МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2023 ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленген.

Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының  мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен  5  қызметтің түрі көрсетіледі:

1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;

2. Жобалау қызметіне лицензия беру;

3. Іздестіру қызметіне лицензия беру;

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

  1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2023              жылдың жылдық есебі бойынша нәтижелеріне сәйкес:

 

Барлық көрсетілген қызметтің саны – 442, оның ішінде:

 

 «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген  қызметтің саны – 442.

2023 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметкерлерімен жеке және заңды тұлға өкілдеріне құрылыс саласындағы лицензиялау тәртібі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және басқарманың сайтында жарияланды.

Барлық қамтылған адам саны – 30.

Мемлекеттік органның  кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тисті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс  және қатаң сөгіс болған жоқ.

2022 жылдың жылдық есебінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны                    - 464, ал 2023 жылдың жылдық есебінде мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны - 442. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілген қызметтің саны - 22 бірлікке азайды (оның ішінде құрылыс-монтаж  жұмыстары, жобалау қызметі, іздестіру қызметі және сарапшыларды аттестаттау). Себебі, лицензияның және аттестаттаудың мерзімсіз пайдалануына байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны азайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын болады.

Дата публикации
16 января 2024