Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді тегін және ақылы негізде көрсетеді. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №662/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 5 қызметтің түрі көрсетіледі:
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
- Жобалау қызметіне лицензия беру;
- Іздестіру қызметіне лицензия беру;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2025 жылдың 4-тоқсандағы қорытынды есебіне сәйкес сәйкес:
Барлық көрсетілген қызметтің саны – 192 (2024ж. 4-тоқсаны- 192), оның ішінде:
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру – 105;
- Жобалау қызметіне лицензия беру - 40;
- Іздестіру қызметіне лицензия беру – 3;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу – 0;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау – 44.
2025 жылдың қараша айында Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметкерлерімен жеке және заңды тұлға өкілдеріне құрылыс саласындағы лицензиялау тәртібі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы қамтылған адам саны – 4 (https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-gzk/press/media/details/75015?lang=kk).
Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.