Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Театр және концерттік ұйымдар

Маңғыстау облыстық  музыкалық-драма  театры Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен  2003 жылдың 21 наурызында Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» спектаклімен /режиссері Р.Машурова/  ашылды.

Өлкеміздегі тұңғыш театрға режиссерларды, актерларды, басқа да жетік мамандарды іріктеу мақсатымен Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының 3 курс студенттерімен келісім жасасып, К.Ақүрпеков, Қ.Мырзалинова, М.Адайдилденов, А.Жансейтова, А.Тастаев, Т.Шайых Д.Дөненбаева , М.Умиралиев, Б.Манкеева және т.б. 30 жас маман және де сол академияның қысқы мерзімді 6-айлық курсын, актерлар мамандығы бойынша-10, гример, сахна дыбыс беруші, сахнаға жарық беруші т.б техникалық составқа 10-Маңғыстаулық мамандар іріктелініп, барлығы 20 өнерлі жастар облысымызға келді. Өлкемізде өнер жолын -  өмір жолын бастауға келген жас мамандарға облыс әкімінің қолдауымен баспана берілді. Еңбек жолдарын жаңа театрда бастаған актерлер бүгінде өз кәсіптерінің қыр-сырын еркін меңгерген мамандар.

2006 жылы өнер ошағына  халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің есімі берілді Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры өлкеміздегі  жалғыз  кәсіби театр болғандықтан, бес бағытта жұмыс жасайды. Олар:  балалар театры, жасөспірімдер театры, орыс театры, музыкалық театр, драмалық театр. Көрермендердің  сұранысы бойынша театрдан орыс труппасы ашылды.

Бүгінде театр ұжымы 11 театр маусымына аяқ басты. Қазіргі таңда театр ұжымында 51 әртіс қызмет етеді,оның 39-ы жоғары білімді.

Театр қоржынында 44 ке жуық қойылым бар.Атап айтар болсақ,әлем классикасынан У.Шекспир «Ромеo мен Джульетта», Ж.Мольер  «Тартюф», орыс классикасынан  А.Чехов «Скандальные историй», туыс халықтар әдебиетінен Г.Хугай «Көршілер», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» ,қазақ классикасынан Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу», Т.Әліпбаев «Томирис»,  Ә.Кекілбаев «Адам болып өтейін» және т.б. қойылымдар сахналанып келеді.

Облыстық қуыршақ театры. 1981 жылдың 6 қаңтарында театр тұсауы В.Катаевтың пьесасы бойынша қойылған «Цветик -семицветик» спектаклімен кесілді. Келесі  жылы «Жігер» жастар шығармашылық фестивалінің дипломанты атанды.

Облыстағы жалғыз кәсіби театр болғандықтан, тек балалар емес, жасы үлкен көрермендерге арналған қойылымдар қойған кездері болды. 1981 жылы И.Штоктың пьесасы бойынша «Божественная комедия», 1984 жылы В.Сатаевтың пьесасы бойынша Т.Шевченконың Маңғыстаудағы өмірін бейнелеген «В степи безлюдной и глухой» атты спектаклі көрермендердің  ризашылығына ие болды.

Ал, бүгінгі таңда театр тізгіні – қазақ труппасының ашылуына еңбек сіңірген театрдың ардагер әртісі, «Мәдениет саласының үздігі» Фарида Атакееваның қолында.

Сонымен қатар, кәсіби жас труппаның бас режиссері театрымыздың алғашқы қалаушыларының бірі « Құрмет »  орденының иегері Надежда Насырова.

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының Маңғыстау облыстық филармониясы

1975 жылы сәуір айында құрылған Маңғыстау облыстық филармониясы 2008 жылы 2 қазандағы № 1 320-шы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы негізінде күйші Мұрат Өскінбаевтың аты берілді.

Бүгінде өлкен өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан өнер ордасында 5 кәсіби ұжым яғни: Абыл Тарақұлы атындағыи ұлт-аспаптар оркестрі; «Ақжарма» ансамблі; Кіші симфониялық оркестр; Камералық ансамль, Би тобы қызмет етеді.

Документы
Жарғы
02 апреля 2026
М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының жарғысы
Жарғы
02 апреля 2026
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының жарғысы
Есеп
02 апреля 2026
Маңғыстау облысының мәдениет, өнер, архив, тілдерді дамыту және ономастика салаларында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Новости
Полезные материалы
Театр және концерттік ұйымдар
Медиагалерея
8
Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті, мәдениет саласының үздігі Жұмабек Қадырқұловтың шәкірттерімен бірлесіп өткізген «Көнеден жеткен қоңыр үн» атты шығармашылық кеші өтті.
7
14 маусымында Маңғыстау облысының 50 жылдығы, Ақтау қаласының 60 жылдығына арналған Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы ұжымдарының концертін тамашалауға шақырамыз.
События
07 июня
Басқармаға қарасты М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда, "Отпан" МКҚК, "Мемориалдық музей" МКҚК, Ә. Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі, "Қуыршақ театры" МКҚК ішкі талдау басталғандығын хабарлаймыз!
13 июня
ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ! Сіздерді ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Анар Шамшадинованың «Жырға жанын берген қыз» атты шығармашылық кешіне шақырамыз! Өтетін орны: Достық үйі
Реализуемые проекты
МАҚАМЫ МӘШҺҮР МАҢҒЫСТАУ
Перейти
Услуги
Организации
«Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры» МКҚК
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
"Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік, кино және мәдени қызмет көрсету орталығы" МКҚК
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы