Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Маңғыстау облысында іске асырылуы туралы АҚПАРАТ (2021 жылғы 6 ай бойынша)

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының

Маңғыстау облысында іске асырылуы туралы

АҚПАРАТ

 (2021 жылғы 6 ай бойынша)

 

         Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытындағы жұмыстар «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №1045 қаулысына, Маңғыстау облысы әкімдігінің  28.02.2020ж. №31 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысы бойынша Тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 27.03.2018 жылғы №27-р Өкімімен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес  жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен:

2021 жылы - 22 млн. 417 мың тг.жоспарланып,  12 млн. 417 мың тг. бөлінді.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру-насихаттау жұмыстары шеңберінде қала/аудан әкімдіктері мамандарының және облыс тұрғындарының қатысуымен барлығы 11 іс-шара: 6 кездесу, 3 онлайн семинар,  2 «тікелей эфир» ұйымдастырылды.Облыстағы мемлекеттік органдардың іс жүргізу, құжатайналымына тұрақты түрде мониторинг және тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
14 июля 2021