Аттестация қортындысы

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының аттестация қортындысы бойынша

АНЫҚТАМА

_______________.2022

Басқарманың 2021 жылғы 4 мамырдағы № 53 н/қ бұйрығы негізінде   «Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-ін аттестатция комиссиясының қортындысында берілген ұсыныстарға сәйкес орын алған кемшілктерді жою бойынша жасалыған төмендегі жұмыстар қаралды.

Тексеру нәтижесінде мекеме басшысына берілген ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар:

  1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақытылы, жоспарланған мерзімнен кешіктірмей Заң нормаларын сақтап жүргізу; ҚР Қаржы Министрлігінің белгілеген мерзіміне сәйкес веб-порталда мемлекеттік сатып алу бойынша есептіліктердің уақытылы және сапалы тапсырылуы үнемі бақылауға алынған;
  2. Бюджет қаржысын тиімді пайдалануды және еңбек ақы төлеу мәселелерінде заңдылықтардың сақталуын бақылау күшейтілген;
  3. Жоспарланған қаражаттың уақытылы игерілуі қадағалануда;
  4. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 7 қосымшасына сәйкес, 2020 жылы бас есепшіге заңсыз есептелген лауазымдық ақыдан 35% қосымша ақы 313 661,6 мың теңгенің (начисление) зейнетақы жарнасы, табыс салығы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын шегеріп, есептеп 2022 жылы бюджетке қайтарылмаған (бас есепшінің келісім хаты бойынша 2022 жылдан бастап ай сайын жалақысынан ішінара ұстап отыру жоспарланған);
  5. 2019 жылғы іссапарға кеткен тұлғаларға заңсыз аударылған 15 150 теңге бюджетке қайтарылған.

Мекеменің құжаттары (бұйрықтар, хаттамалар т.б.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысына сәйкестендіру  бойынша кітапхана басшысыныеың 05.07.2021 жылғы №01 хаттамасының негізінде тапсырмалар беріліп қызметкерлердің еңбек өтілдерін есептеу хаттамалары қайта бекітілген.

  1. Мекеменің жұмыс уақытын есепке алу табелі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйырығынң 59 қосымшасына сәйкестендірілген.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес кітапхананың 20 қыркүйек 2021 жылғы №25 н/қ бұйрығымен лауазымдық нұсқаулықтар қайта бекітілген.
  3. Облыстағы аудан, ауылдардағы кітапханаларға әдістемелік көмектер көрсету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілген;
  4. Мәліметтер базасын «Веб-РАБИС» бағдарламасы арқылы электрондық каталогке құю жұмыстарын үйрету мақсатында Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандарының кітапхана мамандары тағылымдамадан өткізілген
  5. Өлкетану әдебиттерін сандық пішімге көшіру жоспар бойынша жалғасуда.

Жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бағытында атқарылған жұмыстарды ескере отырып, комиссия мүшелері Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасы «аттестатталды» деген шешім қабылдауды ұсынады.

 

Басқарма басшысының

орынбасары, комиссия төрағасы                                                Г.Төлеуғалиева

 

Басқарма басшысының

орынбасары                                                                                   Г. Базаралиева

 

Экономика және қаржы

Бөлімініңбасшысы                                                                            Ж.Жангелді

 

Мәдениет және өнер

саласын дамыту бөлімі басшысы                                                   А. Аширова

 

Архив және құжаттама

бөлімінің басшысы                                                                             Р.Алиев

 

Комиссия хатшысы                                                                        Ғ.Балғабаев

 

Аттестация қортындысы
Дата публикации
10 ноября 2021