Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2021 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары алға қойған жоспарлары туралы ақпараты

Маңғыстау облысының мәдениет, өнер және архив ісі жүйесіндегі 126 мемлекеттік мекемелермен 2021 жылдың 7 айында келесідей жұмыстар атқарылды:      

Жоспарға сәйкес облыс көлемінде мерекелік даталар мен мерейтойларды қамтитын 4000-ға жуық іс-шаралар өткізілді.

Негізгі шараларды ұйымдастырудағы басымдық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сүйене іске асырылуда.  

Жыл басында «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Салбурын» жергілікті құсбегілер мен саятшыларды және қыран құстарын қатыстыра отырып этнографиялық шарасы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Салық Зимановтың 100 жылдығы, Сайын Назарбектің 80 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойларына орай облыстағы 66 кітапхана, 6 музей мен клубтарда барлығы 815 танымдық шаралар, жыр кештері ұйымдастырылды.

Іс-шаралар Қ.Күржіманұлының 180 жылдығы,  Н.Шыршығұлұлының 190 жылдығы, Ж.Жабаевтың 175 жылдығы, Д.Нұпейісованың 160 жылдығы, А.Жұбановтың 115 жылдығы,  Л.Хамидидің 115 жылдығы, Ә.Қожабергеновтың 110 жылдығы, М.Мақатаевтың 90 жылыдығы, І.Жақановтың 80 жылдығы, К.Тасболатовтың 80 жылдығы,  И.Сапарбаевтың 80жылдығы, К.Ахметованың 75 жылдығы, К.Дүйсекеевтің 75 жылдық мерейтойларын қамтитын мәдени-шаралармен жалғасауда.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып нәтижесінде өңірдегі барлық кітапханаларда «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы мен бұрыштары ашылды. «Парасат жолы» орталығымен бүгінгі күнге дейін кітапханаларда ашық есік күндері, кітап көрмелері тағы басқа да көптеген шаралар ұйымдастырылды.

Наурыз айында Басқарма жанынан «Мәдениет адалдық алаңы» орталығы ашылып, арнайы кабинет жасақталды. «Мәдениет адалдық алаңында» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары, Маңғыстау облысының әдеп жөніндегі өкілінің қатысуымен басқармаға қарасты мәдениет ұйымдары қызметкерлерімен кездесулер, сұхбаттар мен пікірталастар ұйымдастырылып келеді.

Наурыз айында облыс әкімдігімен бекітілген тұжырымдамаға сәйкес  қайырымдылыққа, тазалыққа бағытталған ардагерлерімізді ұлықтау, ұлттық киімдерімізді, салт-дәстүрлерімізді, өнерімізді насихаттау бағытындағы 640 шара ұйымдастырылды.

Шаралар қатарындағы қоғамдық маңызға ие Амал мен Наурызды мерекелеу бойынша облыс көлемінде барлығы 150 шара ұйымдастырылды. 13 наурыз күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Бірлік отын» жағу рәсімі,  «30 жылға 30 ағаш» акциясымен тал егу шарасы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Парасат жолы» жобасының аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық Н.Шыршығұлұлының 190 жылдық, Қ.Күржіманұлының 180 жылдық, Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойларына арналған «ТӘУ ЕТЕРІМ — ТӘУЕЛСІЗДІК!» атты  облысаралық  жас ақындар  айтысы  өтті. Айтысқа Маңғыстау облысы мен Ақтөбе облысынан 10 ақын қатысты. Айтыс қорытындысына сәйкес жерлесіміз жас ақын Алшын Суемов бас жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, жыл басында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі құрылды. Қазақ халқының көне аспаптарын насихаттау, жас буынның ұлттық дәстүрге деген ықыласын ояту мақстаныда құрылған топтың құрамы 7 адамнан тұрады. Наурыз айында топ алғашқы концертін көрерменге ұсынды.

Іс-шаралар жылдың соңына қарай,  облысымызда «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» облыстық ХІІ Маңғыстау жұлдыздарының өнер фестивалі, Мұрат Өскінбаев атындағы халықаралық күйшілер конкурсы сынды ірі шаралармен жалғасады.  

Облыс бойынша кітапханалық қор 1461537 кітаптар мен басылымдардан тұрса, олардың осы уақытқа дейін облыстық кітапханалар қорынан 732238 кітап Рабис бағдарламасына құйылды.

Республикадағы Ұлттық электрондық кітапхана қорында өлкеміздің ақын-жазушыларының 405-тен астам шығармалары бар. Сол кітаптарды оқырмандар 3Д  форматта оқи алады. Бүгінде Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасы мен оның қосымшасы  әлемнің 150-ден астам елінде қолданылады.

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мақсатында  Мұнайлы ауданындағы «Бөрілген қорымы» ескерткішіне ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді.

Маңғыстау ауданындағы ортағасырлардағы «Қызылқала қалашығы» аумағындағы археологиялық жұмыстарға жергілікті бюджеттен 16,9 млн. теңге қаражат бөлініп қазба жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Түпқараған ауданына қарасты Жоғарғы маяк, Төменгі маяк, Шағын шіркеу және Маңғыстау ауданына қарасты Қарауылкүмбет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге арналған реставрациялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді. Қыркүйек айындағы бюджеттік нақтылауға «Шағын шіркеу» мен «Қарауылкүмбет» ескерткіштеріне реставрация жұмыстарын жүргізу үшін 60,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Реставрация жұмыстары жыл соңында аяқталады деп күтілуде.

Маңғыстау облысының сокралдық объектілерін танымал ету мақсатында әлеуметтік желілерде орналастыру үшін арнайы 10 объекті бойынша бейнеролик әзірленіп әлеуметтік желілер арқылы жариялануда.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және  18 мамыр «Халықаралық музейлер күніне» орай Алматы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «МузейFEST-2021» Республикалық онлайн байқауына қатысып Маңғыстау мемориалдық музейі «Үздік ауылдық музей» номинациясын жеңіп алды.

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай, «Тәуелсіздік. Мәдениет. Сабақтастық.» тақырыбында дөңгелек үстел мен марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға мәдениет саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен облысымыздың қала, аудандарынан мәдениет саласында қызмет атқарып жүрген мамандар қатысты. Мерекеге орай, Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгесімен 7 маман, Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» 1 маман, Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хатымен» 10 маман марапатталды. Сондай-ақ 2020 жылдың қорытындысы бойынша 11 қызметкерге жылдың үздік қызметкері номинациясы табысталды.

26-27 мамыр күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. 2 күн бойы ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысына еліміздің барлық облысынан 18 ақын қатысып, Бас жүлдені Батыс Қазақстандық ақын Жансая Мусина, жүлделі І-ші орынды Маңғыстаулық ақын Арғынбек Қалбаев иеленді.

31 мамырда «Көктем бояулары» суретшілер фестивалі ұйымдастырылып, фестивальға ұсынылған туындылардан «Көктемгі вернисаж» көрмесі жасақталып, көрерменге ұсынылды.

Биылғы жылы клубтық құрылымдардың санын  4,0 пайызға (427 құрылым/18) арттыру жоспарланған, есептік кезеңге 13 клубтық құрылым ашылып, барлығы 421ді құрады. Маңғыстау ауданында 6 үйірме (аспапта орындау (гитара), шебер қолдар, мәнерлеп оқу, сурет, би, домбыра), Жаңаөзен қаласында 1 үйірме (актерлық шеберлік үйірмесі), Мұнайлы ауданында 5 үйірме (домбыра, дәстүрлі ән, қолөнер, би, бейнелеу өнері), Түпқараған ауданында 1 үйірме (көңілді тапқырлар клубы) жаңадан ашылды. Оларға қатысушы саны – 8710.

Есептік кезең ішінде клубтық мекемелер бойынша - 23 мәдени шара  жоспарланып, 28-і орындалған. 25573 көрермен қамту жоспарланып, 3050 қамтылған. 3-семинарлық шеберлік класс, 4-әдістемелік нұсқаулықтар жоспарланып орындалды.                     

Қ. Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапхана және оның филиалдарының  6 айдағы есебі бойынша 55077  оқырман қабылдау жоспарланып,  54888 оқырман қабылданған, келушілер санын  383652 жеткізу жоспарланып, 382104 келушіге орындалған,  781330 кітап берілімі жоспарланып, 780390 кітап берілген.

Кітап қорын толықтыру үшін түрлі көздерді пайдалану арқылы – 3650 дана кітап алу жоспарланған. Жергілікті кітап сауда дүкендері арқылы – 1510 дана (оның ішінде – 120 дана  электронды басылым), мемлекеттік тапсырыс арқылы – 1010 дана, мерзімді басылымдар арқылы (Казпочта) – 220 атау, жеке авторлардан, мекемелерден сыйға беру арқылы – 910 дана кітап алынған.

Кітапхана қорындағы сандық форматқа ауыстырылған өлкетану әдебиетінің санын 28,2%-ға (413) арттыру жоспарланған: 6 ай қорытындысы бойынша кітапхана қорындағы 1270 атаулы өлкетану әдебиетінің 405-i сандық форматқа ауыстырылған. Сандық форматқа ауыстырылған әдебиеттер мемлекеттік кітапханалық қордың бірегей ұлттық электрондық каталогын және бірегей электронды қоймасын құруға арналған ҚазҰЭК жүйесіне енгізілген.

 Ә. Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі және оған қарасты филиалдарына 33134 келуші жоспарланып нақты 20536 адам келген, 42 мәдени шара жоспарланып 47 мәдени шара орындалған, 31 көрме ұйымдастыру жоспарланып, 26-ы орындалған, 1225 экспонатты электронды форматқа көшіру жоспарланып, 1067-і орындалған. 1100 экскурсия жоспарланып, 1012 орындалған.

«Отпан» МКҚК-ға 50566 келуші жоспарланып, 1659 - орындалған, 3086 экскурсия жоспарланып, 133 – орындалған. 96 мәдени шара жоспарланып, 9 – орындалған.  1 лекция, 5 жылжымалы көрме, 3 көрме жасақталған.

Мемориалдық музейге  келушілер  саны – 1031 құрап, 159 экскурсия, 1 көрме, 5 мәдени шара, 4 лекция ұйымдастырған.

Мемлекеттік қорыққа  келушілер саны – 4179ге жоспарланып, орындалысы – 4274 құраған, экскурсия саны -  167, орындалысы - 175, іс-шара  саны – 5, орындалысы– 1, қорға түскен жәдігерлер саны -500, орындалысы -395, бұрын белгісіз болған 6 тарихи-мәдени мұра объектісін анықтау, алыдын-ала есепке алу жоспарланып, 2 тарихи-мәдени мұра объектісі анықталды, «Песчаный», «Қызылөзен» Маяктары бойынша материалдар жинақталып, фотофиксация жұмыстары жүргізілген.

Н. Жантөрин атындағы музыкалық -драма театры есептік кезеңге 82, қойылым жоспарланып, 146 қойылым қойған, 7971 көрермен қамтыған. Театр  репертуары жаңадан  4 жаңа спектакльге толыққан. 4 рет гастрольдік шара ұйымдастырылған.

Облыстық қуыршақ театры бірінші жартыжылға 122 қойылым жоспарлап 55 қойылым қойған. 3092 көрермен қамтыған. Есепті кезеңде театр 3 рет гастрольдік сапар ұйымдастырған.

М. Өскінбаев ат. облыстық филармония 6 айға– 130 концерт жоспарлаған, орындалысы - 73. 32755 көрермен қамту жоспарлап, 10180-ге орындаған. Репертуар бойынша жоспар - 45, орындалысы - 45 шығарма, әндермен толықтырылған. 20 гастрольдік сапар ұйымдастырған.

Дата публикации
23 августа 2021