Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4632 болып енгізілді.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.
|
Министр |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру тәртібі
1) 5 жылдан кем емес үздіксіз шығармашылық қызметті жүзеге асыруы;
2) орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейінің болуы;
3) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша өткізуі: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;
4) репертуарында отандық және шетелдік өнері шығармаларының, халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылықтың үздік үлгілерінің, халықтың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін шығармаларының бар болуы, сонымен қатар орындаушылық шеберлікті жетілдіруі;
5) мәдени іс-шараларға (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстар, фестивальдерге) қатысқаны үшін жүлделі орындардың болуы;
6) көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы өңірлік және/немесе республикалық деңгейлерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (3 мақаладан кем емес) кезінде беріледі.
Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және төрағадан, мүшелер мен хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
3-тарау. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету стандартында (бұдан әрі – стандарт) мазмұндалған.
Ұжым басшысы кеңсеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
Жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ұжым басшысының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде, портал арқылы немесе қолма-қол жергілікті атқарушы органдардың кеңсесі арқылы беріледі.
Ұжымының басшысы қол қойылған шағымда жеке тұлға үшін тегі, аты, жөні (болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Шағымның жергілікті атқарушы органдар кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың мекенжайына келіп түскен ұжымы басшысының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап ұжымының басшысына пошта арқылы жіберіледі немесе жергілікті атқарушы органдардың кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдары қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8800 080 7777 арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде ұжым басшысының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдармен өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ұжымының басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі мәдениет саласындағы уәкілетті органның мекенжайына ұжымының басшысынан келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына |
|
||
|
"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар |
||
|
2. |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
||
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1 (бір) жұмыс күні |
||
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
||
|
5. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат болып табылады. |
||
|
6. |
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Тегін |
||
|
7. |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден18.30-ға дейін жүзеге асырылады. |
||
|
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
||
|
9. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
Өтінімді қабылдаудан бас тарту себебі - көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы. |
||
|
10. |
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. |
||
|
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
|
|
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент |
|
||
Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім
__________________________________________________________
(атауы) көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын.
Қосымша: ___ парақ.
("Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-қосымшасына сәйкес құжаттар қосылады)
Мен ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісемін
Өтінімнің толтырылған күні __________________
Қолы _____________________________________
|
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына |
|
|
Нысан |
|
|
________________________ |
Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат
Осы арқылы _____________________________________ (атауы)
көркемөнерпаздар ұжымдарына құжаттар тізбесіне сәйкес "Халықтық"
немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім қабылдау расталады, атап айтқанда:
Құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) _______________________________;
_________________________________;
_________________________________;
_________________________________;
_________________________________;
_________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
|
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органынан уәкілетті лауазымды тұлға ____________________________ |
Мөр үшін орын ______________ |
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
|
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
____________________________________________________________________
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы
органдарының атауы
Құжаттардың толық болмауына байланысты
______________________________________________________________ (атауы)
көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге
өтінімді қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
атауы:
1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
|
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органынан уәкілетті лауазымды тұлға _____________________________________ |
Мөр үшін орын ______________ |
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК