Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленген.
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі тегін және ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
Тисті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс болған жоқ.
2021 жылдың II тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 214, ал 2022 жылдың II тоқсан мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 89. Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілген қызметтің саны 125 бірлікке азайды (оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары, жобалау қызметі және іздестіру қызметі).
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табады.