МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2021 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2021 ЖЫЛДЫҢ  I ТОҚСАН БОЙЫНША ЕСЕБІ

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.

Қазақстан Республикасыны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі:

1.      «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;

2.      «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;

3.      «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;

  1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру».

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысына сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтер саны – 931.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 119.

-      ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны – 152.

-      «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 660.

  • Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдерді бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
  • Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0.
  • Бас тартулар – 4 (дәлелді, құжаттардың толық болмауы себебінен).

Сонымен қатар, 21.01.2021 күні «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Түпқараған аудандық филиалында, «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» КММ-ның Түпқараған аудандық филиал басшысы Ж. Қыдырбаева «Адал көмек» жобасы аясында «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі бағыттары» тақырыбында тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді.

17.02.2021 күні Басқарма басшысы П.Сармурзина және бөлім басшысы А.Ықыласқызы «ANTICOR LIVE» жобасы аясында «Өңірдегі мәдениет жаңалықтары» тақырыбында тікелей эфирде басқарма жаңалықтарымен, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттармен бөлісті.

22 ақпан күні Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Мұнайлы аудандық филиалының фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында «Архивтік анықтамаларды алу тәртібі» тақырыбында бейнеролик жарияланды. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.

26 наурыз 2021 жылы басқармаға қарасты Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Маңғыстау аудандық филиалының архивистері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалы Маңғыстау аудандық бөлімінің қызметкерлерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету барсында құжаттардың толық болмауы себебінен 4 бас тарту фактісі орын алған.

2021 жылдың 10-12 наурыз аралығындау басқарманың архив және құжаттама басқармасының бас маманы А.Аширова «Инклюзивті қоғам. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара іс-қимыл» тақырыбында біліктілік арттыру семинарынан өтті.

 

Дата публикации
21 апреля 2021