|
|
|
Маңғыстау облысы мемлекеттік архиві және
қалалық, аудандық филиал архивтері
жоспарының негізгі көрсеткіштерінің
2021 жылдың жартыжылдық орындалуы
туралы ақпарат
Есептік кезеңде облыстық мемлекеттік архиві және қалалық, аудандық архивтерінің жұмысы 2021 жылға жоспарланған негiзгi көрсеткіштерін орындауға, архив ісін жетілдіруге және дамыту мәселелерін шешуге бағытталды.
Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві қорларының жинақтау көздері болып табылатын Ақтау қаласы ұйымдарының, мекемелері мен кәсіпорындарының және таратылған мекемелердің Жеке құрам бойынша құжаттарының орналасқан орны туралы анықтамалықты толықтай дайындап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаментінің жанындағы ғылыми-сараптау комиссиясының эксперттеріне жолданып, эксперт ескертпелері толықтай түзетіліп анықтамалық баспаға дайын.
Қалалық, аудандық филиалдар архивтерінің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындарының жеке құрам бойынша құжаттарының орналасуы жөніндегі анықтамалықтары жасалып баспаға дайын.
Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің қорлары бойынша барлық есепке алынған архив қорлары, тізімдемелері, алғы сөз және қорлардың тарихи анықтама деректерін пайдаланып Жолсілтеме жасақталуда.
2021 жылдың 21 қаңтарда Түпқараған аудандық филиалында Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің «ADAL KOMEK» жобасы аясында ««Архив ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі бағыттары туралы» тақырыбында тікелей эфир өтті.
2021 жылдың 26 наурыз және 4 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы ХҚКО мен Маңғыстау, Мұнайлы аудандық филиалы қызметкерлеріне «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары атты тақырыпта дөңгелек үстелдер өтті.
Сонымен қатар 21 сәуірде Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басшысының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
19-20 мамыр күндері Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтында онлайн форматта вебинар курсынан өтіп, сертификаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 жарлығы негізінде Маңғыстау облысысының мемлекеттік архивінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыстар жасалуда. Казіргі таңда архив қорларынан саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі материалдарды іздеу, жинақтау және анықтау жұмысы жасалып әрі қарай жалғасуда.