Облыстық мәслихаттың
кейбір шешімдерін күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңының күші жойылуына байланысты және Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңының 28-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Осы шешімнің қосымшасынасәйкес, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә. Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыстық
маслихат хатшысы
******** Н.Тумышев
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2020 жылғы «___» __________
№ ______ шешіміне қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының
кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/334 «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы»шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 20 қаңтарда № 2094 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 ақпанда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/316 «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 2591 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2015 жылғы 31 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 2/19 «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафты аймақтарының шекаралары туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 30 маусымда № 3074 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2016 жылғы 12 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/230 «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылғы 19 маусымда № 3655 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2018 жылғы 3 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.