Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленген.
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс болған жоқ.
2023 жылдың I тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 105, ал 2024 жылдың I тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 91. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілген қызметтің саны 14 бірлікке азайды (оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары, жобалау қызметі, іздестіру қызметі және сарапшыларды аттестаттау). Себебі, лицензияның және аттестаттаудың мерзімсіз пайдалануына байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны азайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.