Бүгін 18 наурызда Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарамасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Мырзағалиев Қуаныш Бүркітұлының қатысумен «Мемлекеттік - мәдени тарихи қорық» ММ қызметкерлеріне профилактикалық шара өтті. Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді .
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріліп , арнайы бейне роликтер көрсетілді.