Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері. Түпқараған ауданы

Түпқараған ауданы

Сабыр түбі – сары алтын

1896 жылы Маңғыстау түбегінде жалғыз ғана қала – Форт-Александровск қаласы болды, себебі бір ғана орталық болғандықтан адам саны мен мекемелер саны және басқа да көрсеткіштері қала статусына сәйкес келмесе де түбектің маңыздылығына байланысты қала болып құрылған.

1921 жылдан бастап қаланың кірісі мен шығысын, яғни бюджеті мен салығын есептейтін мекеме есебінде уездік финанс бөлімі құрылған.Уездік финанс бөлімінің бастығы  Қилыбаев Б  баскарган қаржы бөлімі бұл күнде экономика және қаржы бөлімі болып қайта құрылып, аудан игілігіне қызмет етіп келеді.

Бұған дейін бұл бөлім аудандык қаржы инспекциясы, Форт-Шевченко қалалық қаржы бөлімі болып қызмет атқарды,  оны 1958-1968 жылдары  Қуанғали Дауленов,  1968-1977 жылдарда Арызғұлов Алтынғали, 1977-1997 жылдары Қарабалаев Көңлімқос , 1997-2011 жылдары Қани Сара, Тұрмағамбетова Тұрсынкүл,  2011-2013 жылдары Ермекова Алтынай басқарса, ал 2013 жылдан бастап Төлеген Жанаргүл  басшылық жасап келеді.

          1991 жылы аудандық қаржы бөлімінен кіріс бөлігі өз алдына бөлініп шығып, аудандық салық инспекциясы болып құрылды. Басшылық қызметке Мұңалов  Өмір тағайындалып, ол  1991-2002 жылдар аралығында басқарды. Қазіргі таңда кіріс басқармасы болып өзгертіліп, оған  Өтепбергенова Жанар басшылық етеді.

1991-1999 жылдар аралығында  ауданның жағдайы қиын болды, қызметкерлерге еңбек ақы және мекеменің бірінші кезектегі шығындары тамақ, дәрі-дәрмек, жанар-жағар май т.с.с. төлеуге қаражат болмай, берешек болып, оларды жабу үшін өзара есеп айырысу (взаимозачет) жолдары арқылы мұнай мекемелерінің салыққа бережағы немесе басқа тауар өндіруші мекемелерге бережағы арқылы, заттай төлеу сияқты түрлі әдістерді қолданып тығырықтан шығу жолдары іздестірілді.  1976-1990 жылдары үй-үйді  аралап, жергілікті салықтарын төлеуге  хабарлама таратып, квитанция жазып, тиісті салықтарды  жинадық.

1990-1995 ж.ж. мекемелерді бір-бірімен қосып, ықшамдау, барынша үнемдеу жүргізілді. Мектептер мен ауруханаларда бірінші қажеттілікке керекті тауарлардан басқа заттар алуға ешқандай  қаражат болмады. 1995-1999 жылдар аралығында  жыл сайынғы бюджет көлемі 97 млн.теңге  жобасында ғана болатын,  келесі жаңа жылды 20-25 млн.теңге көлемінде берешекпен қарсы алатын едік. Аудандағы әлеуметтік сала мекемелерін ұстауға бюджет қаражаты жетпей, облыстан дотация алынды .

Еліміз егемендік алып, өзіміздің төл теңгеміз айналымға еніп, теңдік өзімізге тигеннен кейін бастапқы жылдарда қиындықтарға қарамастан 2000 жылдан бастап борыш азайып, бюджетіміз түзеле бастады. Кейіннен ауыл бюджеттері өздеріне беріліп, сондай әдістермен де жұмыс істелді.

 Сондай қиын кездерден өтіп, соңғы жылдарды аудан бюджетінен облыс бюджетіне пайыздық мөлшерде түсімдер – бюджеттік алымдар алынып отыр.

 Жоғарыда аталған ауданның қиын кезінде  қаржы саласында аянбай еңбек етіп, ауданның  экономикалық  дамуына  үлес қосқан, көптеген  қаржыгерлер   Қани Сара, Нарешова С., Садықова Ж., Жыңғылбаева Ы., Ермекова А.  облыстық,  республикалық  деңгейде қаржы салаларына ауысып қызмет атқаруда, ал  Қарабалаев К., Қанаева Т., Ақтілеуова А.  құрметті зейнеткерлікке шықты.

Жалпы көлемі  492 189 гектарды құрайтын ауданымыз алғашында Баутин, Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр ауылдарынан құралған болатын. Кейінен халық санының өсуіне байланысты  және сол ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді  жедел шешуді ұйымдастыру мақсатында Сайын Шапағатов селолық округі және 2014 жылы Түпқараған  ауданының орталығы – Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты құрылды.

Статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, 2016 жылғы  1 шілдеде аудан халқының саны 140 мың адамды құрап, 2007 жылмен салыстырғанда  2,6 есеге өскен.

2009 жылдан бастап аудан бюджетінің  қарқынды дамуының,  әлеуметтік салаға, инвестициялық жобаларға бөлініп отырған қаржы үлесінің көбеюінің нәтижесінде аудандық бюджет кірістері есебінен біршама маңызды жобалар іске асырылып,  халық игілігіне ұсынылды.

Бұл көрсеткіштер 2007 жыл мен 2016 жылдың 1 қыркүйегімен  салыстырғанда салық кірістері 2,4 есеге  өскендігін көрсетеді.

Аудан ашылған жылы бүкіл Түпқараған ауданында тұрғындарға екі ғана балабақша қызмет көрсетіп келсе, Елбасының бастамасымен қабылданған «Балапан» мемлекеттік бағдарламсына сәйкес 9 мемлекеттік балабақша, 2 мектеп жанындағы шағын орталық, 5 жекеменшік балабақшалар ашылды. Сонымен бірге ауданда 2 орта мектепте оқу үрдісін 3 ауысыммен оқытып келген болатын. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1 510 оқушыға арналған 2 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта ауданымызда 8 орта мектеп бар.

 Денсаулық сақтау саласында да денсаулық сақтау нысандары жоқ селоларға 3 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, аудандық аурухана құрамында жедел жәрдем бөлімі, 6 дәрігерлік амбулатория, орталық емхана, тубдиспансер пайдалануға берілді.

Мәдениет, спорт және ақпарат саласы бойынша Таушық селосында 200 орындық мәдениет үйі салынып және Ақшұқыр селосында ауыл клубы, Форт-Шевченкода және Таушық селосында спорт кешені ашылды.

          Аудан тұрғындарын құбыр арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілді. 2008 жылы Форт-Шевченко қаласы және Баутин «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржы есебінен Форт-Шевченко қаласы және Баутино поселкесіндегі ауыз су және лас су құбыры іске қосылды. Сонымен қатар, Ақшұқыр және Сайын Шапағатов селоларын селоішілік және резервуар су құбыры құрылысының жұмыстары жүргізіліп, осы жылы пайдалануға беріледі.

    Қазіргі таңда аудан әкімі Т.Асауов, әкім орынбасарлары С.Ерғазиев, А.Алтынғалиев және аудандық экономика және қаржы бөлімінің  басшысының міндетін атқарушы А.Исатаевалардың басшылықтарымен  ауданның қаржы саласы мамандары  жоғарғы кәсіби шеберлігімен  және асқан жауапкершілікпен  аудан бюджетінің қаражатын сапалы жоспарлап, оның тиімді орындалысын бақылауда.

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен   «Ұлттық валюта күніне» және Қаржы жүйесінің құрылғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында барлық қаржыгерлерді құттықтаймыз! Еліміздің экономикасын нығайтуға, ортақ табысты молайтуға және жоғары белестерден көрінуге бағыттталған еңбектеріңіз жемісті болсын!

Ж.Төлеген,

Түпқараған аудандық экономика және

қаржы бөлімінің басшысы

Дата публикации
27 января 2020
Дата обновления
27 января 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
01 февраля 2022
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік сатып алуды өткізу
01 февраля 2022
Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы