2026 жылдың 2 – тоқсаны бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі туралы

  Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының                           2026 жылдың 2 – тоқсаны бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы           № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 145/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 7 қызмет түрін көрсетеді:

  • №673 - «Аквашаруашылықтың өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту» (электрондық форматта);
  • №674 - «Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу» (электрондық форматта);
  • №674-1 - «Балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау» (электрондық

форматта);

  • №674-2 - «Аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг беру кезіндегі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» (электрондық форматта);
  • №674-4 - «Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау» (электрондық форматта);
  • №692 - «Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау» (электрондық форматта);
  • №693 - «Балық шаруашылығы саласында жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалану» (электрондық форматта);

2026 жылдың сәуір-маусым айларында 1 (бір) қызмет түрі «Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау» бойынша 258 өтініш түсіп, нәтижесі берілген.

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде (8.3) – 258.

Соның ішінде бас тартулардың саны -3.    

Мерзім бұзушылық деректері - 0.

Есептік кезеңде балық шаруашылығы саласы бойынша 6 түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оның ішінде:

сәуір айында – 1.

Басқарма қызметкерлері Ақтау қаласының кәсіпкерлері мен кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындарына Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жүрмелі кеңес тобы жиналысында Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.                                                      

(https://www.instagram.com/reel/DYEGak2Mecp/?igsh=c2FhamtoOGZiczNr)

мамыр айында – 4.

1) Басқарма қызметкерлері Мұнайлы ауданының кәсіпкерлері мен кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындарына Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жүрмелі кеңес тобы жиналысында Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

(https://www.instagram.com/reel/DY3xr7iN6xJ/?igsh=bTRjenUxOXZ5bjBi)

2) Басқарма қызметкерлері Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлері мен кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындарына Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жүрмелі кеңес тобы жиналысында Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

(https://www.instagram.com/reel/DY3yCr6NIMv/?igsh=b3A0dmRxMnRyOTRp)

3) Басқарма қызметкерлері Қарақия ауданының кәсіпкерлері мен кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындарына Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жүрмелі кеңес тобы жиналысында Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

(https://www.instagram.com/reel/DY3zNTEtaxS/?igsh=Z3c5b25pMG1kZHdq)

4) Басқарма қызметкерлері Түпқараған ауданының кәсіпкерлері мен кәсіппен айналысқысы келетін тұрғындарына Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жүрмелі кеңес тобы жиналысында Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

(https://www.instagram.com/reel/DY3ztclNu8u/?igsh=dGg5dTJ4a2o4djV4)

маусым айында – 1.

Басқарма басшысы А. Мулдашев форум барысында Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

(https://www.instagram.com/p/DZuHG8RDdqZ/?igsh=MTJiN25iN3FkejQ0eQ==)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен адам саны – 0.  

 

 

 

 

Дата публикации
26 августа 2026