

Қарақия ауданы
Болашағы зор Қарақия
1973 жылы іргетасы қаланған Қарақия ауданының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары аз емес. Ауданның экономикалық өсу қарқыны мен қаржының игерілу дейгейіне көз жүгірте отырып, әлемді шарпыған дағдарыстың алдын алу шараларын дұрыс жолға қою арқылы тығырықтан шыға білетін ауданның бірі.
Еліміздің тәуелсіздік алып, тоталитарлық жүйенің қыспағынан құтылып, қарыштап даму жолына түскелі ширек ғасыр уақыт өтті. Осы уақыт аралығында еліміз ғасырға тұрарлық жетістіктерге қол жеткізді. Бұл, сөз жоқ, еліміздегі экономиканың дұрыс жолға қойылғандығының айқын белгісі. Бұл – нарықтық экономиканың дүниежүзілік озық тәжірибесін қазақстандық, бейімді экономикаға шебер пайдалануды көздеген Елбасымыздың сындарлы саясатын жүзеге асырып отырған қаржы жүйесі қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің жемісі. Қазіргі таңда аудандық экономика және қаржы бөлімінде 6 мемлекеттік қызметші және 9 негізгі қызметкер жұмыс жасайды.
1993 жылы аудан бюджетінің көлемі 1 575 748 теңге болып бекітілген. Штат бірлігі 13 қызметкерден тұрған. Одан бері 1995 жылдың 7 сәуірінде алғашқы рет аудандық мәслихаттың VI сессиясында «Ауданның 1995 жылы арналған бюджетін бекіту туралы» қаулысы қабылданды, көлемі – 1 673375 теңге. 2000 жылға аудан бюджеті 193 663 мың теңге көлемінде, 2005 жылға – 1 098 930 мың теңге көлемінде, 2010 жылдың бюджеті 2 253 230 мың теңге көлемінде бекітілген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 11 372 263,1 теңге болды.
Ауданда 1995 жылдары 1260 орындық 12 балабақша болды. 2002 жылы 35 орындық 1 балабақша ашылды. 2005 жылы барлығы 110 орындық 2 балабақшаға көбейді. 2010 жылы барлығы 1068 орындық 11 балабақша. 2016 жылы барлығы 2039 орындық 16 балабақша жұмыс жасауда.
1995-2016 жылдар аралығында аудан бойынша 16 мектеп бар, оның ішінде 2015 жылы №5 және Құланды орта мектептері пайдаға жарамсыз болғандықтан жаңа мектептер салынып, 2015 жылы 1қыркүйекте пайдалануға берілді.
Аудан бойынша 2007, 2013, 2014, 2015 жылдары бір-бір емханадан салынып, пайдалануға берілді. Барлық емхана дәрігерлермен қамтылды.
Мемлекеттік мекемелердің штаттық кестесі бойынша 2337 кызметкер, оның ішінде мектептерде – 1990 қызметкер, балабақшалар бойынша 469 қызметкер бар.
Ауданда бюджет кредиттен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2010-2016 жылдары 490 764,07 мың тенге көлемінде 410 маманға көтерме жәрдем ақы және 194 маманға тұрғын үй сатып алуға 2 200 329,9 мың теңге қаржы бөлінді.
Аудан бойынша 2010-2016 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына– 526 888 874,40 мың теңге, ауылішілік жолдарды жөндеуге – 22 363 000,00 мың теңге.
Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелері туралы 2010-2016 жылдар аралығында елді мекен бойынша 886 тұрғынға 45,7 гектар жер учаскелері берілді.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен қаржы жүйесінің құрылғанына 95 жылдығы қарсаңында Қарақия ауданының экономикалық өсіп-өркендеуіне білімі мен күш-жігерін аямай, адал қызмет етіп жүрген білікті мамандар сый-құрметке де, марапат-мадақтауға да лайықты деп есептейміз.
1973 жылы жаңадан Шәбден Ералиев ауданы ашылды. Сол жылы Ш.Ералиев атындағы ауданның партия комитетінің бірінші хатшысы болып Юрий Георгиевич Казаченко, ал қаржы бөлімінің бірінші басшысы болып А.Құдайбергенов тағайындалды. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Қарақия ауданының экономика және қаржы бөліміне Әлия Жұмабайқызы Әбдіхалықова басшылық етіп келеді.
Сондай-ақ аудан әкімі Ә.Дауылбаев, аудан әкімінің орынбасарлары А.Қ.Түркіменбаев, Қ.Ә.Беков, аппарат басшысы А.Б.Таубаев және Қазынашылық басқармасының басшысы С.Боранбаева мен аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Б.К.Абилов ауданның қаржы саласына және дамуына үлкен үлес қосып, аянбай жұмыс жасап келеді. Азғана уақыт ішінде еліміздің мемлекеттік бюджеттің атқарылу деңгейін сапалы деңгейге көтеруге, бюджет қаражаты қозғалысының ашықтығына қол жеткізегенін айта кеткен жөн. Бұл жерде қаржы, қазынашылар мен мемлекеттік кірістер басқармасының енбектері айрықша.
Сөзімізді қорытындылай келе, ауданның экономикасы мен қаржысын нығайтуға, ауданымыздың жоғарғы белестерден көрінуіне мамандарымыздың қосқан үлесі мен еңбектері орасан зор екендігін атап айтқымыз келеді.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, еліміз тыныш, басымыз аман болсын, ағайын дегіміз келеді.
Сондай –ақ Қазақстан қаржы жүйесіне 95-жыл толып отыр. Бұл да барлық қаржыгерлерге ыстық мерейтой. Барша әріптестерімізді құттықтай отырып, жұмыста табыс пен биіктерден көрінулеріңізге тілектеспіз!
Әріптестер, құтты болсын мерекең!
Бірлік пенен арта берсін берекең!
Қаржымыздың ортаймасын қазаны
Сонда ғана, тереземіз тең екен!
Жеңіл өтсін жерімізде дағдарыс,
Жайлы болсын елімізде жан бағыс.
Бәрінен де мықты болсын денсаулық,
Аман болсаң, атқарылар қалған іс!
Бақытты өмір тарқамасын базарың,
Гүлдей жайнап, жарқырасын ажарың!
Әр адамның нәпақасын сыйлайтын –
«Қаржы» атты ортаймасын қазаның.
А.Әбдіхалықова,
Қарақия аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы