«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
аналитикалық анықтамалығы
(қарау және шешім қабылдау үшін енгізіледі)
Ақтау қаласы «26» маусым 2023жыл
«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудегі 2022 жылдағы қызметі туралы есеп.
«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, Басқарманың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 24.05.2023 ж. № 54-Н/Қ бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізуге жауаптылар-төмендегі жұмыс тобы:
А. Коштаев - Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары;
Ж.И. Маханбетов – Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы;
Н.Б. Жоланбеков – Қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы;
Г. Болатова - Қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы;
Б.К. Тлемисова - Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы;
М.А. Таспаева – Қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы.
Ішкі талдау жүргізуге арналған жалпы кезең 2022 жыл.
Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу мерзімі 01.06.-30.06.2023 жыл.
Ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
3) Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
4) Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
5) Мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
6) Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
7) Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
8) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
9) Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
10) Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.
Басқармада құқықтық актілер жасақталмайды.
«Ашық үкімет» порталында Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына қатысты мәліметтердің ашық әрі нақты жариялануы бақылауға алынған.
«Ашық деректер» порталында мәліметтер талап бойынша жылына жаңартылады.
«Ашық НҚА» порталында Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы жасақтайтын облыс әкімдігінің қаулы жобалары жарияланады:
2022 жылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыстар, 1424 шұғыл желісін жарнамалауды қамтамасыз ету, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Басқармада сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау үшін 1424 шұғыл желісін жариялау бойынша ақпараттар стендте, қабылдау бөлмесінің есігінде ілініп тұр.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тұлғаларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақталуын қадағалау үшін Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының келісім шарт және ұйымдастыру бөлімі ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен қызметкерлердің жеке істеріне тексеру жүргізді.
«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде қызмет жасайтын штат бойынша 10 мемлекеттік қызметкер және 3 азаматтық қызметкердің жеке істеріне жүргізілген талдаудың нәтижесінде, барлық қызметкерлердің бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасамағандығы анықталды.
Басқарманың ішкі құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. 2022 жылы бойынша 93 бұйрық рәсімделген (жеке құрам бойынша-14, еңбек демалыстары, іссапарлар, тәртіптік жазалар бойынша – 38, негізгі құрам бойынша – 41 бұйрықтар), заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Басқармаға «Бұлттық құжат айналым» жүйесі бойынша 2022 жылы 3587 құжаттар тіркелген. Оның ішінде кіріс құжаттар саны – 1219, шығыс саны – 2368 құрайды.
Е-өтініш жүйесі бойынша барлығы – 271 өтініш тіркелді. Оның ішінде арыз – 18; шағым – 14; ұсыныс – 5; басқалар -72;
Басқармамен қаралғандар саны – 244, қабылданған әкімшілік Акт саны -142, өтініш иесіне жолданған жауап – 49, Басқарма құзыретіне жатпауына сәйкес басқа уәкілетті органдарға жолданғандар саны -36, мәлімет үшін қабылданғандар саны – 7, басқалар – 10 санын құрайды.
Мерзімі бұзылып қаралған өтініштер саны – 4;
Бұл ретте өзінің қарамағындағы қызметкерлерінің атқарып отырған жұмысына немқұрайлық танытып, лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 19-шы шілдеде № 81-Ж/Қ бұйрығымен Басқарма басшысының орынбасары А. Кеңесұлына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бекітілген құрылымына сәйкес жалпы қызметкерлер саны - 13 бірлік, оның ішінде: 10 мемлекеттік қызметші, 3 еңбек шарты бойынша (әкімшілік және қосымша қызметкерлер).
Басқарманың 10 мемлекеттік қызметкерінің Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары функционалдық блогы А блогына жатқызылады. Бұған ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 11.04.2022ж. № 27 хатымен келісілді.
2022 жылы 18-ші наурызда Маңғыстау облысы әкімінің № 43-жқ Өкімімен «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысы Асауов Темірбек Тыйылұлы өз еркімен жұмыстан босатылды.
2022 жылы 25-ші шілдеде № 10 бұйрығына сәйкес «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының орынбасары Кеңесұлы Әлібек, 2022 жылы 12-ші қазанда № 11 бұйрығымен «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Шугаев Абиш Марсович өз еркілерімен жұмыстан босатылды.
2022 жылы 3 мемлекеттік қызметші (соның ішінде, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты – 1, денсаулық жағдайына байланысты – 2) жұмыстан босатылды.
Жалпы конкурс нәтижесінде – 4 мемлекеттік қызметкер, ауысу тәртібімен тағайындалған қызметкерлер саны – 2 бірлікті құрайды.
2022 жылы 28-ші наурыздың Маңғыстау облысы әкімінің № 43 Қаулысына сәйкес «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіліп (бұрынғы атауы – «Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі)2022 жылы 13-ші сәуірде № 3 бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарға штаттық кестеге сәйкес тағайындалды.
2022 жылы 23-ші мамырда Маңғыстау облысы әкімінің № 67-жқ Өкіміне сәйкес жалпы конкурс нәтижесімен «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысы лауазымына Өтепқали Дәурен Талапұлы тағайындалды.
2022 жылы 27-ші мамырда № 4 бұйырықпен жалпы конкурс нәтижесінде «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымына Таспаева Маржан Амангелдықызы тағайындалды.
Жалпы конкурс нәтижесінде 2022 жылдың 3-ші қазанында № 23 бұйрық негізінде «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымына Насырқұлов Берік Мэлсбекұлы тағайындалды.
2022 жылдың 18-ші қазанда № 7 бұйрығына сәйкес жалпы конкурс нәтижесінде «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2024 жылғы 1 наурызға дейін) уақытша лауазымына Аманқосұлы Қуандық тағайындалды.
Ауысу тәртібімен 2022 жылы 29-шы шілдеде № 5 бұйрығымен «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының орынбасары лауазымына Коштаев Алгадай, 2022 жылы 2-ші тамызда Жаңаөзен қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы лауазымына Жоланбеков Нұрбол Бегланұлы тағайындалды.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес, талданатын кезеңде 2022 жылы 4 конкурс өткізілді, оның ішінде: ішкі конкурстар саны - 0, жалпы конкурстар саны – 4.
Конкурстарды өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесулер байқаушылардың қатысуымен өткізілді. Мемлекеттік қызметке конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша – 4 адам қабылданды.
Мемлекеттік қызметке қабылдаудың рәсімдерін облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Лауазымда тағайындау тәртібі мәселелері бойынша басқарма бос орындағы лауазымға мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі аппратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен жүзеге асырылған конкурстық хаттама нәтижесінде іріктеуден өткен үміткерлерді «Е-қызмет» ықпалдастырылған жүйесі арқылы жұмысқа қабылдайды және тағайындайды.
Басқармада конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымға тағайындау, конкурстық іріктеуді ресми жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау мәселелері орын алмаған.
2022 жылы мамыр айының 23-і күні басқарма басшысы лауазымына (тұрақты бос орын) жалпы конкурс нәтижесінде 1 үміткер тағайындалды;
2022 жылы мамыр айының 27-і күні және қазан айының 23-і күні Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымына (тұрақты бос орын) жалпы конкурс нәтижесінде 2 үміткер тағайындалды;
2022 жылы қазан айының 18-і күні Маңғыстау облысының Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2024 жылғы 1-ші наурызға дейін) лауазымына жалпы конкурс нәтижесінде 1 үміткер тағайындалды.
Жоғарыда аталған қабылдау, шығару процедураларында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және басқа қолданыстағы заңнамалардың талаптарын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері, олардың арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелген жоқ.
Тәртіптік жаза бойынша:
2022 жылдың 19-шы шілдеде № 81-Ж/Қ бұйрығымен ӘРПК талаптары сақталмағандығы, әкімшілік істерді жасақтау барысында кемшіліктер орын алғандығы, Басқарманың статистикалық және салық туралы есептері уақтылы жолданбағандығы, келіп түскен өтініштерді жан-жақты қарамай, мороторияға сілтеме жасақталып, жауап хаттар берілгендігі, нысандады есепке алу кезінде бас тартулар мен қабылдаудағы кемшіліктер орын алғандығы, хабарламаларды қабылдау кезінде тұлғаларға хабарламаның мән жайы туралы дереу түсініктемелер берілмеген және хабарламалар қабылдау кезінде бұзушылықтарға жол берілгендігі, мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған келеңсіз жағдайлар, лицензиялау және аттестаттау кезінде кемшіліктер орын алынғандығы, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің нұсқамасының уақтылы және дұрыс орындалмағандығы, сот органдарына объектілерді бұзу туралы істер мен шағым арыздарды уақтылы жолдамай, созбаланға алынған фактілерге, кадрлық мәселелер бойынша есептерді беру кезінде орын алған кемшіліктерге, жобалық офис қызметіндегі мәселелер бойынша уақтылы жұмыстар жасақталмағандығы сонымен қатар облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының уақтылы орындалмауынан тәртіптік түріндегі теріс қылықтар жасағаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара басқарма басшысының орынбасары Кеңесұлы Әлібекке қолданылды.
2022 жылдың 2-ші қыркүйекте № 6-Ж/Қ бұйрығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 27 шілдедегі № 02-3/510-И хатындағы 11.08.2022ж. № 3-11/20 әдеп жөніндегі кеңесі шешіміне және Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 03-25-3719 шығыс хатына, сонымен қатар Маңғыстау облысының прокуратурасының а.ж. 19 тамыздағы № 2-11-22-06055 ұсыныс хаты бойынша орын алған кемшіліктер мен заңбұзушылықтарға сәйкес Басқарманың Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Шугаев Абиш Марсовичке ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2022 жылдың 23-ші тамызда № 4-Ж/Қ және № 5-Ж/Қ бұйрықтарына сәйкес, Маңғыстау облысы прокуратурасының 2022 жылғы 18 тамыздағы тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарға сәйкес тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы Балкумыс Куанышкалиевна Тлемисоваға, Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы Гүлнәр Болатоваға сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Басқармадағы мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына оқыту бойынша:
2022 жылдың қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, басқарма басшысының орынбасары А. Коштаев 2022 жылдың 19-21 қыркүйек аралығында біліктілігін артыру курсынан, 03.10.2022ж.-21.10.2022ж. аралығында басшы лауазымға тағайындалуына сәйкес Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Жоланбеков Нұрбол Бегланұлы, 2022 жылы 31 қазаннан 18 қарашаға дейін аралығында алғашқы рет мемлекеттік қызметке тағайындалған Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы Таспаева Маржан Амангелдықызы қайта даярлау курстарынан өтті.
Жоспарға қойылған уақытында уақытылы өткізілді. 100 % (пайыз).
Жоспардан тыс кадрлық біліктілігін арттыру республикалық орталығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша оқыту» Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері онлайн курсынан 2022 жылдың 21 желтоқсанында сертификатталды.
Мүдделер қақтығысы, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылыққа апаратын фактілер мен себептер анықталған жоқ.
Басқармада ерлі-зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы туралы фактілері болған жоқ.
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 жылғы 13 наурыздағы №86/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқармамен 5 қызметтің түрі көрсетіледі:
2022 жылғы санақ бойынша:
Лицензиялау
Басқармада интернет желісі қосылған компьютерлермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы орнатылған және АППК сәйкес тыңдау әрдайым жүргізіледі. Сонымен қатар, күнделікті қызмет барысында басқарма қызметкерлерінің кеңесімен elicense.kz порталына мемлекеттік қызметтерді алуға, қайта рәсімдеуге жіберілетін құжаттар тәртібіне түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» , «Жобалау қызметіне лицензия беру» және «Іздестіру қызметіне лицензия беру» (бұдан әрі - Лицензия) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі – Біліктілік талаптар) реттеледі.
Осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығымен бекітілген қағидаларына(бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидаға сәйкес, Басқарма өтініш берушінің өтініште тіркелген аттестатталған инженер-техникалық жұмысшылардың, өндірістік базасының, материалды-техникалық жабдықталуын (арнайы техника, құралдар, компьютерлік бағдарламалар және т.б.) және 1(бірінші) және 2 (екінші) санатты лицензия алатын жағдайда, атқарылған жұмыстарын (жұмыс тәжірибесі) растайтын құжаттарды жүктеп, олардың электронды нұсқасын біліктілік талаптарға сәйкес келетін немесе келмейтіндігін қарайды.
Алайда өтініште тіркелген құжаттарды мекемеге барып тексеру, құжаттардың төлнұсқасын алдыртып-салыстыру Қағидада көрсетілмеген және де олардың растығын анықтайтын ешқандай ақпараттық жүйемен интеграцияланбаған. Сонымен қатар құжаттардың растығын анықтау үшін басқа да мекемелерге сұрау жіберу уақыты тығыз (Қағидаға сәйкес 3 жұмыс күні).
Бұл жағдай өтініш тапсырған кезде жалған ақпарат жүктеуіне алып келуі мүмкін. Өз кезегінде сапасыз мердігерлердің көбеюіне септігін тигізеді. Осы айтылған негіздерді тәуекел деп пайымдаймыз.
Аттестаттау
Сарапшыларды аттестациялау, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен реттеледі.
Аталған Қағида бойынша жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалау аттестатын алу үшін құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болу керек және жоғары білімі бар құрылыс мамандығы болу керек делінген. Бұл талапқа сәйкес келген жеке тұлға Басқармада equrylys орталықтандырылған тестілеу бағдарламасы жүйесінен тестілеуден өтеді. Тестілеуде тиісті сұрақтарға дұрыс жауап беріп, шекті деңгейдегі балл жинаса, аттестат беріледі.
Алайда, қазіргі таңда жаңадан оқу бітірген бойда үш жыл құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде тәжірибе жинап, техникалық қадағалау аттестатын өтініш жіберіп жатырған жеке тұлғалар аз емес. Бұлар көп жағдайда тест сұрақтарының жауаптарын интернет желілерден тауып немесе сатып алып, жаттанды түрде тапсырады.
Аттестат алғаннан кейін аттестатталған сарапшы әр түрлі нысандарда техникалық қадағалау жүргізеді.
Өзіңізге белгілі техникалық қадағалау құрылыс саласында ең маңызды және жауапкершілігі үлкен жұмыстардың бірі болып саналады. Құрылыс нысанының сапасын тексеретін, оның әрі қарай пайдалану кезінде бұзылмауына, адам өміріне қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың бірі.
Және аталған аттестат алу кезіндегі Қағидада көрсетілген жұмыс тәжірибесін жеткіліксіз деп санайды. Яғни жұмыс өндірісте жұмыс тәжірибесі үш жыл емес, 10 (он) жыл немесе одан көп болу керек. Себебі техникалық қадағалау жұмысын тәжірибесі мол, біраз уақыт құрылыста жүрген тұлғалар жүргізу керек.
Сол себепті бұл жағдайды тәуекел деп пайымдап, Қағидаға өзгеріс еңгізу керек деп есептейміз.
Сонымен қатар, өтініш берушінің тіркелген еңбек кітапшасында көрсетілетін енбек тәжірибесі кейбір жағдайда шындыққа сай келмеуі мүмкін. Себебі өтініш берушінің еңбек кітапшасында жазылған жұмыс орындары мен мамандығын рас-өтірік екендігін қосымша тексеретін мүмкіндік жоқ, яғни қандай да бір интернет бағдарламасы немесе жүйесі қарастырылмаған.
Ол өз кезегінде нарықта құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде тәжірибесі аз немесе мүлдем жоқ сарапшылардың көбеюіне әкеп соғады.
Сондықтан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аттестат алуға өтініш жіберетін кезде egov.kz жүйесімен өтініш берушінің зейнетақы қоры жүйесі немесе қандай да бір еңбек тәжірибесін растайтын жүйесімен интреграциялануы тиіс деп есептейміз. Бұл жағдайды тәуекел деп есептейміз.
Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N 242 Заңының 75-1 бабының 1 тармағына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде:
1) объект орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне – объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін;
2) объект орналасқан жердегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жібереді.
Басқарма өз функцияларын Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңына сәйкес жүргізеді. Басқармаға 2022 жылы жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін, 37 арыз келіп түсті. Бұл ретте, микрокәсіпкерлікті қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығы шыққан болатын. Алайда, Маңғыстау облысы әкімінің өкіміне сәйкес 20 микрокәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, орташа, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұлғаларға қатысты 17 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп барлығы 37 тексеріске 2 ай мерзімге заңбұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді.
8.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мобильді қосымшалар (WhatsApp. Instagram. Facebook) арқылы басқаруға жүгіну мүмкіндігі бар.
2022 жылы қандай да бір іс-шаралар үшін сыйлықтарды өткізу және ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері тіркелген жоқ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын алу тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында жыл сайын ақпараттық жұмыс бойынша жоспар әзірленеді.
Қызметтік автокөлік қызметтік мақсаттарда пайдаланылады.
Талдау барысында басқарманың мемлекеттік сатып алу процедуралары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4-ші желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11-ші желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Қаржы есептері ҚР Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz сайтында уақытылы көрсетілген.
2022 жылға арналған бюджеттің атқарылуы
Басқару бойынша 2022 жылға «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2022 жылға жасалған есептеулері бойынша 001 бағдарламасы бойынша шығыстары 63 075 мың теңгені құрайды, бұл 100% құрайды.
Оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша: 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» жалпы сомасы 163 мың теңге жоспарланған, оның ішінде ерекшеліктер бойынша:
131 «Техникалық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу» бағдарламасына сәйкес еншілес ұйымдардың белгіленген мөлшерлеріне түзету коэффицентін қолдану арқылы еңбекақы (айырма) 138 мың теңге жалпы сомасына 1,23 сомасында көзделген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021.12.06 No 864 қаулысымен. Ерекшеліктер бойынша 135 «Техникалық персоналға жұмыс берушілердің жарналары» - 25 мың теңге, әлеуметтік салық және аударымдар бойынша жоспарлы шығындар.
015 «Жергілікті бюджет есебінен» жалпы сомасы 62 434 мың теңге жоспарланған, оның ішінде ерекшеліктер бойынша:
- 111 «Еңбекке ақы төлеу» ерекшелігіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 «Еңбекке ақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жоспарланады. мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі» және 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 32 092 мың теңге сомасында қаржы бөлінді.
- 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне сәйкес «Кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 дсп қаулысына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге сыйлықақы төлеуге жұмсау жоспарлануда. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу туралы» және 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу ережесін бекіту туралы» мемлекеттік бюджеттің шығыстары», 8852 мың теңге сомасында қаржы бөлінді.
- 113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге өтемақы төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 4630 мың теңге қаулысына сәйкес жоспарлануда. ;
- әлеуметтік салық (121-ерекшелік) 2 475 мың теңге сомасында еңбекақы қорынан 6 % ставка бойынша айқындалады;
- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы (122-ерекшелік) – 3,5% 1 276 мың теңге сомасында бөлінді;
- 124 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдар» ерекшелігіне сәйкес – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша шығыстар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап шегерімдерді есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде есептелді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-5 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 1 238 мың теңге сомасында бөлінді;
131 «Техникалық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу» бағдарламасы бойынша – 3 143 мың теңге және 135 «Техникалық персоналға жұмыс берушілердің жарналары» – 328 мың теңге, штаттан тыс жұмыскерлердің еңбекақысы мен ұстап қалу шығындары жоспарланған. Штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес есептеледі. мемлекеттік кәсіпорындар», 3471 мың теңге бөлінді.
- 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігіне сәйкес бұл ерекшелік ММ қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 2164 мың теңгеге кеңсе тауарларын сатып алу көзделді;
- 152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігіне сәйкес 156 мың теңге қарастырылған, осы ерекшелікке сәйкес жергілікті телефон қызметтерінің шығындары есепке алынған;
- 159 «Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне сәйкес 3830 мың теңге сомасында қарастырылды.
161 «Ел ішіндегі қызметтік іссапарлар және іссапарлар» ерекшелігіне сәйкес бұл ерекшелік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 161 қаулысына сәйкес есептелген ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларды қарастырады. «Бюджет қаражаты, оның ішінде шет мемлекеттердің қаражаты есебінен іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» жалпы сомасы 1250 мың теңге.
- 414 «Машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және шаруашылық жабдықтарды сатып алу» ерекшелігіне сәйкес бұл ерекшелікте мемлекеттік мекеме жұмысын қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 1000 мың теңгеге екі планшет пен телефон сатып алу көзделген.
055 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт есебінен» жалпы сомасы 478 мың теңге жоспарланған, оның ішінде ерекшеліктері бойынша:
131 «Техникалық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу» бағдарламасына сәйкес еншілес ұйымдардың белгіленген мөлшерлеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы еңбекақы (айырма) 1,23 сомасында жалпы сомасы 427 мың теңгені құрайтын Жарлыққа сәйкес жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021.12.06 No 864 қаулысымен. Ерекшеліктер бойынша 135 «Техникалық персоналға жұмыс берушілердің жарналары» - 51 мың теңге, әлеуметтік салық және штаттан тыс қызметкерлерге аударымдар бойынша жоспарлы шығындар.
Қаржылық қызметке жүргізілген тексерулер бойынша қорытындылар
2022 жылдың кезеңінде Маңғыстау облысының тексеру комиссиясы мен ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиттері жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік сатып алу қызметіне талдау
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде мемлекеттік сатып алудың өткізілуіне талдау жасау барысында жоспарланған барлық соммасы 6 715 977 теңгені құрайды.
2022 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 64 шарт жасалды. Оның ішінде талданып отырған кезеңде мемлекеттік сатып алу мынандай тәсілдермен жүзеге асырылды:
Мемлекеттік сатып алу келісімшарттары электронды цифрлық қолтаңбамен электронды нысанда қол қойылады. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу өткізуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқықбұзушылықтары анықталмады. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық форматта мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізу өз кезегінде әлеуетті өнім берушімен қандай да бір байланысты барынша азайтады.
2022 жылы Маңғыстау облысы аумағында 776 объект бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарлама келіп түсті, 522 объект пайдалануға берілді.
Маңғыстау облысының аумағы бойынша Басқармамен мемлекеттік құрылыс инспекциялау жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлардың штаттық саны 5 бірлікті құрайды.
Статистикаға сәйкес орташа есеппен бір маман 155 объектіге қадағалау жүргізсе, екінші маман құрылыс есепке алу жұмыстарын жүргізеді, 1 маман прокуратура, ішкі аудит департаменттері ұсыныстары негізінде де мамандар күнделікті тексерісте болады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтау қаласы аумағында 137 нысанының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік бақылау функцияларын қатаңдату бағытында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетің ұсынысы бойынша құрылысы басталған объектілерде кезеңдік бақылау (мониторинг) жүргізілетінін ескерсек, жоғарыда атап өткендей Маңғыстау облысы аумағы бойынша мемлекеттік құрылыс инспециялау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік құрылыс инспекторларының штаттық саны жұмыстың ауқымдылығына сәйкес көбейту
Бөліммен анықталған заңбұзушылықтар нәтижесі:
ҚР ӘҚБтК-мен - 329 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 154 804 020 теңгеге айыппұл салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 811 бабының 2-тармағына сәйкес айыппұл жеті тәулік ішінде төленіп, 50 пайыз мөлшерінде қысқартылып, 87 862 155 айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз шағымдар бойынша:
37 жоспардан тыс тексеру тағайындалды.
2022 жыл бойынша, Басқарма құрылысы аяқталған нысандарды қабылдау актісі АРМГО ИИ ЦОН порталымен 1762 құжаттар түсті. Оның 522 қабылдау актісі есепке алынып, 1240 қабылдау актісі заң талаптарына сай болмағандықтан тапсырыс берушіге хаттай АРМГО ИС ЦОН порталы арқылы есепке алынбағандығы хабарланды.
Басқармамен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес заңсыз салынған құрылыс нысаны бойынша мәжбүрлі бұзу туралы 1 талап арыз сотқа жолданды.
2022 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу бойынша (құрылысты бастауға) – 776 хабарлама басқармаға жолданды.
Анықталған тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар:
1) Тапсырыс беруші Басқармаға құрылыс монтаж жұмыстарын бастағандығы жөнінде хабарлама elicense.kz базасы арқылы жолдаған кезеңінде, техикалық және авторлық қадағалаушылармен келісім шартынсыз яғни, ешқандай да техикалық және авторлық қадағалаушылардың хабарынсыз жолданады. Басқармамен кемшіліктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаушылардың келісімінсіз (рұқсатынсыз) сараптамаға жазылып кеткен жағдайлар орын алуда. Сол себептен elicense.kz база жүйесіне техикалық және авторлық қадағалаушылармен келісім шартын көрсету функциясын қосуды ұсынамыз.
2) Сонымен қатар тапсырыс беруші Басқармаға хабарлама жолдаған кезінде өзінің құрылыс нысанының Басқармамен қабылданғандығы немесе керісінше заң талаптарына сәйкес келмеген кезінде жөндеуге немесе бас тартылғандығы туралы хабардар болу үшін әр хабарлама жолдаушыға жеке ұялы байланыс нөміріне жолдану функциясын қосуды ұсынамыз.
3) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 24 бабына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциялау қызметін жүргізу, яғни заңбұзушылық анықталған нысанға барып профилактика немесе жоспардан тыс тексеру тағайындалғаннан кейін барып тікелей заңбұзушымен тікелей жүздесіп тілдесу факты сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудыруы мүмкіндігін ескере отырып, жоғарыда аталған процесте құрылыс инспекторы заңбұзушылық анықталған нысанға сәулет-құрылыс инспекция жұмыстарын жүргізген кезеңінде видео бақылаумен жүргізуді ұсынамыз.
4) Электрондық планшетпен жұмыс жасау, бұл өз кезеңінде қағаз бастылық, бюрократтық жағдайды азайту, уақыт үнемдеу Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан атқаратын қызметке мұқияттығын арттыру яғни, бір толтырылған құжаттың екінші рет қайталап толтырылмауын, және де толтырылған хаттама жойылмай сақталуы.
5) Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу «ИИС ЦОН АРМ ГО» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Бірақ та бұл ақпараттық жүйенің бірқатар кемшіліктері бар.
Біріншіден, Объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің жүйеде сақталу мерзімі 1 жылға жетпейді. Бұл жайт алдағы уақытта 1-2 жыл бұрын қабылданған құрылыс нысандарын іздеу кезінде қиындық туғызады. Сол үшін құжаттардың сақталу мерзімін ұлғайту керек деп есептейміз
Екіншіден, алу «ИИС ЦОН АРМ ГО» АЖ-нің қорғаныс жүйесі нашар. Атап айтқанда, бұл жүйеге жұмыс орнында немесе сырттағы әрбір компьютерден интернет желісі арқылы ашылып, жұмыс жасай алады. Бұл ақпараттық жүйені кез келген адам жүйені бұзып, өзіне керекті өзгерістер еңгізіп, теріс мақсатта пайдалану қаупі бар. Сол үшін «ИИС ЦОН АРМ ГО» АЖ-нің қорғаныс жүйесін күшейтіп, белгілі бір интернет желісі арқылы санаулы жұмыс орындарынан ашылу керек.
6) Басқарманың кейбір қызметінде қайталау жұмыстары орын алатынын да айта кетсек, нақтылай келе Басқарма ресми сайтындағы (gov.kz) мәліметтерді басқа (easy project, мемлекеттік органдардың интранет порталында (IPGO) орналасқан кітапхана, ашық диалог т.б.) жүйелеріне қайталана Басқарманың қызметі туралы есептерін салу талап етіледі. Бұл өз кезеңінде жұмысты қайталау арқылы жоғарда айта кеткендей қызметкерлердің жұмысының ауқымды болуына сәйкес, уақыт тапшылығына, сонымен қатар сапаға әсер ететіндігін ескере Басқарма тарапынан барлық жүйені бірыңғайландыруды ұсынамыз.
Жұмыс тобы:
А. Коштаев ____________
Ж.И. Маханбетов ____________
Н.Б. Жоланбеков ______________
Г. Болатова _____________
Б.К. Тлемисова ____________
М.А. Таспаева ____________