«Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ
Ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
Ақтау қаласы «11» мамыр 2022 жыл
«Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 09.03.2022ж. № 22 н/қ бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 14.03. – 25.05.2022ж. аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кезеңі 01.01.2021ж. –31.12.2021ж. аралығы.
Басқарма Маңғыстау облысы бойынша мәдениет, архив ісі және құжат жасау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 03шілдедегі №150 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға. Басқарманың құрылтайшысы «Маңғыстау облысының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Ішкі талдау өткізудің мақсаты мен міндеттері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мақсаты – Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында сыбайлас жемқорлық қатерлерін туындатуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту (жою) бойынша тиісті шаралар қабылдау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басқарма қызметінің келесі бағыттары бойынша жүргізілді.
1) Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бөлімінің жұмысына талдау жүргізу;
2) Кадр қызметінің 2021 жылы атқарған қызметінің анықтамасы;
3) 2021 жылғы мекеменің негізгі құралдарына жүргізілген жылдық түгендеуге (инвентаризация) талдау жүргізу
Басқарма өз қызметін:
- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңына;
- Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңына;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңына;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңына;
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысына;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 209 бұйрығына;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» № 553 бұйрығына және тағы да басқа нормативтік құқықтық актілерге;
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №150 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Персоналды басқару бойынша қызметті зерделеу
«Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - басқарма) персоналды басқару қызметінің 2021 жылғы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау барысында басқарманың персоналды басқару қызметінің жеке құрам, негізгі құрам және іссапар бұйрықтары, қызметкерлердің жеке істері, еңбек өтілін есептеу хаттамалары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және т.б. құжаттар қаралды.
Басқармада барлығы 16 мемлекеттік қызметші, 15 көмекші персонал жұмыс жасайды, олардың арасында ерлі-зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы туралы фактілері анықталған жоқ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні көрінетін жерде орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің нормаларын бұзу, мемлекеттік қызметке өтуге байланысты шектеулерді бұзу фактілері, лауазымдық міндеттерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілер жұмысқа қабалданған кезде мемлекеттік қызметке өтуге қатысты шектеулермен таныстырылған.
Басқармада 2021 жылы Маңғыстау облысының конкурстық комиссиясының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 2 хаттамасы негізінде Б. Манатбеков. басқарманың 15.02.2021 жылғы 9ж/қ бұйрығымен мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалған. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген Б. Манатбековтың құжаттары арнайы тексеруден өту үшін ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданып, департаменттің 31.03.2021 жылғы №134/21/32/855 қ/е хатына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдауға кедергі келтіретін мән-жайлар жоқтығы анықталды. Комиссиясының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 2 хаттамасы негізінде Ғ. Балғабаев басқарманың 16.02.2021 жылғы 15ж/қ бұйрығымен мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалды. Комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 2 хаттамасы негізінде Н. Мергенов басқарманың 28.04.2021 жылғы 43ж/қ бұйрығымен архив ісі және құжаттама бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалды. Мемлекеттік қызмет саласында бірінші рет қабылданғандықтан Б. Манатбеков арнайы тексеруге жіберілген, табыс салығы бойынша декларация тапсыру рәсімдері уақтылы жасақталған. Арнайы тексеріс қортындысы бойынша мемлекеттік қызметке тағайындауға кедергі болатын мән-жайлар анықталған жоқ.
2021 жылы мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің басшысы Ж. Ержігітова 3 наурыз 2021 жылдан бастап басқарманың 26.02.2021 жылғы №22 ж/қ бұйрығымен өз еркімен қызметтен босатылған. Қызметкермен шығу сұхбаты жасақталынған.
Басқарманың 23.08.2021 жылғы №99ж/қ бұйрығының негізінде тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Г. Азан басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 жарлығының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес басқарманың 12.03.2021 жылғы №29 ж/қ бұйрығымен мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің басшысы қызметіне ауысу тәртібімен басқарманың бас маманы А. Аширова тағайындалған.
Көмекші персоналдардан 2021 жылы 6 қызметкер (еден жуушы, статистик) қабылданып, 7 қызметкер (еден жуушы, статистик) өз еркімен, 4 қызметкер атқарып отырған қызметінің қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған.
Жұмысшы тобымен басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бойынша соттылығы болуы, не болмауы туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінінің сайты арқылы тексеріс жүргізілді. Тексеріс қортындысы бойынша бұрын сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталған қызметкерлер анықталған жоқ.
Басқарманың 5 қызметкерін біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткізу жоспарланып, оқуға тиісті барлық қызметкерлер біліктілік арттыру курстарынан өткен.
2021 жылы басқармаға қарасты «Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының» МКҚК-і мен «Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК-і директоры бос орындарына конкурс жарияланып, нәтижесінде құжат тапсырған тұлғалармен әңгімелесу өткізіліп, комиссияның оң қортындысын алған үміткерлер директор қызметіне тағайындалған.
Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ директорының ұсынысы бойынша директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне А.Б. Турарбеков тағайындалған.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 09.02.2021 жылғы №13-3-1-08-612 ұсынысына сәйкес басқармаға қарасты «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» директорына қатысты ұсынымына сәйкес «Маңғыстауреставрация» ЖШС жосықсыз өнім беруші ретінде тану бойынша сотқа шағым түсіру бойынша ұсынысы келіп түскен. Аталған ұсынысқа сәйкес 17.02.2021 жылы №194718104133718 талап арызға сәйкес Маңғыстау облысының экономикалық сотына талап арыз түсірілген. Маңғыстау облысының ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Т. Бекболатовтың 11.05.2021 жылғы №4712-21-5-21/3139 шешіміне сәйкес «Маңғыстауреставрация» ЖШС жосықсыз өнім беруші ретінде тану бойынша талап арыз қанағаттандырудан бас тартылды.
2021 жылы қызмет барысында жіберілген олқылықтары үшін Р. Алиевке, А.Ықыласқызына, Г. Базаралиеваға, Г. Төлеуғалиева «ескерту» түріндегі тәртіптік шараға берілген.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
2021 жылы жеке тұлғадан 40 және заңды тұлғалардан 95 өтініш, барлығы 135 өтініш келіп түскен.
Басқармада жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің уақтылы әрі сапалы орындалуына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңының талаптары сақталуына басшылық тарапынан үнемі бақылау жасалынып отырылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар
Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 4 наурыз 2021 жылы басқарманың жанынан өңір ақсақалдарының, мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен «Мәдениет адалдық алаңы» кабинеті ашылды.
2021 жылдың 19 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ. Бәйгебаев және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі И. Есенәлі, басқармаға қарасты мекеме, кәсіпорын басшыларымен және мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына енгізілген өзгерістер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың 18 наурыз күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті басшысы Б.Н. Жылқыбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі И. Шагирбаев Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері, мекеме, кәсіпорын басшыларына сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу шараларын қабылдау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аптаның әр сәрсенбі күні аппараттық жиналыста сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін қызметкерлермен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
«Мәдениет адалдық алаңының» жоспарына сәйкес 2 шілде күніне өңір ақсақалдарымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ақпараттық түсіндіру іс-шараларын өткізді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың 26.03.2021 жылғы №3586-Д//413п.116 тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың 15 сәуір -11 мамыр аралығында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау барысында басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару бойынша қызметті зерделеу, көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізілді. Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сонымен қатар басқармаға қарасты кәсіпорындарда ішкі талдау өткізіліп. Нәтижесінде Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрынында бас бухгалтер (261 707,36 теңге) және кадр маманында (198 809,79 теңге) алынбаған ескертулері барына қарамай сыйақы төленгені анықталды. Ішкі талдау қортындысы бойынша осы екі тұлға өз еркімен артық аударылған сыйақыны ай сайын жалақысынан ұсталып отыр. (бас бухгалтер ай сайын 22 476 теңге ұсталып қазіргі таңда 202 452 теңге ұсталған, кадр маманынан ай сайын 16 567 теңге ұсталып қазіргі таңда 149 124 теңге мемлекетке қайтарылды).
Басқармаға қарасты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңына сәйкес «комплеанс» қызметі құрылып, мекеме басшыларының бұйрығымен қызметкердің лауазымдық нұсқаулығына енгілді.
Сондай-ақ Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында 03.02.2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Мәдениет және спорт министрлігімен «Парасат жолы» орталықтары арқылы парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адалдық, идеологиясын насихаттау және кез-келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша өзара ынтымақтастық.
Жоба аясында аудан орталығындағы кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылды. Ақтау қалалық орталық кітапханасында ақпанның 17-ші жұлдызында «Парасат жолы» жаңа жобасының аясында «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында ұйымдастырылған орталықтың ашылу салтанаты өтті. Шараға Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досов Болат Бексиыкович, Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Базархан Мирас Маратұлы, Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің найб имамы Қалдыбаев Наурыз, Балалар әдебиетінің жазушысы Көмек Ыбырайұлы, Ақтау қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі, Ақтау қаласы әкімінің кеңесшісі Айтбай Қанат Сәлімгерейұлы қатысты.
2021 жылдың 23 ақпан күні Мұнайлы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Адалдық алаңы" жобасы аясында кітапханалар жанынан "Парасат жолы" өңірлік бұрышының ашылуына орай "Құқық - әділет пен парасат жолы" атты сұхбат өткізілді.
19 ақпан күні Қарақия аудандық орталық кітапханасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында "Адалдық алаңы" аясында "Парасат жолы" орталығының I-ші отырысы болып өтті.
Наурыз айында облыстық жастар ресурстық орталығында «Парасат жолы» жобасының мақсаты талқыланған кең көлемдегі жиын өтті.
Жиынға басқарма басшысының орынбасары Гүлзайда Төлеуғалиева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали, «Парасат жолы» жобасының жетекшісі, жазушы Кенжебек Сержан, өлкетанушы Мұрат Ақмырзаев, кітапхана қызметкерлері мен жастар қатысты.
Жиында адалдық пен парасаттылықты дәріптейтін жобаның алдағы мақсаттары мен облыс көлемінде атқарылатын жұмыстары туралы айтылды.
Сондай-ақ, өлкетанушы Мұрат Мырзағалиұлы қоғамда әділдік қағидаттарын қалыптастыру, парасаттылықтың деңгейін көтеру, жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жоба жетекшісі әрі жазушы, өлкетанушы Кенжебек Сержанұлы тұрғындарды парасат жолын қолдауға шақыра келе, алдағы уақытта нәтижелі жұмыс істейтінін атап өтті.
3 наурыз күні «Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында» «Алғыс айтам саған, оқырман!» атты кеш өтті. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Жігер» поэзиялық клубы мүшелері қатысты. Кеш барысында кітапханадағы «Парасат жолы» орталығы туралы, жаңадан іске қосылған жобаның мақсаты туралы айтылды.
9 наурыз күні Маңғыстау ауданы кітапханасында ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ертілеуов, аудандық мешіт имамы Қ.Амалбайұлы, аудандық әділет басқармасы маманы, аудандық «Жаңа өмір» газеті қызметкерлері қатысуымен «Парасат жолы» орталығы ашылды.
27.10.2021ж. Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жұмыстары бойынша облыстық семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Бүркітұлы Мырзағали, облыста мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша үйірмелерді жүргізуші заңды тұлғалардың басшылары мен өкілдері, сонымен қатар, мәдениет саласы мекемелерінің мамандары қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетілген:
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметтері тегін түрде Егов, Е- лицензия және азаматтарға арналған үкімет алатформасымен электронды түрде, сондай-ақ басқарманың кеңсесі арқылы қағаз түрінде көрсетіледі.
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» қызметі тек қана электронды нұсқада, қалған 3 қызмет электронды және қағаз нұсқада көрсетіледі.
Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қызметтерді көрсетуде ақпараттық жүйелерде мәселелер анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымның жұмысы туралы есептік мәліметтер дұрыс берілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы атқарылған жұмыстар қорытындысына сәйкес:
Барлық көрсетілген қызметтер саны – 4718 (анықтама: «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» қызметі – 4700, «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» - 16, «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» - 2, «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» қызметтері бойынша өтініштер келіп түспеген). Оның ішінде: Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 1755; Электронды форматта көрсетілген қызметтің саны – 2963; Бас тартулар – 48.
Сонымен қатар, 21.01.2021 күні «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Түпқараған аудандық филиалында, «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» КММ-ның Түпқараған аудандық филиал басшысы Ж. Қыдырбаева «Адал көмек» жобасы аясында «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі бағыттары» тақырыбында тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді.
17.02.2021 күні Басқарма басшысы П.Сармурзина және бөлім басшысы А.Ықыласқызы «ANTICOR LIVE» жобасы аясында «Өңірдегі мәдениет жаңалықтары» тақырыбында тікелей эфирде басқарма жаңалықтарымен, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттармен бөлісті.
22 ақпан күні Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Мұнайлы аудандық филиалының фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында «Архивтік анықтамаларды алу тәртібі» тақырыбында бейнеролик жарияланды. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.
26 наурыз 2021 жылы басқармаға қарасты Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Маңғыстау аудандық филиалының архивистері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалы Маңғыстау аудандық бөлімінің қызметкерлерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
2021 жылдың 10-12 наурыз аралығындау басқарманың архив және құжаттама бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас маманы А.Аширова «Инклюзивті қоғам. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара іс-қимыл» тақырыбында біліктілік арттыру семинарынан өтті.
18.04.2021 күні басқарма мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға Мұнайлы аудандық мәдениет, спорт, дене шынықтыру бөлімінің басшысы Е.Құлиев, аудандық мәслихат хатшысы, ауданға қарсы ауыл әкімдері, аудандық ішкі саясат, жер қатынастары бөлімінің мамандары, ақсақалдар алқасының төрағасы мен қоғамдық кеңес мүшелері, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы қызметкерлері қатысты.
22.04.2021 күні Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлкеттік корпарациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалы өкілі Ж.Жанкесеевтің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті. Маңғыстау облысының әкімі аппаратының басшысы Н. Тәжібаевқа және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлкеттік корпорациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Е. Байжігітке дөңгелек үстел хаттамасы жолданды.
24.09.2021 ж. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Мұнайлы газетінің № 41(917) санына Мұнайлы аудандық филиалы басшысының Т. Ташенованың «Архивтік анықтаманы алу тәртібі» атты мақаласы жарияланды.
2021 жылдың қорытындысына сай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша басқарманың жұмысы туралы есебіне келесідей өзгертулер енгізілді:
12.1 және 12.2 бөліміндегі бас тартулар көрсетілген сандық мәліметтер көрсетілген қызметтер тармақтарының мәніне қосылып, 11.3 және 11.2 бөліміндегі сандық мәліметтері толықтырылып, сәйкесінше 11- бөлімдегі барлық көрсетілген қызметтер саны толықтырылып, өзгертілді.
Маңғыстау облысы мәдениет, архив және құжаттама басқармасымен "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Қазіргі таңда, шет елдеріне көшіп немесе уақытша жолға шығып жатқан жергілікті тұрғындар өздерімен домбыра, сәукеле, сандық және т.б заттарға мәдени құндылығы жоқтығын растайтын куәлігін алуға өтініш хаттар жолдайды. Шығарылатын заттар көбінесе дүкен, базардан алынған немесе жеке қолданыстағы құрал – жабдықтар.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету комиссия хаттамасының негізінде жүзеге асады.
Аталған мәселеге байланысты, шетелдерге шығарылатын жеке қолданыстағы болмаса дүкендерден сатып алынған құрал-жабдықтар, музыкалық аспаптарын комиссия қарауына ұсыну немесе басқармадан мәдени құндылығы жоқ екендігін растайтын ілеспе хатпен жауап қайтарған қаншалықты заңды екені жөнінде түсіндірме беру бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне 03.11.2021 жылы №02-15-656 хат жолданды.
Сондай-ақ Мәдениет туралы заңының 32 бабының 2 тармағының 13 тармақшасында материалдық мәдени құндылықтарға «Кез келген негіздегі және кез келген материалдан жасалған қол жұмысының полотнолар, картиналар және суреттер түріндегі көркем құндылықтары» жатады делінген. Осыған байланысты жергілікті суретшілердің салған суреттері, полотналары мәдениет құндылықтары болып табылғандықтан осы заңнын 35 бабының 1 – тармағына сәйкес шет елге алып кетуге тиым салынады.
Басқарманың жанындағы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы шет елге уақытша алып кететін мәдениет құндылығының жәй күйін, тасымалдау тәсілін т.б. қарап уақытша алып кетуге куәлік берумен және елге қайта оралғаннан кейінгі олардың жәй-күйін салыстырып акт жасақтау арқылы қабылдап алумен айналысады.
Алайда шет елден келген туристер және шет елге шығатын ҚР азаматтарынан Маңғыстау суретшілерінің қолжазбаларын шет елге алып кету бойынша өтініштер көптеп түседі. Түскен өтініштердің мәдениет құндылығын анықтау комиссияның құзырына жатпайды.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс
шеңберіндегі жұмыстар бойынша
2021 жылы облыстағы 4-17 жастағы 6 236 бала мен жасөспірім отыз түрлі 127 шығармашылық үйірмемен қамтылды. Жыл соңында 47 өнім беруші қызмет көрсетті. Өнім берушілердің қызметі жергілікті бюджеттен бөлінген 253,4 млн,тг. көлеміндегі қаражатпен толықтай төленді (шілде-желтоқсан).
2021 жылы өнім берушілердің қызметіне қатысты жеке заңды тұлғалардан 1 арыз түскен (Ата-ана Ж. Таухановамен 30.08.2021ж. келісім-шартқа қол қойылған, алайда ЖК «Айтмұратов» ваучерді 23.08.2021ж. қабылдап, ата-анадан тамыз айының табеліне қол қоюды талап еткен). Осыған байланысты жеке кәсіпкермен заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арызға заңнамамен қарастырылған мерзімде тиісті жауап берілді.
Жалпы 2021 жылы облыс бойынша мәдениет саласы ұйымдарының өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар басшылары мен өкілдеріне (әлеуетті өнім берушілер - үйірмелерді ұйымдастырушыларға), сонымен қатар, ата-аналар – облыс тұрғындарына да ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 19 іс-шара: 5 «дөңгелек үстел», 8 семинар-кеңес, қала/аудандарда 6 көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберіндегі жұмыстарды іске асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тарапынан artsport.kz порталы жасақталып, іске қосылған. Жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберіндегі жұмыстарды аталған портал арқылы жүргізу тапсырылып, тиісті құқықтық нормативтік актілерді басшылыққа алу тапсырылған (1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығы; 2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығы; 3. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 111 бұйрығы; 4. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығы).
Аталған құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген кейбір мәселелер іс жүзінде artsport.kz порталында іске асырылмай келеді.
Атап айтқанда, бұл жағдай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2021 жылғы №122 бұйрығымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларының келесі тармақтарына қатысты:
- 10-т. «...Баланың заңды өкілінің арыз беруін оның өзі не баланың заңды өкілі берген нотариат куәландырған сенімхат негізінде уәкілетті адам жүзеге асырады. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде оператор кезектегі өтініштің және ол бойынша берілген ваучердің күшін жояды, сондай-ақ 6 ай мерзімдік талап бұзушылық жасаған адам үшін кезекке қоюға тыйым салады» - біріншіден, оператордың тексеруге құқығы жоқ; екіншіден, ваучердің күшін жою мүмкіндігі тек өнім берушіге берілген. Сондай-ақ, осы тармақта «...Бала көшкен жағдайда баланың заңды өкілі операторға кезекке қоюға бұрын берілген өтінішін кері қайтарып алу туралы электрондық өтініш жібереді және баланың жаңа тұрғылықты жері бойынша кезекке қоюға қайтадан өтініш береді» деген тәртіп те іс жүзінде іске асырылмауда;
- 11-т. «Оператор шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегін электронды түрде ақпараттық жүйеде жүргізеді...» - іс жүзінде кезек автоматты түрде порталмен қалыптастырылуда;
- 12-т. «Орындарды бөлу және ваучерлерді беру Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша күн сайын сағат 18:00-де ақпараттық жүйемен автоматты түрде жүзеге асырылады...» - іс жүзінде ваучерлер кез-келген уақытта автоматты түрде беріледі;
- 13-т. «Жыл сайын 1-31 тамыз және 1-28 ақпан аралығында оператор бұрын кезекке қоюға өтініш берген, кезекте тұру мерзімі үш айдан асатын және баланы шығармашылық үйірмелерге қабылдау үшін ваучерлер алынбаған балалардың заңды өкілдерінің кезекті электрондық растау рәсімін жүзеге асырады. Баланың заңды өкілі электрондық түрде кезекте тұруға одан әрі мүдделілігін растайды немесе баланың заңды өкілінің растауы болмаған жағдайда оператор өтінішті кезектен алып тастайды...» - іс жүзінде іске асырылмауда;
- 14-т. «Кезекке қоюға өтініш берген кезде баланың заңды өкілі оның отбасы тұратын аудан (шағын учаске) бойынша шығармашылық үйірмелерге қажеттілігі туралы ақпараты бар электрондық сауалнаманы толтырады» - порталда ондай қызмет жоқ;
- 17-т. «...Мемлекеттік тапсырыс міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық жүйенің құрамдас бөліктері:
1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы Интернет желісін пайдаланушылармен өзара қарым-қатынаста болады";
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға" сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда ақпараттық қауіпсіздікті екінші деңгейден төмен емес ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігіне ақпараттық қауіпсіздікке жүргізілген сынақтардың сәтті нәтижесі туралы акт алады;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпарат алмасуды және мемлекеттік білім беру мен мемлекеттік тапсырыс алуға кезекте тұрған және алатын балалар, осы процеске қатысатын өнім берушілер мен олардың қызметкерлері бойынша ақпаратты салыстырып тексеруді, сондай-ақ бала баратын орта білім беру ұйымы туралы мәліметтерді, оның қорғаншылары мен қамқоршылары туралы мәліметтерді, оның ағымдағы және тарихи үлгерімі туралы деректерді алуды жүзеге асыру үшін интеграцияланады;
4) баланың денсаулық жағдайы туралы және баланың эпидемиологиялық ортасын талдау туралы анықтаманы электрондық түрде алу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады...» - іс жүзінде іске асырылмауда.
Қорытынды
Ішкі талдаудың қортындысы бойынша жұмысшы тобы басқарманың атқарып отырған қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдымау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырылатындығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары, жиналыстар үнемі өткізіліп тұратындығын анықтады.
Қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне алып келетін жағдайлар анықталған жоқ.
ҰСЫНАМЫЗ:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағымдардың мерзімінде қаралуына, орындалуына бақылауды күшейту;
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары» жетілдіру бойынша және «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» туралы заң нормаларын түсіндіру бойынша ұсыныс хат жолдау.
- Басқарманың қызметкерлері арасында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын қатаң сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыру.
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
Г. Б. Төлеуғалиева |
|
|
Г. Ж. Базаралиева |
|
|
А.М. Аширова |
|
|
А. Ықыласқызы |
|
|
Ж. Д. Жангелді |
|
|
Р. Т. Алиев |
|
Жұмыс тобының хатшысы: |
Ғ.И. Балғабаев |