мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 4.
29.04.2026ж. Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві: Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві мен жеке құрам бойынша Ақтау қ. филиалы “Е-архив” АЖ-де қызмет көрсету тәртібін түсіндіру, оқытуды ұйымдастыру бойынша қалалық, аудандық филиал басшылары, қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.
23.04.2026ж. Бейнеу аудандық филиалы: «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының әлеуеттік қамтамасыз ету бойынша Бейнеу аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті, 6 адам қатысты.
22.05.2026ж. Мұнайлы аудандық архиві: «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы Мұнайлы аудандық ХҚК бөлімі және Маңғыстау облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Мұнайлы аудандық бөлімінің қызметкерлеріне «Архивтік анықтамаларды алу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, 8 қызметкер қатысты.
29.06.2026ж. Жаңаөзен қ. филиалы: «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбында ХҚКО мен архив қызметкерлері білескен дөңгелек үстел өткізді, 6 адам қатысты.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша
түсіндірме іс-шаралар (халықты қамту):
А.ж. 22,24,30 сәуір күндері мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша Ақтау қаласы және Мұнайлы, Бейнеу ауданы тұрғындарына архивтік анықтамалар, көшірмелер және архивтік үзінділер алудың жолдары түсіндіріліп, 102 дана брошюра таратылды.
23.06.2026ж. Бейнеу аудандық филиалы: Facebook әлеуметтік желісіне «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»" тақырыбында мақала жарияланды (https://www.facebook.com//share//p/1.J3SmGSAei/?mibextid=wwXfr).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер туралы
14-15.05.2026ж. Астана қаласында өткен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбында 16 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру семинарына Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің жеке құрам бойынша Ақтау филиалының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы және Түпқараған аудандық филиалының директоры қатысып, сертификаттарға ие болды.
08.06.2026ж. «Ең алдымен адамдар» оқыту семинарына басқарманың «Мәдениет және өнер саласын дамыту, жиынтық-талдау бөлімінің» бас маманы қатысып, сертификат алды.