Тулеуов Нуржан Тлепкалиевич 2026 жылдың 03 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына тағайындалды.
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы өңірде аквашаруашылық субъектілеріне мемлекеттік қолдау мақсатында субсидиялар мен төмендетілген пайызбен несиелер алу мүмкіндігі бар екендігін хабарлайды.
Өңірде аквашаруашылық саласын дамытуға бағытталған субсидиялау шаралары төмендегідей қарастырылған:
Аквашаруашылық объектілерінде балық өсіру кезінде пайдаланатын азықтарды сатып алуға жұмсалған шығындардың 30%-ын субсидиялау қарастырылған.
Құртшабақтарды, балық өсіру-биологиялық негіздемені, аквашаруашылықта қолданылатын препараттарды сатып алу, сондай-ақ аналық балық үйірін сатып алу және оны күтіп-ұстау шығындарынның 50%-ын субсидиялау қарастырылған.
Инвестициялық шығындардың 25%-ын өтеуді қарастырады. Атап айтқанда: балық азығын өндіру цехын құру; тоған шаруашылығын құру; индустриялық балық шаруашылығын құру; тор қоршама шаруашылығын құру; көл-товар шаруашылығын құру; балық өңдеу объектісін құру; балық өсімін молайту шаруашылығын құру; аквашаруашылығы субъектілерін сумен қамтамасыз ету.
Су беру қызметтерінің тариф мөлшеріне қарай 60%-дан 85%-ға дейін субсидиялау қарастырылған.
Субсидиялау бағыттары бойынша өтініштерді мемлекеттік цифрлық субсидиялау жүйесі – «Gosagro» (gosagro.kz) арқылы Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасына жіберуге болады.
Балық шаруашылығы саласы бойынша «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (caspiy.kz) арқылы төмендетілген пайызбен несиелеу бағыттары төмендегідей:
1.Ауылшаруашылық өнеркәсіп кешен саласында жобаларға іске асыруға 2,5%-бен 10 жылға дейін несие беріледі.
Каспий теңізіндегі аквашаруашылық және кәсіпшілік балық аулау учаскелері.
Каспий теңізіндегі тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарына арналған 28 учаске бар. Оның ішінде 15 учаске субъектілерге бекітіліп, 13 учаске резервте тұр. Тізімі:https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystaufish/documents/details/993912?lang=kk
Сонымен қатар, Каспий теңізіндегі кәсіпшілік балық аулауға арналған 37 учаске бар. Оның ішінде 34 учаскемен келісімшарт жасалған, 3 учаске резервте.
Тізімі:https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystaufish/documents/details/893475?lang=kk
Балық шаруашылығы саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалануға шақырамыз.
Маңғыстау облысының су объектілерінде рекреациялық
балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 5-8) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай
|
|
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «____» __________ № _____ қаулысына қосымша
|
Маңғыстау облысының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары
|
№ |
Учаскенің атауы |
Орналасқан жері |
Сипаттама |
Учаскенің координаттары |
|
|
Каспий теңізі |
|||||
|
1. |
Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 2 учаскесі |
Аралды жерінен Сағақұдық жеріне дейін |
Ұзындығы, шақырым: 14,5 Ені, шақырым: 0,5 Алаңы, гектар: 725 |
N 44°17'47.54", E 50°25'20.48" N 44°17'16.00", E 50°36'00.00" |
|
|
2. |
Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 5 учаскесі |
Сағындық мүйісінен Ақтау қаласы шекарасына дейін |
Ұзындығы, шақырым: 42 Ені, шақырым: 0,5 Алаңы, гектар: 2100 |
N 44°01'22.50", E 50°52'25.48" N 43°43'29.54", E 51°05'02.90" |
|
|
3. |
Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 5-1 учаскесі |
Ақтау қаласы аумағында |
Ұзындығы, шақырым: 50,5 Ені, шақырым: 0,5 Алаңы, гектар: 2525 |
N 43°43'29.54", E 51°05'02.90" N 43°21'21.95", E 51°18'46.80" |
|
|
4. |
Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 5-2 учаскесі |
Ақтау қаласы шекарасынан Песчаный мүйісіне дейін |
Ұзындығы, шақырым: 21 Ені, шақырым: 0,5 Алаңы, гектар: 1050 |
N 43°21'21.95", E 51°18'46.80" N 43°10'12.77", E 51°15'46.57" |
|
|
5. |
Бесінші балық шаруашылығы ауданы, № 1-2 учаскесі |
Ерсай портынан Құрық ауылы |
Ұзындығы, шақырым: 10,5 Ені, шақырым: 0,5 Алаңы, гектар: 525 |
N 43°11'02.23", E 51°35'19.19" N 43°08'57.38", E 51°39'58.71" |
|
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғандығын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2026 жылғы 23-24 маусымда сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Каспий теңізінің резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Конкурс ҚР АШМ 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін Каспий теңізінің келесі учаскелері конкурсқа қойылады:
1) Бірінші балық шаруашылығы ауданы №1 учаске
2) Екінші балық шаруашылығы ауданы №2 учаске
3) Үшінші балық шаруашылығы ауданы № 5 учаске
4) Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 4-1 учаске
5) Бесінші балық шаруашылығы ауданы, № 1-1учаске
6) Бесінші балық шаруашылығы ауданы, № 4-1 учаске
7) Алтынша балық шаруашылығы ауданы, № 6 учаске
Конкурсқа шығарылатын учаскелер 10 жылға дейінгі мерзімге кәсіпшілік балық аулау шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып, тіркелу қажет (https://e-qazyna.kz/):
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ, қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
3) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген конкурсқа қатысушылар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме).
Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 4 -5 маусым мен 23-24 маусым аралығында сағат 10.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.
Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-78-45, 8 (7172) 74-78-46, 8 (7122) 21-23-88
Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау 15.06-15.07.2026 ж аралығында жүргізілетінін хабарлайды.
ХАБАРЛАНДЫРУ❗️
Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды.
Қысқа мерзімді гранттар саны: 2
Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:
⏳ Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 21 сәуір мен 14 мамыр аралығында сағат 18:30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау:
📧 Электрондық пошта: balyksharuashylygy.mangistau@cisc.kz
🏢 Қағаз түрінде: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, сағат 9:00–18:30 аралығында қабылданады.
✅ Конкурсқа ҮЕҰ деректер базасына тіркелген ұйымдар ғана қатыса алады.
💻 Толығырақ ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптармен мына сайтта танысуға болады:
https://cisc.kz/
→ «Гранттар» → «Гранттар туралы хабарландырулар».
☎️ Байланыс:
+7 (702) 984 98 06
+7 (7172) 79 04 31
+7 (7172) 79 08 07
«MAŃǴYSTAÝ TV» телеарнасында «БІЗ АЙТПАСАҚ...» бағдарламасының тікелей эфирінде «Балық шаруашылығының жағдайы қалай?» тақырыбы кеңінен талқыланды.
Бағдарлама қонағы теңізде 50 жылдан астам тәжірбиесі бар кәсіби балықшы Жолдыбаев Мир ағамыз.
Эфир барысында өңірдегі балық шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйі, өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары және аланы дамыту бағыттары жан-жақты қарастырылды.
Толығырақ келесі сілтемеден көре аласыздар: https://www.youtube.com/live/KxQt1q-Bp3Y?si=HEWUhCA-7KRUPDB-
https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-fish/documents/details/990854?lang=kk