МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2024 ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленген.

Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының  мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2024 жылғы 14 желтоқсандағы №801/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен  5  қызметтің түрі көрсетіледі:

  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
  2. Жобалау қызметіне лицензия беру;
  3.  Іздестіру қызметіне лицензия беру;
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
  1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2024              жылдың жылдық есебі бойынша нәтижелеріне сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтің саны – 543, оның ішінде:

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген  қызметтің саны – 543.

2024 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысымен, сондай-ақ лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметкерлерімен жеке тұлға және заңды тұлға өкілдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және басқарманың сайтында жарияланды. Барлық қамтылған адам саны – 27.

Мемлекеттік органның  кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тисті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс  және қатаң сөгіс болған жоқ.

2023 жылдың жылдық есебінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны   - 442, ал 2024 жылдың жылдық есебінде мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны - 543. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілген қызметтің саны - 101 бірлікке көбейді (оның ішінде құрылыс-монтаж  жұмыстары, жобалау қызметі, іздестіру қызметі және сарапшыларды аттестаттау).

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын болады.

Дата публикации
16 мая 2025