Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын
аттестаттаудан өткізуге байланысты
АНЫҚТАМА
09.09.2021
ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 ақпандағы № 127 қаулысын басшылыққа ала отырып, 2021 жылғы «27» қаңтардағы №12н/қ бұйрығына сәйкес басқарма жанынан құрылған аттестаттау комиссиясы Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік тарихи – мәдени қорығының» 2016-2020 жылдар аралығындағы негізгі қызметі бойынша құжаттары тексерілді.
Мемлекеттік тарихи – мәдени қорығы мекеме жарғысына сәйкес жұмыс жасап келеді. 2016-2020 жылдар аралығында қорық жұмысы Басқармамен бекітілген жоспарға сәйкес жасалып келген.
«Мемлекеттік тарихи – мәдени қорығы» 2016 жылы ескерткіштерді анықтау, зерттеу, алғышқы есепке алу, құжаттандыру, техникалық жағдайын тексеру мақсатында өткізілген іссапарлар нәтижесінде жинақталған ескерткіштердің құжаттарын (крока, негізгі жобасы, қимасы, жобасы және археологиялық артефактер т.б) және іссапардың ғылыми есебін дайындап, қор секторына 2016 жылы 23 қорымдардың негізгі жобасы жаңғыртылған, 2017 жылы 23 қорымның және 1 қалашықтың қорғау аймақтарының шекарасын Маңғыстау облысы картасына енгізу мақсатында негізгі жобасы өнделген (жоспар ай сайын 2 қорымның жобасы), дала жұмыстары барысында 24 ескерткіштің негізгі жобасы жаңғыртылып көшірмесі дайындалған (жоспар 24), 359 есеп карточкалары жаңғыртылған (жоспар 359). 2018 жылы 43 қорымның негізгі жобалары жасақталған (жоспар 43), 1 мешіт, 42 қорымның қималары мен жобалары жасалды (жоспар 1 мешіт, 42 қорым), 856 есеп карточка жаңғыртылды (жоспар 856). 2019 жылы 36 қорымдардың негізгі жобалары жасалды (жоспар әр ай сайын 3 қорымнан), 1082 есеп карточка жаңғыртылды (жоспар 1082). 2020 жылы 36 қорымның негізгі жобалары жасалған (жоспар әр ай сайын 3 қорымнан), 43 қорымның негізгі жобалары жасалған (жоспар 43), 1 мешіт, 42 қорымның қималары мен жобалары жасалды (жоспар 1 мешіт, 42 қорым), 860 есеп карточкалары жаңғыртылған (жоспар 860).
Жыл сайынғы ұйымдастырылған экспедициялар және анықталған ескерткіштер 2016 жылы 6 экспедиция (жоспар 6), 2017 жылы 6 экспедиция (жоспар 6), 2018 жылы 6 экспедиция (жоспар 6), 2019 жылы 5 экспедиция (жоспар 5), 2020 жылы 2 экспедиция (жоспар 6) карантин жағдайына байланысты орындалмаған.
Мемлекеттік тарихи – мәдени қорығы 2016 жылы 305 экскурсия (жоспар 410), 2017 жылы 529 экскурсия (жоспар 415), 2018 жылы 506 экскурсия (жоспар 420), 2019 жылы 455 экскурсия (жоспар 440) 2020 жылы 77 экскурсия (жоспар 460) карантин жағдайына байланысты қысқарған.
Қорыққа келушілер саны 2016 жылы 7524 (жоспар 10000), 2017 жылы 13219 (жоспар 10100), 2018 жылы 12595 (жоспар 10500), 2019 жылы 11567 (жоспар 11000) 2020 жылы 4821 (9 ай) карантин жағдайына байланысты қысқарған.
Мемлекеттік тарихи – мәдени қорығы жасаған ғылыми – реставрациялық жұмыстар. 2019 жылы Түпқараған ауданына қарасты «Айымбет» некрополінде (9 объектке реставрция жасалды), Мұнайлы ауданына қарасты «Жолжан» некрополінде (5 объектке реставрция жасалды), 2020 жылы Маңғыстау ауданындағы Қызылқала қалашығы, Акмыш сайы ескерткішіне реставрация жасалды.
Анықталған ескерткіш саны 2016 жылы 25 (жоспар 25), 2017 жылы 16 (жоспар 16), 2018 жылы14 (жоспар 14), 2019 жылы 9 (жоспар 8), 2020 жылы 7 тарихи – мәдени ескерткіш анықтау жоспарланған, алайда карантин жағдайына байланысты орындалмаған.
Қорықтың қорына қабылданған мұрағаттық құжат саны 2016 жылы 2335 (жоспар 2200), 2017 жылы 2200 (жоспар 2200), 2018 жылы 2002 (жоспар 2000), 2019 жылы 1667 (жоспар 1600), 2020 жылы 850 (жоспар 1600) карантин жағдайына байланысты орындалмаған.
Мемлекеттік тарихи – мәдени қорығы өткізген әрбір іс-шара алдын-ала жоспарланып мекеме басшысының қолы қойылып мөрімен бекітіліп отырған.
Қорық құрылғаннан бастап, облыс аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерделеу және осымен байланысты қорық заттары мен артефактерін сақтау, экскурсиялар мен лекциялар, мәдени-көпшілік шараларды, қорық ғимаратында және одан тыс жерлерде тұрақты және көшпелі көрмелерді, бірлескен іс-шараларды тұрақты ұйымдастырып өткізген.
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ әкімшілік-кадр мәселелелеріне байланысты құжаттары қаралды. Тексеру барысында төмендегідей құжаттары қаралды:
Мекеме бұйрықтары талапқа сай 2 папкаға бөлініп тігілген яғни жеке құрам, негізгі құрам туралы бұйрықтар. Бұйрықтарды шығару кезінде мазмұнына мән беріліп, оны қабылдауға негіз болған заң нормалары басшылыққа алынған.
Бұйрықтардың сандары реттілігіне байланысты қойылмаған. Мысалы 2016 жылғы негізгі құрам № 1 бұйрығына алфавиттік ретпен (А,Б,В...) 11 рет шығарылған, № 2 бұйрық 3рет, № 3 бұйрық 8 рет, № 4 бұйрық 4 рет, № 5 бұйрық 9 рет қайталанған т.б.
Мекеменің әкімшілік-кадрлық құрамы. Мекеменің штат кестесі бойынша 57 бірлікті құрайды. Есепті кезеңде қызмет ететіндер орташа саны 40 адам. Оның ішінде жоғары білімі бар қызметкерлер саны - 37, арнаулы орта білімі бар қызметкерлер – 3. Бос қызмет орны – 17 бірлікті құрайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» сәйкес бос қызмет орындарына мамандар тарту жүргізілмеген.
Қызметкерлерді біліктілік арттыру курстарына жіберілгені туралы құжат көшірмелері тапсырылмады.
Еңбек өтілдерін анықтау комиссиясының хаттамасы қате жасақталған. Санаттары мен еңбек ақысын және денсаулығын оңалтуға арналған арнайы коэффициенттері дер уақытында өзгертіліп отырылмайтыны анықталды.
Қызметкерлердің бекітілген лауазымдық міндеттері туралы құжат көшірмелері тапсырылмаған.
Еңбек шарттары жасақталған.
Мекеменің құжаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде тексеруде болғандықтан кейбір құжаттар тапсырылмады.
Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін төмендегідей бюджеттік бағдарлама бойынша іске асырады:
2016 жылы «005 Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 59 428,8 мың тг бөлініп, 58 857,2 мың теңге игерілді. Дебиторлық берешек жоқ. Коммуналдық және байланыс қызметтеріне кредиторлық берешек 121,3 мың теңгені құрайды, желтоқсан айының шот-фактуралары қаңтар айында берілуіне орай.
2017 жылы «005 Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 56 797,5 мың тг бөлініп, 52 114,7 мың теңге игерілді. Дебиторлық берешек жоқ. Кредиторлық берешек 4758,9 мың теңгені құрайды, оның ішінде коммуналдық қызметке 86,2 мың теңге, байланыс қызметіне 71,4 мың теңге желтоқсан айының шот-фактуралары қаңтар айында берілуіне орай, 222,1 мың теңге қор сатып алуға, өзге қызметтерге 720,7мың теңге, негізгі құралдар алуға 358,5 мың теңге, автокөлік сатып алуға 3300,0 мың теңге КСН қаражат болмауына байланысты кредиторлық берешек.
2018 жылы «005 Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 144 290,0 мың тг бөлініп, 121 793,8 мың теңге игерілді. Дебиторлық берешек жоқ. Кредиторлық берешек 22 645,2 мың теңгені құрайды, оның ішінде коммуналдық қызметке 139,8 мың теңге, байланыс қызметіне 63,2 мың теңге, желтоқсан айының шот-фактуралары қаңтар айында берілуіне орай, 22 442,2мың теңге КСН қаражат болмауына байланысты кредиторлық берешек.
2019 жылы «007 Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 199 691,0 мың тг бөлініп, 188 842,6 мың теңге игерілді. Дебиторлық берешек жоқ. Кредиторлық берешек 10 402,9 мың теңгені құрайды, оның ішінде коммуналдық қызметке 81,5 мың теңге, байланыс қызметіне 28,1 мың теңге желтоқсан айының шот-фактуралары қаңтар айында берілуіне орай, 10293,3 мың теңге КСН қаражат болмауына байланысты кредиторлық берешек.
2020 жылы «007 Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 93 782,3 мың тг бөлініп, 93 777,5 мың теңге игерілді. Дебиторлық берешек жоқ. Кредиторлық берешек 145,8 мың теңгені құрайды, оның ішінде желтоқсан айындағы коммуналдық қызметке 103,9 мың теңге, байланыс қызметіне 27,4 мың теңге, өрт дабыл қызметіне 14,5 мың теңге, желтоқсан айының шот-фактуралары қаңтар айында берілуіне орай.
Барлық кредиторлық берешектер келердің жылдың қаңтар-ақпан айларында толықтай төленді.
Мекеменің негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтардың сақталуы мен есептен шығаруының заңдылығын сақтау – ҚР 28.02.2007 Ж №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы негізінде туындайтын нұсқаулықтар мен ҚР-ның өзге де заңнамаларына сай.
Негізгі құралдардың инвентарлық карточкалары жасақталған және инвентарлық нөмір берілген. 01.01.2021 жылға бастапқы құны 34 548,3 мың теңгені құрайтын 520 атаулы негізгі құралдар есепте бар, жыл сайын амортизация есептелген.
Облыстық мәдениет басқармасының жыл сайынғы түгендеу жұмыстары жүргізуге беріліп отырған 31.10.2016ж №103н/қ, 03.11.2017ж №68н/қ, 05.11.2018ж №60н/қ, 08.11.2019ж №20н/қ, 29.09.2020ж №80н/қ бұйрықтарына сәйкес 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде негізгі құралдарға түгендеу жүргізілген. Түгендеу жұмыстарын аяқтау туралы және артықшылықтар мен жетіспеушіліктер анықталмағандығы жөнінде қорықтың 26.12.2020ж №28/а/н/қ бұйрығы шығарылған, 2016-2019ж аралығында түгендеу жұмыстарын аяқтау туралы бұйрық шығарылмаған. Жылдық түгендеудің қорытындысы ЕССО бағдарламасы арқылы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-на жіберіліп отыр.
Сондай-ақ, тозығы жеткен негізгі құралдар уақытылы шығысталуда.
2016 жылдың 01 қаңтар айына негізгі құралдар - 35 626,1 мың теңгені құрады. 2016 жылдың есепті кезеңінің соңына - 35 626,1 мың теңгені құрады. 2016 жылы негізгі құралдар сатып алынбаған және шығысталмаған.
2017 жылдың 01 қаңтар айына негізгі құралдар - 35 626,1 мың теңгені құрады. 2017 жылдың есепті кезеңінің соңына - 38 675,9 мың теңгені құрады. Облыстық қаржы басқармасының 01.11.2017 жылғы №48 бұйрығына сәйкес 1990,0 мың теңгеге Уаз Патриот автокөлігі есептен шығарылған. Сонымен қатар, 5039,7 мың теңгеге негізгі құралдар сатып алынды. Оның ішінде, 1739,7 мың теңгеге 30 дана негізгі құралдар, 3300,0 мың теңгег Лада автокөлігі сатып алынған.
2018 жылдың 01 қаңтар айына негізгі құралдар - 38 675,9 мың теңгені құрады. 2018 жылдың есепті кезеңінің соңына - 48 099,2 мың теңгені құрады. 3423,5 мың теңгеге негізгі құралдар есептен шығарылды (МО қаржы басқармасының 27.09.2018ж №02-08/08-16/1242 хатына сәйкес) және 58,0 мың теңгеге 1 дана модем сатып алынған. 13 560,2 мың теңгеге қорлар негігі құралдарға аударылды, қаржы басқармасының 05.03.2018 жылғы №02-08/08-16/294 хатына сәйкес 678,9 мың теңгеге негізгі құралдар қорға аударыды.
2019 жылдың 01 қаңтар айына негізгі құралдар - 48 099,2 мың теңгені құрады. 2019 жылдың есепті кезеңінің соңына - 35 690,3 мың теңгені құрады. 3846,5 мың теңгеге Ssang Yong автолөлігі есептен шығарылды (МО қаржы басқармасының 04.10.2019ж №34 бұйрығы) және 240,0 мың теңгеге 5 дана негізгі құралдар сатып алынған. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 12.12.2018 жылғы №1 құжатына (накладная) сәйкес 6998,6 мың теңгеге 7 дана тарихи-мәдени қорымдарға реставрациялық жұмыстар жасауға ЖСҚ балансқа қабылданған және 2497,6 мың теңгеге ЖСҚ шығысталған.
2020 жылдың 01 қаңтар айына негізгі құралдар - 35 690,3 мың теңгені құрады. 2020 жылдың есепті кезеңінің соңына - 34 548,5 мың теңгені құрады. 1820,1 мың теңгеге негізгі құралдар есептен шығарылды (МО қаржы басқармасының 22.10.2020ж №02-07/07-16-2320 хаты) және басқарманың 21.09.2020 жылғы алу беру актісне сәйкес 678,3 мың теңгеге негізгі құралдар балансқа алынған.
Қорықтың қызметкерлерінің еңбекақысы 23.11.2015 жылғы №414 ҚР Еңбек Кодексіне және «Азаматтық қызметкерлерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес штаттық кесте, бұйрық, жұмыс уақытын есептеу табелінің, еңбек өтілі, азаматтық қызметшілердің лауазымдық ақысын есептеу коэффициенті негізінде есептелген.
ҚР Үкіметінің 19.12.2019 жылғы №940 қаулысына сәйкес ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізіліп, 7 қосымшаға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және архив ұйымдарының басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық ақыдан 35% қосымша ақы төлеу тағайындалды. 2020 жылдың штаттық кестесі жасақталғанда 35% қосымша ақы 23 бірлікке есептелген.
2016 жылы бекітілген штаттық кестесінде 30 бірлік, жылдық жалақы қоры 34 332,9 мың теңгені құрады.
2017 жылы бекітілген штаттық кестесінде 55 бірлік, жылдық жалақы қоры 37 147,8 мың теңгені құрады.
2018 жылы бекітілген штаттық кестесінде 57 бірлік, жылдық жалақы қоры 38 283,7 мың теңгені құрады.
2019 жылы бекітілген штаттық кестесінде 57 бірлік, жылдық жалақы қоры 44 683,9 мың теңгені құрады.
2020 жылы бекітілген штаттық кестесінде 57 бірлік, жылдық жалақы қоры 62 389,3 мың теңгені құрады (01.01.2020ж бастап лауазымдық ақыдан 35% қосымша ақы қосылуына байланысты өсім).
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 7 қосымшасына сәйкес, лауазымдық ақыдан 35% қосымша ақы басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне төлеу қажеттігі айқындаған. Алайда, басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне жатпайтын бас есепшіге де есептелген. Қаңтар-тамыз айларында ай сайын 37 039,82 теңгеден, барлығы 292 951,3 мың теңге (начисление) есептелген.
Қызметкерлермен іс сапар бойынша шығындарын өтеу бекітілген аванстық есепке сәйкес «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының және Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысының негізінде жүргізіледі.
2016 жылы іс сапар шығындары 2037,3 мың теңге, 2017 жылы 1750,4 мың теңге, 2018 жылы 2531,8 мың теңге, 2019 жылы 2759,0 мың теңге, 2020 жылы 934,1 мың теңге жұмсалған.
Тексеріс барысында кемшіліктер анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2016 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары қорық директорының 29.12.2015 жылғы №44 н/қ бұйрығымен бекітілген. 2016 жылы барлығы 15 931,9 мың теңгеге 57 келісім шарт жасақталған. Оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 3286,6 мың теңгеге 6 келісім шарт;
- тікелей келісім шарт жасасу тәсілімен 12 645,3 мың теңгеге 51 келісім шарт.
2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары қорық директорының 26.12.2016 жылғы №42 н/қ бұйрығымен бекітілген. 2017 жылы барлығы 16 195,0 мың теңгеге 86 келісім шарт жасақталған. Оның ішінде:
- конкурс тәсілімен 4890,0 мың теңгеге автокөлік сатып алуға 2 келісім шарт;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 1443,4 мың теңгеге 7 келісім шарт;
- тікелей келісім шарт жасасу тәсілімен 9861,6 мың теңгеге 77 келісім шарт.
2018 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары қорық директорының 22.12.2017 жылғы №54 н/қ бұйрығымен бекітілген. 2018 жылы барлығы 100 049,8 мың теңгеге 81 келісім шарт жасақталған. Оның ішінде:
- конкурс тәсілімен 4003,3 мың теңгеге 2 келісім шарт;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2209,6 мың теңгеге 5 келісім шарт;
- тікелей келісім шарт жасасу тәсілімен 93 836,9 мың теңгеге 74 келісім шарт.
2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары қорық директорының 25.12.2018 жылғы №29 н/қ бұйрығымен бекітілген. 2019 жылы барлығы 136 252,1 мың теңгеге 118 келісім шарт жүзеге асырылған. Оның ішінде:
- конкурс тәсілімен 28 997,1 мың теңгеге 3 келісім шарт;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 24 419,8 мың теңгеге 7 келісім шарт;
- тікелей келісім шарт жасасу тәсілімен 82 835,2 мың теңгеге 108 келісім шарт.
2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары қорық директорының 25.12.2019 жылғы №48 н/қ бұйрығымен бекітілген. 2020 жылы барлығы 29 116,8 мың теңгеге 60 келісім шарт асырылған. Оның ішінде:
- конкурс тәсілімен 10 293,2 мың теңгеге 1 келісім шарт;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 11 741,3 мың теңгеге 11 келісім шарт;
- тікелей келісім шарт жасасу тәсілімен 7082,3 мың теңгеге 48 келісім шарт.
Мемлекеттік сатып алулар ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес жүргізілген.
Тексеру нәтижесінде мекеме басшысына төмендегідей ұсыныстар беріледі:
|
Басқарма басшысының орынбасары, комиссия төрағасы
|
Г.Төлеуғалиева |
|
Басқарма басшысының Орынбасары
|
Г. Базаралиева |
|
Экономика және қаржы Бөлімініңбасшысы
|
Ж.Жангелді |
|
Мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімі басшысы
|
А. Аширова |
|
Архив және құжаттама бөлімінің басшысы
|
Р.Алиев |
|
Комиссия хатшысы |
Ғ.Балғабаев |