|
|
|
Маңғыстау облысы мемлекеттік архиві және
қалалық, аудандық архив
жоспарының негізгі көрсеткіштерінің
2021 жылғы 1 тоқсандағы орындалуы
туралы ақпарат
Кіріспе
Есептік кезеңде облыстық мемлекеттік архиві және қалалық, аудандық архивтерінің жұмысы 2021 жылға жоспарланған негiзгi көрсеткіштерін орындауға, архив ісін жетілдіруге және дамыту мәселелерін шешуге бағытталды.
Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві қорларының жинақтау көздері болып табылатын Ақтау қаласы ұйымдарының, мекемелері мен кәсіпорындарының және таратылған мекемелердің Жеке құрам бойынша құжаттарының орналасқан орны туралы анықтамалықты толықтай дайындап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаментінің жанындағы ғылыми-сараптау комиссиясының эксперттеріне жолданып, эксперт ескертпелері толықтай түзетіліп анықтамалық баспаға дайын.
Қалалық, аудандық филиалдар архивтерінің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындарының жеке құрам бойынша құжаттарының орналасуы жөніндегі анықтамалықтары жасалып баспаға дайын.
Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің қорлары бойынша барлық есепке алынған архив қорлары, тізімдемелері, алғы сөз және қорлардың тарихи анықтама деректерін пайдаланып Жолсілтеме жасақталуда.
2021 жылдың 21 қаңтарда Түпқараған аудандық филиалында Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің «ADAL KOMEK» жобасы аясында ««Архив ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі бағыттары туралы» тақырыбында өткен тікелей эфирге Түпқараған аудандық филиалының басшысы Ж.Кыдырбаева қатысты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы ХҚКО мен Маңғыстау аудандық филиалының қызметкерлері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметтің түсіндірме жұмыстары бойынша бірлескен дөңгелек үстел өткізді.
1- наурыз Алғыс айту күніне орай Маңғыстау облысының мемлекеттік архив ұжымы архив саласында ұзақ еңбек еткен ардагерлерді құттықтап үлкен алғыс білдірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 жарлығы негізінде Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша алғашқы комиссия отырысы өтті. Жиынға облысқа белгілі азаматтар мен жауапты мамандар қатысты. Жиын барысында комиссия отырысына архив директоры М.Садимекова сөз сөйледі. Қазіргі таңда саяси-куғын-сүргін құрбандары мен зардап шегушілерге қатысты жұмыс жасалуда.
сақтауды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету бағыты бойынша архив қорлары мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сақтау қауіпсіздігін күшейтуге қатысты жоспарлы жұмыстар жалғастырылуда.
Есепті кезеңде мемлекеттік архив және қалалық, аудандық архив филиалдарының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізу бағыты бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарына қор карточкалары, қорлардың құрамы мен көлеміндегі өзгерістерді және қорлар каталогы бойынша есептік мәліметтерді жасақтады.
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау-сақтау шараларының дәстүрлi кешенi, соның iшiнде құжатттарды шаңнан тазарту, өңдеу, мұқабалау, картондау жұмыстары жүзеге асырылды. Қағаз негiздегi 167 с.б. 1509 құжаттың 1685 беттерінің жай-күйi жақсартылды, 754 құжаттан тұратын 88 с.б. 898 беттері компьютер арқылы қалпына келтірілді және жаңадан қабылданған 2447 с.б. құжаттар картондалды.
Айына бiр рет жоспарлы дәрілеу және тазалық күнi өткiзіліп, есептік кезең ішінде 98026 сақтау бірлігіндегі істер залалсыздандырылды.
Аса құнды құжаттарды айқындау және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратын құрастыру бағыты бойынша жұмыс жалғастырылып, «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қорының 1992-1995 жылдар аралығындағы барлығы 32 сақтау бірлігі қаралып, 8 сақтау бірлігіндегі 11 құжат аса құнды құжаттар құрамына енгізілді.
Есепті кезеңде архив құжаттардың қолда бары мен жай-күйін тексеру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп барлығы 23487 сақтау бірлігіндегі архив құжаттарына жүргізіліп, қорытындысы бойынша актілер жасақталды.
Есептік кезеңде архив қоймаларынан архив қызметкерлері мен оқу залына келген зерттеушілерге жалпы саны 7800 с. б., соның ішінде:
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын қалыптастыру бағытында жоспарланған көрсеткіштерді орындауды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Есептік кезеңде облыстың мемлекеттік архивтері 41 ұйымнан 1986 с.б. басқарушылық, 36 ғылыми-техникалық, 14 ұйымнан 228 с.б. жеке құрам, 73 с.б. фото, 7 с.б. жеке тектік, 9 с.б. бейне құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдады.
Облыстың архив қорлары 1999-2020 жылдар аралығындағы мемлекеттік мекемелерінің 1823 с.б., 2007-2010 жылдар аралығындағы мемлекеттік емес мекемелерінің 163 с.б. басқарушылық құжаттарымен және "Ақтау қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі" ММ-нің ғылыми-техникалық, 73 с.б.фото, 7 с.б. жеке тектік 9 с.б. бейне құжаттарымен толықтырылды.
Мемлекеттік сақтауға 14 мекеменің 1993-2017 жылдар аралығындағы 228 с.б. жеке құрам бойынша құжаттары қабылданды.
Есепті кезеңде 2002-2018 жылдар аралығындағы тұрақты мемлекеттік сақтауға өткізетін 1061 с.б. басқаружылық құжаттар, 1212 с.б. жеке құрам құжаттарына, тізімдемелер жасақталып, архив ісі басқармасының сараптау тексеру комиссиясымен (СТК) бекітілді, барлығы 33 мекеменің сақтауға жатпайтын 57514 істеріне жою актісі, 45 ұйымның істер номенклатурасы жасақталып, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының СТК-мен келісілді.
Есеп беру кезеңінде мекеме, ұйым, кәсіпорынға іс жүргізу, құжаттау және құжаттардың сақталысын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері бойынша 150-ден астам әдістемелік көмек көрсетіліп, консультациялар берілді.
Ағымдағы жылы архивте «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесінің жұмысы жоспар бойынша кезең-кезеңімен жалғасуда.
Есепті кезең ішінде бірінші кезекте цифрланатын қорлар мен құжаттардың 2021 жылға арналған жоспары жасақталып, жоспарға сәйкес Каспий аймақтық құрылыс басқармасының 1970-1994 жылдар аралығындағы және «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының 2007 жылғы 200 сақтау бірлігінің 6501 құжаттан тұратын 35785 бетті цифрланып өңделді және деректер базасына енгізілді.
Есепті кезең ішінде «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттар жүйеге 38 архив қорының есептік құжаттары бойынша барлық маңызды мәліметтері: қор карточкалары мен қор бетшелері бойынша қор құжаттарының саны мен құрамы, құжаттардың хронологиялық шеңбері, қор атауындағы барлық өзгерістер, қор құжаттарына жасалған ғылыми-анықтамалық аппарат құрамы туралы мәліметтер енгізіліп, істер тізімдемелері сканерлеу арқылы электронды форматқа көшіріліп, деректер базасына орналастырылды.
«Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттар жүйеге облыстық, қалалық және аудандық архивтердің барлық архив қорының құжаттары (архив қорлары, тізімдемелері), ведомстволық архивтер жөніндегі есептік құжаттары (толықтыру және әлеуетті толықтыру көздері болып табылатын мекеме, ұйым және кәсіпорындарының тізімі, толық мәліметтері), және архив құжаттарынан каталогтау бойынша жұмыстары жасалуда.
Есепті кезеңде мемлекеттік сақтаудағы фотоқұжаттар бойынша, оның ішінде, «1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысына қатысқан, «Тағзым-4» кітабына енген Маңғыстаулық майдангерлерінің фотоқұжаттар тізімдемесінен фотолар - 110, барлығы – 110 карточка толтырылып, және анықтамалық ақпараттық қор бойынша облыстық «Коммунистік жол» газетінің 1977 жылғы сандарынан 50 дерек алынып, барлығы 50 карточка толтырылып, «Э-архиві» ақпараттар жүйеге фотолар мен карточкалар енгізілді.
Есепті кезеңде ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімнің қызметі жоспарлы көрсеткіштерді орындауға бағытталды.
Сайын Назарбекұлының 80 жасқа толуына орай «Сұлулықты түсінер әркім қалай», Маңғышлақ эксперименталдық ботаника бағына 50 жыл толуына орай «Ғажайыптар әлемі», «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Нұретдин Мұхамбетжановтың туғанына 95 жыл толуына орай Маңғыстау аудандық филиалында «Өнер майданының жауынгері 95 жаста», Қарақия аудандық филиалында «Жалындап өткен жас ғұмыр», және «Құрметті теміржолшы», «Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы Қожақмет Шабайұлы Уәзірдің туғанына 70 жыл толуына орай «Түбектің тарлан теміржолшысы Қожақмет Уәзір 70 жаста» атты электрондық көрмелер жасақталып «Facebook» әлеуметтік желісіне жарияланды. Барлығы 5 архивтік құжаттар мен фотоқұжаттар көрмесі өткізілді.
Қарақия аудандық филиалының архивисі М.Орынбаеваның «Жалындап өткен жас ғұмыр» мақаласы аудандық «Қарақия» газетінің 28.01.2021 ж. № 5 санына, Маңғыстау аудандық филиалының басшысы З.Ақбердінің «Өнер майданының ардагері еді» мақаласы «Жаңа өмір» газетінің 10.02.2021 ж. № 6 санына, архив қызметкері П.Қаржаубаеваның «Халқының қалаулы азаматы» мақаласы «Маңғыстау» газетінің 25.02.2021 ж № 22-23(9959) санына жарияланды. Барлығы – 3 мақала жарияланды.
«Архивтер сөйлейді» айдарымен, «Алаш арыстары» тақырыбында лекция оқылды, «Облыс тарихына шолу» тақырыбында тарихи-танымдық сабағы өткізілді.
Есеп беру кезеңінде оқу залында 2 зерттеуші және облмемархив қорларының құжаттарымен жұмыс жүргізген 3 пайдаланушы ресімделді, зерттеушілер мен пайдаланушылардың 12 рет келуі тіркелді, 21 іс берілді. Пайдаланушылардың тапсырыстары бойынша 8 іс, 19 құжат (36 бет), тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштер бойынша 8 іс, 10 құжат (34 бет), барлығы 16 істің, 32 құжаттың (88 бет) көшірмелері берілді.
Мемлекеттік архивке, Жеке құрам бойынша Ақтау филиалына және аудан архивтеріне барлығы 1247 өтініш келіп түсті барлық 1247 өтініш орындалды:
-тақырыптық сипаттағы 179 өтініш түсіп, оның 179-і орындалды, 148-і қанағаттанарлық, 9-і қанағаттанарлықсыз, 22-і түсіндірілді;
Қазақстан Республикасы бойынша тақырыптық сипаттағы 148 өтініш түсіп, оның 148-і орындалды, 118-і қанағаттанарлық, 9-і қанағаттанарлықсыз, 21-і түсіндірілді;
ТМД елдерінен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 215 өтініш түсіп, оның 215-і орындалды, 145–і қанағаттанарлық, 4-і қанағаттанарлықсыз, 61-і түсіндірілді, 5-і бейіндік емес;
Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 853 өтініш түсіп, оның 853-і орындалды, 408-і қанағаттанарлық, 87-і қанағаттанарлықсыз, 329-і түсіндірілді, 29-і бейіндік емес.
Есепті кезеңде облмемархивтің және қалалық, аудандық архив филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғастырылды.