Республикалық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы С.Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева Маңғыстауға жұмыс сапарымен келді.
Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп, мәдениет, өнер саласы қызметкерлерімен, ақын-жазушылармен кездесу өткізді.
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова мен «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев облыстағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды атап өтіп, оның маңыздылығы мен нәтижелеріне тоқталды.
Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, дін және мәдениет саласының мамандары парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңызы жоғары екенін айтып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі зор екенін атап өтті.
Шара барысында Ж.Жылқышиева Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен Адалдық алаңы жобасы туралы айтты.