамалық кеңес қарауына ұсынылмаған;
- Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақытылы, жоспарланған мерзімнен кешіктірмей Заң нормаларын сақтап жүргізу; ҚР Қаржы Министрлігінің белгілеген мерзіміне сәйкес веб-порталда мемлекеттік сатып алу бойынша есептіліктердің уақытылы және сапалы тапсырылған.
- Бюджет қаржысын тиімді пайдалануды және еңбек ақы төлеу мәселелерінде заңдылықтардың сақталуын бақылау күшейтілген;
- Жоспарланған қаражат уақытылы игерілген;
- 2020 жылы бас есепші Г.Беккожинаға есептелген лауазымдық ақыдан 35% қосымша ақы 327 461 теңгенің зейнетақы жарнасы, табыс салығы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын шегеріп, есептеп бюджетке қайтару бойынша 28.02. 2022 жылы №12 бұйрық шығарылып, айына 5000 теңгеден ұстап отыру міндеттелген;
- Кәсіпорынның ақылы қызметінен түсетін кірістердің түсуі және оның орындалысы:
2017 жылы – жоспар 127,2 мың теңге – орындалысы 123,0 мың теңге;
2018 жылы – жоспар 120,7 мың теңге – орындалысы 120,7 мың теңге;
2019 жылы – жоспар 202,2 мың теңге – орындалысы 202,2 мың теңге;
2020 жылы – жоспар 294,5 мың теңге – орындалысы 294,5 мың теңгені құраған.
- Негізгі құралдарды тозығы жетуіне қарай уақытылы есептен шығарылған (музейдің 4.11.2020 жылғы №44 бұйрығы);
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес музейдің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №62 н/қ бұйрығымен лауазымдық нұсқаулықтар қайта бекітілген;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығына сәйкес музей басшысыныеың 01.09.2021 жылғы №01-05/1 хаттамасының негізінде тапсырмалар беріліп қызметкерлердің еңбек өтілдерін есептеу хаттамалары қайта бекітілген.
- Жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бағытында атқарылған жұмыстарды ескере отырып, комиссия мүшелері Мемориалдық музейді аттестатталды деген қорытынды берді.
|
Басқарма басшысының
орынбасары, комиссия төрағасы
|
Г.Төлеуғалиева
|
|
Басқарма басшысының
орынбасары
|
Г. Базаралиева
|
|
Экономика және қаржы
бөлімініңбасшысы
|
Ж.Жангелді
|
|
Мәдениет және өнер
саласын дамыту бөлімі басшысы
|
А.Аширова
|
|
Архив және құжаттама
бөлімінің басшысы
|
Р.Алиев
|
|
Комиссия хатшысы
|
Ғ.Балғабаев
|