Басқармамен ағымдағы жылы заңды және жеке тұлғаларға қатысты барлығы 126 әкімшілік жауапкершілік қозғалып, 44 761 940 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оның ішінде, әкімшілік бұзушылықтар негізінен жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу (ӘҚБтК-ң 136 б.) 122 тұлға – 44 660 940 теңге; жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы (ӘҚБтК-ң 339 б.) 3 тұлға - 75750 теңге; уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау (ӘҚБтК-ң 340 б.) 1 тұлға - 25 250 теңге.
Салынған әкімшілік айыппұлдардың 26 910 190 теңге өз еркімен, қалған айыппұлдар бойынша мәжбүрлеп сот орындаушылары арқылы өндіруге жолданды.
Маңғыстау облысы аумағында кәсіпкерлік мақсаттағы нысаналы мақсаты бойынша игерілмеген көлемі – 262,16 га жер учаскесі анықталып, 62 жер иеленушіге заңбұзушылықты жою жөнінде нұсқама табысталды.
Барлық жер учаскелеріне әділет органдарында ауыртпалықтар қойылды.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған жер учаскелері игерілмегені үшін салығын он есеге арттыру үшін кірістер департаментіне жолданды.
Сонымен қатар, 2019 жылы көлемі 27,3 га құрайтын 11 жер учаскесі мәжбүрлеп алынды.
Оның ішінде:
|
Қала, аудан |
Саны/ көлемі |
|
Ақтау қаласы |
2 жер (6,5 га) |
|
Мұнайлы ауданы |
4 жер (12,05 га) |
|
Түпқараған ауданы |
5 жер (8,82 га) |