МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2021 ЖЫЛДЫҢ III ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген.
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасыны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 229/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі:
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;
2. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;
3. «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру».
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2021 жылдың III тоқсан қорытындысына сәйкес:
Барлық көрсетілген қызметтер саны – 3183
Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 926.
- ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны – 410.
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1847.
- Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдерді бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
- Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0.
- Бас тартулар – 36 (дәлелді, құжаттардың толық болмауы себебінен).
- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына шағымдар саны – 0.
Сонымен қатар, 24.09.2021 ж. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Мұнайлы газетінің № 41(917) санына Мұнайлы аудандық филиалы басшысының Т. Ташенованың «Архивтік анықтаманы алу тәртібі» атты мақаласы жарияланды.