Отчёт за 2019 год

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2019 ЖЫЛҒЫ 12 (ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН) АЙЫНЫҢ ЕСЕБІ

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында және регламенттерінде көрсетілген.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.

Қазақстан Республикасыны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі:

1.      «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;

2.      «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;

3.      «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;

  1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру».

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2019 жылдың 12 ай бойынша нәтижелеріне сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтер саны – 4136.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 844.

-      ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны – 1931.

-      «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1361.

  • Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдерді бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
  • Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0.
  • Бас тартулар – 1 (мәдени құндылығы болмауына байланысты).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері  бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің» конференциялардың саны – 9. (2019 жылдың мамыр айында Қарақия ауданында  Мәдениет басқармасына қарасты «Мемлекеттік  тарихи-мәдени қорығы» ММ –нің   ұйымдастырыуымен өткен тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша өткізілген семинарында басқарма заңгері А. Қайырбаев Мәдениет басқармасының  тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қамтылған адам саны – 40. 25.01.2019 ж. Ақтау қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» МК» және Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының қызметкерлеріммен, 20.02.2019 ж.  Қарақия  ауданындық  мемлекеттік архиві және аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» МК» қызметкерлерімен, 12.03.2019 ж. Маңғыстау аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» МК» және Маңғыстау аудандық мемлекеттік архиві қызметкерлерімен, 22.03.2019 ж. Мұнайлы  ауданындық  мемлекеттік архиві және аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» МК» қызметкерлері, 10.04.2019 ж. Бейнеу аудандық мемлекеттік архиві және аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлерімен, 23.05.2019 ж. Түпқараған  ауданындық  мемлекеттік архиві және  аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» МК» қызметкерлерімен, 21.05.2019 ж. Мұнайлы  ауданындық  мемлекеттік архиві және аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» МК» қызметкерлерімен, 23.06.2019 ж. Жаңаөзен қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» және қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері бірлесіп «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және стандарттағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер ұйымдастырылды, өткізілген семинар-кеңестер барысында «электронды үкімет» порталы арқылы қызметті жылдам әрі тиімді екендігін  түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. 27.09.2019 ж. Түпқараған ауданында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Мемлекеттік тарихи                     -мәдени қорығы» ММ–нің   ұйымдастырыуымен өткен тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша өткізілген семинарында басқарманың бас маманы Р. Алиев басқарма  тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қамтылған адам саны – 20; 20.12.2019 күні  Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру және стандартқа енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Қамтылған адам саны – 12).

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.

Дата публикации
12 февраля 2020