Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының нәтижелері бойынша бағалау

ҚР Қоғамдық даму Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларының 17-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 75 н/қ бұйрығымен тәуелсіз сарапшылар кеңесі құрылды.

  1. Сәрсембаева Гүлшат Мизанбайқызы – Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі;

2.Сапарова Злиха Теңелбайқызы – Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары;

  1. Дабысова Нұргүл Жолдықызы – Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми – әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
  2. Жалғасбай Ғалия Тұрарқызы – «Маңғыстау облысы бойынша Азамат дауысы» жеке меншік мекемесінің директоры;
  3. Бопанаева Бақтылы – Қолөнер шебері.

Сарапшылардың 2-уі дәлелді себептермен қатысқан жоқ.

2 желтоқсан күні Г.М Сәрсембаева, З.Т. Сапарова, Б. Бопанаева Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының нәтижелері бойынша бағалау жүргізді.

Бағалаудың нәтижесі:

  1. «Қолөнер жанрында бұрын белгісіз 10 талантты анықтау және оқыту» лоты 78,8 %-ға бағаланды;
  2. «Айтыс жанрындағы бұрын белгісіз 15 жастан жоғары 10 талантты тұлғаны анықтау және оқыту» лоты 95,5 %-ға бағаланды.
Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының нәтижелері бойынша бағалау
Дата публикации
03 декабря 2021