Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары

Бүгін басқармада мәдениет ұйымдарының “Мәдениет адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жоспарына сәйкес, басқармаға қарасты мәдениет ұйымдары, қала, аудан әкімдіктеріндегі мәдениет бөлімінің басшылары мен мамандарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және оның алдын алу шараларын қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұргүл Тұрлыбайқызы арнайы шақыртылып, заңға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдамаған басшылардың жауапкершілігі туралы ақпараттар беріп, мамандар сауалдарына жауап берді.

Дата публикации
02 июля 2021