Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленген.
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2024 жылдың III тоқсан қорытындысының есебі бойынша нәтижелеріне сәйкес:
Барлық көрсетілген қызметтің саны – 128, оның ішінде:
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 128.
2024 жылдың тамыз және қыркүйек айында Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметкерлерімен жеке және заңды тұлға өкілдеріне құрылыс саласындағы лицензиялау тәртібі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы қамтылған адам саны – 7.
Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс болған жоқ.
2023 жылдың III тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 89, ал 2024 жылдың III тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 128. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілген қызметтің саны 39 бірлікке көбейді (оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары, жобалау қызметі, іздестіру қызметі және сарапшыларды аттестаттау).
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.