Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.
Сонымен қатар, 21.01.2021 күні «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Түпқараған аудандық филиалында, «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» КММ-ның Түпқараған аудандық филиал басшысы Ж. Қыдырбаева «Адал көмек» жобасы аясында «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі бағыттары» тақырыбында тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді.
17.02.2021 күні Басқарма басшысы П.Сармурзина және бөлім басшысы А.Ықыласқызы «ANTICOR LIVE» жобасы аясында «Өңірдегі мәдениет жаңалықтары» тақырыбында тікелей эфирде басқарма жаңалықтарымен, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттармен бөлісті.
22 ақпан күні Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Мұнайлы аудандық филиалының фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында «Архивтік анықтамаларды алу тәртібі» тақырыбында бейнеролик жарияланды. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.
26 наурыз 2021 жылы басқармаға қарасты Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Маңғыстау аудандық филиалының архивистері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалы Маңғыстау аудандық бөлімінің қызметкерлерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
2021 жылдың 10-12 наурыз аралығындау басқарманың архив және құжаттама басқармасының бас маманы А.Аширова «Инклюзивті қоғам. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара іс-қимыл» тақырыбында біліктілік арттыру семинарынан өтті.
18.04.2021 күні басқарма мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға Мұнайлы аудандық мәдениет, спорт, дене шынықтыру бөлімінің басшысы Е.Құлиев, аудандық мәслихат хатшысы, ауданға қарсы ауыл әкімдері, аудандық ішкі саясат, жер қатынастары бөлімінің мамандары, ақсақалдар алқасының төрағасы мен қоғамдық кеңес мүшелері, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы қызметкерлері қатысты.
22.04.2021 күні Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлкеттік корпарациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалы өкілі Ж.Жанкесеевтің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті. Маңғыстау облысының әкімі аппаратының басшысы Н. Тәжібаевқа және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлкеттік корпорациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Е. Байжігітке дөңгелек үстел хаттамасы жолданды.
04.06.2021 күні басқармаға қарасты Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві Мұнайлы аудандық филиалы қызметкерлері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалы Маңғыстау аудандық бөлімінің қызметкерлерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді алу тәртібі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізді.