Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің 2023 жылдың III тоқсан қорытындысы бойынша есебі

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ

 2023  ЖЫЛДЫҢ  III ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленген.

Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының  мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен  5  қызметтің түрі көрсетіледі:

1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;

2. Жобалау қызметіне лицензия беру;

3. Іздестіру қызметіне лицензия беру;

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

  1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2023 жылдың III тоқсан қорытындысының есебі бойынша нәтижелері:                                     Барлық көрсетілген қызметтің саны – 89, оның ішінде:

 «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген  қызметтің саны – 89.

Мемлекеттік органның  кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тисті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс  және қатаң сөгіс болған жоқ.

2022 жылдың III тоқсан мерзімінде  көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 113, ал 2023 жылдың III тоқсан мерзімінде  көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 89. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілген қызметтің саны 24 бірлікке азайды (оның ішінде құрылыс-монтаж  жұмыстары, жобалау қызметі, іздестіру қызметі және  сарапшыларды аттестаттау).

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табады.

Дата публикации
05 октября 2023