2020 жылдың 11 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін көрсетіледі.

Қазақстан Республикасыны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінңі м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 4 қызметтің түрі көрсетіледі:

1.      «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;

2.      «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;

3.      «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;

  1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру».

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2020 жылдың 11 ай қорытындысына сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтер саны – 2383.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 63.

-      ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны – 699.

-      «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1621.

  • Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдерді бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
  • Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0.
  • Бас тартулар – 2 .
  •  

Сонымен қатар, "Архивтік анықтама алу үшін қандай құжаттар қажет" тақырыбымен Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің Фейсбук және инстаграм  әлеуметтік парақшасына түсіндіру ақпарттық материалы шықты (қамтылған аудитория саны 1044 адам). Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві «Маңғыстау аудандық филиалы» қызметкерлері ХҚО қызметкерлерімен бірге "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" тақырыбында ХҚО қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын мәселелер бойынша семинар-кеңес ұйымдастырды (қатысқандар – 11 адам). «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлері Р.Кубегенова мен А.Жолболдиева Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің «Адал көмек» жобасы аясында архив саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша тікелей эфирге қатысып, сауалдарға жауап берді (қаралым саны-48), «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» КММ фейсбук парақшасына 02.07.2020ж. «Архивтік анықтама алу үшін қандай құжат қажет?», 10.07.2020ж. «Архивтік анықтамалар беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы» мақалалары жарияланды (қаралым саны-28). «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» КММ Мұнайлы аудандық филиалы фейсбук парақшасында «Архивтік анықтамаларды беру тәртібі» бейнеролигі көрсетілді (қаралым саны-493)

2 қазан күні Мұнайлы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығы және Мемлекеттік архивтің Мұнайлы аудандық филиалының қызметкерлері қатысуымен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін және архивтік құжаттардың үзінділерін беру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды (қатысқандар саны – 8 адам).

2 қарашада, Мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімінің бас маманы Н. Асылбеков Бейнеу ауданында «Тарихи-мәдени мұра обьектілеріне қатысты заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға, аудан әкімшілігі, Ішкі істер органдары, қоғамдық кеңес мүшелері, маслихат мамандары, ауыл әкімдері, тұрғындар, сондай-ақ қорық мамандары қатысты. Семинарда мемориалдық тақталарды орнату жөнінде түсініктер берілді (қатысқан адамдар саны – 35 адам).

27 қараша күні Басқарма мамандарымен және Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві мен филиалдарының мамандарының қатысуымен «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында семинар өтті. Семинарда, заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы түсіндірілді және 2020 жылдың 10 айында көрсетілген қызметтер туралы ақпараттар берілді (қатысқандар саны – 11 адам). 

Дата публикации
08 декабря 2020