Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы «28»наурыз №43 қаулысына қосымша

«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
  3. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік  мекемесінің  құрылымы  мен  штат  санының  лимиті және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, № 41 ғимарат.

 

 

  1. Мемлекеттік органның толық атауы – «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

 

 

  1. Осы Ереже «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

 

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

 

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

Егер «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы  басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.

 

 

 

 

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 

 

 

 

  1. "Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Маңғыстау облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру болып табылады.
  2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты:

1) құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау, қала құрылысы құжаттамасының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
  • ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
  • Маңғыстау облысының аумағында салынып жатқан нысандардың сәулет-құрылыс нормаларын және заңдылықты бұзуына жол бермеу және уақтылы әрекет ету;
  • Маңғыстау облысында салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

4) қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық технологияларды енгізу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

5) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциясын мыналар:

1) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы бойынша сарапшыларды аттестаттау;

4) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

6) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;

7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жол берілген бұзушылықтар мен белгіленген заңнама нормаларынан, мемлекеттік нормативтік талаптардан, шарттар мен шектеулерден ауытқуларға байланысты көзделген заңнамалық шараларды заң бұзушыларға қолдану туралы шешімдер қабылдау;

8) Инспекциялауды:

8-1)  бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;

 

 

8-2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;

 

8-3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;

 

8-4) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;

8-5) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

 

 

8-6) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;

 

 

8-7) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

 

 

8-8) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылады.

9) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;

         9-1) ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;

          9-2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;

          9-3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).

10) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;

11) сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;

12) өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;

13) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады;

15) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

16) тексерулер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау;

17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

18) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

19) сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заң талаптарын және нормаларын сақтау, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді қабылдау бойынша шара қолдану.

20) сәулет-құрылыс қызметі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

21) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;

2) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау (жобалау-сметалық) және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;

3) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту;

4) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бөлігінде мемлекет мүддесін қорғау үшін сот органдарына шағымдану;

6) құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру;

7) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен әкімдік қаулысының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізуге;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарын жүзеге асыру.

9) Жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындауды қамтамасыз ету және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету.

«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылған «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Маңғыстау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және Маңғыстау облысының жерді пайдалану және қорғау бойынша Бас инспекторы болып табылады.
  4. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады және Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары болып табылады.

Лауазымдық міндеттеріне құрылыстың барысы мен сапасын жедел инспекциялау және бақылауды жүзеге асыру кіретін «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің штаттық қызметкерлері мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады;

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шегінде барлық ұйымдарда білдіреді;

2) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхат береді;

3) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шет елдік орталықтарда және қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша оқытудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;

4) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің банк шоттарын ашады;

5) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

6) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

7) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттігін белгілейді;

8) «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолданутуралы шешім қабылдайды;

9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы шараларды қабылдайды және осы үшін  жеке жауапкершілікте болады;

10) лицензияға және оның қосымшаларына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауға және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге, сондай-ақ басқа да құжаттарға қол қояды;

11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы   басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
  2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және басқа да мемлекеттік мекемелерге жолданатын құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда – орынбасарлары қол қояды.
  3. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

     

4 . «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

 «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса   алғанда)   және   Қазақстан   Республикасының   заңнамасында   тыйым

салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өз қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5 . «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта

ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

ШТАТТЫҚ КЕСТЕСІ

 

 

№

Лауазым атауы

Мемлекеттік қызметшілер лауазым санаттары

Штаттық бірлік саны

1

Басқарма басшысы – бас мемлекеттік инспектор

D-O-1

1

2

Басқарма басшысының орынбасары – мемлекеттік инспектор

D-O-2

1

Лицензиялау және аттестаттау бөлімі

2

Бөлім басшысы - мемлекеттік инспектор

D-O-3

1

3

Бас маман - мемлекеттік инспектор

D-O-4

1

Ақтау қаласы бойынша қала құрылысын бақылау бөлімі

1

Бөлім басшысы - мемлекеттік инспектор

D-O-3

1

2

Бас маман - мемлекеттік инспектор

D-O-4

3

        Жаңаөзен қаласы және аудандар бойынша қала құрылысын бақылау бөлімі

1

Бөлім басшысы - мемлекеттік инспектор

D-O-3

1

2

Бас маман - мемлекеттік инспектор

D-O-4

1

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің барлық саны     10

 

 

Дата публикации
29 апреля 2022