Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленген.
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 5 қызметтің түрі көрсетіледі:
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
2. Жобалау қызметіне лицензия беру;
3. Іздестіру қызметіне лицензия беру;
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2023 жылдың IV тоқсан қорытындысының есебі бойынша нәтижелері:
Барлық көрсетілген қызметтің саны – 124, оның ішінде:
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 124.
2023 жылдың қазан-желтоқсан айларында Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметкерлері жеке тұлға және заңды тұлға өкілдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және басқарманың сайтында жарияланды. Жалпы қамтылған адам саны – 18.
Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
Тисті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс болған жоқ.
2022 жылдың IV тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 148, ал 2023 жылдың IV тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 124. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілген қызметтің саны 24 бірлікке азайды (оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары, жобалау қызметііздестіру қызметі және сарапшыларды аттестаттау). Себебі, лицензияның және аттестаттаудың мерзімсіз пайдалануына байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны азайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табады.