Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кітапхана

КІТАПХАНА- мәдени- ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, библиографиялық ақпарат жинау, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Облыстық әмбебап кітапхана  1973 жылы 12-қыркүйекте Маңғыстау облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша ашылды. Алғашқы ұйымдасу кезінде 2 адамнан ғана (Аксельфельд Т.Л., Кравченко Г.И.) тек кітап қорын жинақтаудан бастады. Алғашқы кітапхана директоры болып физика-математика маманы Әшімбаева Нәйла Закирқызы тағайындалды.
1976 жылы  халықты рухани азықпен қамтамасыз ету үшін және олардың талап-тілегін қанағаттандыруда елеулі бетбұрыс болып, облыстық мәдениет басқармасының «Мемлекеттік көпшілік кітапханаларын халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің орталықтанған жүйесіне көшіруге дайындау жайында» бұйрығы болды.
Соған байланысты Бейнеу, Ералы, ал кейінірек Мұнайлы аудандары ашылып,  аудан көлемінде халықты рухани қамтамасыз ету үшін кітапхана тораптары құрыла бастады.

Кітапханаларды орталықтандыру ісі 1980 жылы аяқталды. Сол кезеңдерде осы жұмыстардың бастауында облыстық кітапхана қызметкерлері Үмбетова А.С.,  Ибраева С.И., Искакова З., Костина В.В., Остапенко О.П., Нам И.Б. т.б. тұрды.
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-ға жуық мерзімді басылымдар бар, аудан, қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.
Кітапханаға жылына 20 000-ға жуық оқырман қабылданып, оларға 400 000-ға жуық баспа басылымы беріледі. Жыл сайын кітапхана қоры 3 млн-ға жуық теңгенің кітап және баспасөз материалдарымен толықтырылады.
Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген, кітап қорын электронды каталогқа енгізу басталып, РАБИС бағдарламасы орнатылған, интернет желісіне қосылған.
Кітапхана «Арман» жастар орталығымен, қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен, 
әскери бөлімдермен байланыс жасап, оқырмандарды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әр түрлі кештер, кітап беташары, конференциялар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретн азаматтарға арналған бөлімінде арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі- нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Бұл бөлімде арнайы АИС СБ РК бағдарламасы жұмыс жасайды.

Кітапхана қызметкерлері жыл сайын республикалық конференцияларға қатысып, өз білімдерін жетілдіруде. Осы ұжымға көп жылдар бойы  мәдениет саласында қажырлы еңбек еткен Ақжарқын Сидағұлқызы Үмбетова басшылық жасап, құрметті еңбек демалысына шықты.
Қазіргі күні Маңғыстау облыстық кітапханасын Айтуарова Зәуре Жаншақызы басқаруда. 

Қосымша ақпарат:

Маңғыстау облысындағы білім беру, кітапхана жүйесіндегі мекемелерге атау беру және қайта атау туралы

"Қабиболла Сыдиқов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы" ММ

Документы
Есеп
02 апреля 2026
Маңғыстау облысының мәдениет, өнер, архив, тілдерді дамыту және ономастика салаларында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Ақпарат
25 мая 2023
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгендігін хабралаймыз
Ақпарат
14 октября 2022
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
«Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық конкурсы
Новости
Полезные материалы
Кітапхана
Медиагалерея
1
«Тағзым-5» кітабының тұсау кесу рәсімі
События
27 июня
Зира Наурызбаймен кездесу
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы