Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа – лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған жол картасының «Тарих пен мәдениетке бай аймақ» бағыты бойынша 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
(147) Мәдениет саласы бойынша негізгі көрсеткіштердің бірі 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны.
Бұл ақпарат жылдық жоспардың орындалысына байланысты анықталады (карантиндық жағдайларға байланысты, кітапхана, музей, театр және концерттік ұйымдарға келушілер саны онлайн шаралардың қаралымдары арқылы есептеледі).
(148) Тарихи-мәдени мұраны сақтау және өнерді дамыту бағыты бойынша 1 облыстық өнер фестивалі және 1 халықаралық күйшілер конкурсын ұйымдастыру жоспарланды.
«Маңғыстау жұлдыздары» ХІІ облыстық өнер фестивалі мен Мұрат Өскінбайұлы атындағы халық аспаптарында орындаушылар
ІІ Халықаралық конкурсын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 33,3 млн. теңге қаражат бөлінді. Шаралар қараша-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырылады. Көрсеткіш орындалады деп жоспарлануда.
(150) Облыстың қасиетті және көрікті жерлеріне өлкетану экспедицияларын жасау, қасиетті жерлерді абаттандыру бойынша жұмыстар.
Сәуір-маусым айларында Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында орналасқан Бекбаулы-ата қорымы, Төлеген-әулие жерасты мешіті, Айрақты тауындағы жартастағы бейнелер, Теректі сай, Самал сайы, Шерқала тауы мен қалашығы, Бөрілген қорымы, Кәді, Қырықкез қорымы ескерткіштері, Қарақыз қорымы және Құдайберген күмбезтамы, Маңғыстау ауданы бойынша мемлекеттік қорғауда тұрған Бекі, Алма, Мырзайыр, Сонабай, Есалы қорымдарына, Ағашты сайы, Масат ата жерасты мешіті және қорымы, Тасбас-1 ғибадатханасы, Шолы қорымы, Маңғыстау ауданы аймағындағы Қаратөбе, Тасым қорымдары, Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті Ешкіқырған, Еліқажы қорымындағы ескерткіштерге, Бүркіт-ата, Ырмақ қорымдары, Ұлы Кіндікті (Үлкенқұдық) діни-қабірлеу кешені, Шопан ата қорымы және жерасты мешіті, Қызылсу, Сенек, Қырғын қорымдары, Қошқар-ата, Есмамбет, Қалипан, Қалың-Арбат, Жылқыбай, Қатем (Хатам-ишан), Бегеш, Жолжан, Жамбауыл некропольдері, Темір күмбез тамына ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, құжаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында іссапарлар ұйымдастырылды.
Іссапарлар қорытындысы бойынша 2 тарихи-мәдени мұра объектісі анықталды, «Песчаный», «Қызылөзен» Маяктары бойынша материалдар жинақталып, фотофиксация жұмыстары жүргізілді.
(150.1) Маңғыстау ауданы аумағындағы «Қарауылкүмбет» кесенесіне, Түпқараған ауданындағы «Шағын шіркеу», «Жоғарғы Маяк», «Төменгі Маяк» ескерткіштеріне ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізуге арналған реставрациялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу үшін «Күмбез» мамандандырылған жобалау-жаңғырту фирмасы» ЖШС-мен келісімшарт жасақталды. Жобалау-сметалық құжаттары тамыз айына дейін дайын болады.
(150.2, 150.4) «Көккүмбет» пен «Алтынәлі» ескеркіштеріне реставрациялық жұмыстарын жүргізу 2017 жылы жасалған жобалау-сметалық құжаттамасының Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізу қағидалары мен шарттары», 2021 жылғы 4 ақпандағы № 28 бұйрығымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтері» өзгеруіне сәйкес, Түпқараған ауданындағы «Шағын шіркеу» және Маңғыстау ауданы аумағындағы «Қарауылкүмбет» ескерткіштерімен ауыстыру жөнінде Nur Otan партиясымен келісіліп осы жылға ғылыми – реставрациялау жұмыстары жүргізіледі.
(150.3) «Бөрілген қорымы» тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін «Мұрагер Маңғыстау» ЖШС-мен 11,0 млн. теңгеге келісімшарт жасақталып, реставрациялық жұмыстар 15 наурызда басталды. Жұмыстың аяқталу уақыты жоспар бойынша 1-ші тамызға жоспарланып отыр.
(150.5) «Қызылқала қалашығы» аумағында археологиялық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 16,9 млн. теңге қаражат бөлініп, «Rutrum» ЖШС-мен 31 мамырда келісімшарт жасақталып, жұмыстар басталды. Жұмыстарды жүргізу уақыты 7 айға жоспарланып отыр.
(151) тармағы бойынша 2025 жылға дейін өңірде 2 музей, 3 кітапхана және 5 ауылдық клуб салу жоспарланған. Биылғы жылы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінен 200 орындық ауыл клубы кітапханасымен құрылыс жұмыстары аяқталды деп жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 01 шілдесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.А.Смайыловтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабы отырысында берген тапсырмасына сәйкес, республикалық Жол картасының 101,102 тармақтары бойынша Маңғыстау облысына 3 жаңа мәдениет объектісіне құрылыс және 10 объектіге жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырмасы берілді. Алдағы уақытта жоғарыда аталған тапсырманы орындау үшін жергілікті бюджеттен құрылысы аяқталмай тұрған Рахат ауылдық мәдениет үйінің жұмыстарына және жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу қажет етіледі.