Маңғыстау облысының қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғандығын хабарлайды.
2026 жылғы 7 шілдеден бастап Маңғыстау облысының қаржы басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
А.ж. 4 қарашасында облыс әкімі Н. Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2025 жылғы облыс бюджетінің орындалысы мен коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттар туралы мәселелері қаралды.
Жиында Маңғыстау облысының Қаржы басқармасының басшысы М. Альбекова жергілікті және республикалық бюджет қаражатының ағымдағы орындалысы мен жыл соңына дейін күтілетін көрсеткіштері туралы баяндама жасады.
2025 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттің меншікті кірістері 103,9%-ға, бюджет шығыстары 88,1%-ға орындалды.
Сонымен қатар отырыста облыстық коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттар және аудан, қала әкімдіктерінің қарамағындағы ғимараттарды пайдалану бойынша ұсыныстар қаралды.
Кеңесте облыс әкімі Н. Қилыбай басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдеріне бюджет қаражытының уақытылы және толық игерілуін, жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге, пайдаланылмай тұрған нысандарды сенімгерлікке беру, сату немесе бұзу механизмдері арқылы қарастыруды жүктеді.
Маңғыстау облысы қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғанын хабарлайды.
«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы тағайындалды
23 қаңтар күні «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы қызметіне Аблай Молдағұлов тағайындалды.
Аблай Молдағұлов 2009 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы ұлттық техникалық университетінде «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2011 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтап, 2012 жылы Ұлыбританиядағы Манчестер университетінде «Мұнай мен газды барлау және өндіру геологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді.
Ал 2024 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Лисаковск қаласындағы «Бахыт-Мұнай» ЖШС филиалының директоры ретінде бастады.
2012-2020 жылдары «Біріккен химиялық компания» ЖШС-де недропайдалану департаментінің менеджері, бейорганикалық және арнайы химия дирекциясының бас менеджері, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту департаментінің жобалық менеджері және активтерді басқару департаментінде жобалар жетекшісі қызметтерін атқарды.
Ал 2019 жылы «Қазақстан-Өзбекстан сауда үйі «Нефтехим Трейдинг» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды.
2019-2020 жылдары «Бутадиен» ЖШС-нің Бас директоры болды.
2020-2021 жылдары «ҚазИнвест» ҰК» АҚ Қостанай облысы бойынша өңірлік директоры қызметін атқарса, 2021 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2021-2023 жылдары «Фармакс-2» ЖШС директорының орынбасары және «IBSPharm» ЖШС директоры лауазымдарында еңбек етті.
2023-2024 жылдары «Center Project» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдан бастап «СтройАстанаСнаб» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Аблай Молдағұлов Қостанай облысы әкімінің инвестициялар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларында директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қосымша жауапты міндеттер атқарды.
Маңғыстау облыстық сотында «Мемлекеттік сатып алу» туралы 2024 жылғы 1-шілдедегі Заңын талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға облыстық соттың судьялары, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, Маңғыстау облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері және Қаржы басқармасы басшысының мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша орынбасары Танирбердиев Д.Б. және бөлім басшылары Джумагамбетов Е.Б., Мауленов Н.К. қатысты.
Семинар сабағы барысында Маңғыстау облыстық сотының судьясы Е.Карабаев аталған заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтініне тоқталды.
Одан әрі Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.Мухаметова 2024 жылғы мемлекеттік сатып алу даулары бойынша әкімшілік істерді қараудың сот тәжірибесіне тоқталса, аталған соттың судьясы М.Мұхашев заңның қолданылуы туралы айтты.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Бекболатов заңдағы ерешеліктерді назарға алып, заңның бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға, екінші блогы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, үшінші блогы өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға, төртінші блогы бәсекелестікті дамытуға бағытталғанын жеткізді.
2024 жылы 1 шілдеде ҚР Президенті «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойды. Заң мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құруға бағытталған. Жалпы, Жаңа Заң: сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыру; сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру; мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейту; бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Заңның жаңалықтары Атырау қаласында Қаржы министрлігінің қатысуымен талқыланды. Заң мәселелерін талқылау нәтижелі өтті.
2024 жылдың 2 тамызында «AMANAT» партиясының алаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаевтың төрағалығымен «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысты жиналыс өтті.
Маңғыстау облысының 2024 жылға арналған жоспары бойынша 4000 (төрт мың) адамды оқыту жоспарланған.
Жоба аясында 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2516 адам (62,9%) қаржылық сауаттылық курстарында оқытылып, сертификат алды.
|
"Қарызсыз қоғам" жобасын іске асыру туралы |
|||||
|
№ |
Маңғыстау облысы |
Жоспар |
Оқытылған лек (поток) саны |
Cертификат алған адам саны |
Пайыздық көрсеткіш, % |
|
1 |
Ақтау қаласы |
925 |
19 |
728 |
78,71 |
|
2 |
Жаңаөзен қаласы |
675 |
13 |
582 |
86,23 |
|
3 |
Қарақия ауданы |
360 |
6 |
218 |
60,56 |
|
4 |
Түпқараған ауданы |
360 |
6 |
150 |
41,67 |
|
5 |
Маңғыстау ауданы |
390 |
9 |
174 |
44,62 |
|
6 |
Мұнайлы ауданы |
660 |
7 |
175 |
26,52 |
|
7 |
Бейнеу ауданы |
630 |
14 |
489 |
77,62 |
|
Барлығы |
4000 |
74 |
2516 |
62,90 |
|
«Таза Қазақстан» атты экологиялық акция қала белсенділері «Ыбықты-Сай» тарихи орнына тазалық жұмыстарын жүргізді , деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы
Бұл акцияға облыстық «Жастар» ресурстық орталығының өкілдері және «Yessenov» колледжінің студенттері белсене қатысты.
- Маңғыстау облысы еріктілерінің ұйымдастыруымен Ыбықты-Сай шатқалына сенбілік өткізуді ұйғардық. Киелі өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттайтын туристер ағыны жыл сайын артып келеді, табиғат-Ананың қымбат қазынасы ретінде мұндай жәдігерлердің бастапқы қалпын бұзбай, жайнап тұруы тікелей бізге байланысты. Ұрпақтың жарқын келешегі туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады,- деді қала еріктісі Амангүл Жамкен
Ыбықты-Сай шатқалы Ақтаудан 60 шақырым жерде орналасқан. Ол Қазақстанның ең терең ойпатында - Қарақияда орналасқан. Бұл шатқал- табиғаттың ерекше туындысы. Көптеген адамдар оны ашық шатқал деп атайды. Миллиондаған жылдар бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды. Таңғажайып лабиринттер мен аркалардың әлеміне енгендей күй кешесіз.