Бөлімнің негізгі функциясы - Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу, сонымен қатар,
- Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарымен өткізілетін мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу;
- «Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес басқарманың әлеуметтік желілерін және облыс акиматының веб-сайтын тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету;
- басқарманың тәртіптік, аттестациялық және басқа да комиссияларының қызметін үйлестіру және қамтамасыз ету;
- басқарма қызметкерлерінің кәсіптік бейімделуін және тәлімгерлік қызметін үйлестіру;
- басқарманың кәсіби дамуы жұмыстарын үйлестіру, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
- әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауын жүргізуді, мемлекеттік қызметшілердің қызметте жылжуы, оларды көтермелеу, қызметтік тексерулер, тәртіптік жауапкершілікке тарту, қызметтен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- «Е-кызмет» бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте өтуіне байланысты құжаттардың ресімделуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;