Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Қазынашылық  – әрқашанда уақытпен бірге

1994 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанынан Бас қазынашылық басқармасы құрылды. Бұл – бюджеттің орындалуы бойынша құрылған орган болатын. Оған бухгалтерлік есеп бойынша бюджеттік басқару, сондай-ақ қаржы жүйесі мен бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп әдістемесі функциялары берілді.

Ұлттық банктің есептеу-кассалық орталықтары бар аймақтарда қазынашылық жүйесін құрудың алғашқы сатысында аумақтық қазынашылық басқармалары құрылды. Олар бюджет қаражатының түсімдерін қадағалады және оларды мемлекеттік мекемелердің шотына аударатын. Аумақтық басқармалар заңды тұлғалар болды, олардың ҚР Ұлттық банкінің мекемелерінде дербес шығыстар сметалары, ағымдағы шоттары болды.

1995 жылы Қазынашылық халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін Қазақстан Республикасының кірістері мен шығыстарының бюджеттік сыныптамасы әзірленді. Оған қоса қазынашылық жүйесінің функционалды бөлігі зерттеліп жатты.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық банктің есептеу-кассалық орталықтары Қазынашылықтың басқаруына беріліп, соның базасында Бюджет банкі құрылды. Бұл, банк бөлімшелері мен облыстық қазынашылық басқармалары тығыз байланыста, бюджеттік ұйымдардың төлемдерін өңдеудің жаңа технологиясын меңгере отырып жұмыс істеуі үшін ауыспалы кезеңде құрылған банк.

1998 жылдың қаңтарында Бюджет банкі таратылып, бюджеттің кассалық атқарылу функциясы аумақтық қазынашылық органдарына өтті.

ҚР Үкіметінің 29.10.2004ж. №1129 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілді. Оған сәйкес, Комитетке ҚР Қаржы министрлігі орталық аппаратынан республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын енгізу; несие мен қаржылық мөлшердің бюджетке қайтарылымын беруде республикалық бюджетке назар аудару; үкіметтік және мемлекеттік кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету; жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау – мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыс есебінің мониторингі; Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқаруда республикалық бюджетке борыштанушыларды талаптармен бақылау сияқты жаңа міндеттер берілді.

Қазынашылық департаменті өз қызметінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, жергілікті бюджеттерге түсімдерді бөлу нормативтерін жүргізу, қолма-қол ақшаны бөлу шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (КСС)  шоттарын жүргізу, аудару операцияларын, олардың есептерін жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен тығыз байланыста.

Департаменттің маңызды функцияларының бірі – төлемдерді өткізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, яғни төлем шоттарының:

-төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;

- тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге;

- бірыңғай бюджеттік сыныптамаға;

Қазақстан Республикасының бюжеттік заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру болып табылады. Бұл мемлекеттік мекемелер мен КСС тарапынан Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, басқа да нормативтік-құқықтық актілері талаптарының бұзылуының алдын алуға септігін тигізеді.

Бүгінгі күнде бүкіл аймақтың тіршілігі қазынашылық органының оперативтік жұмысына тәуелді. Қазақстанның экс-Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, «қазынашылық – мемлекеттік қызметтің жүрегі мен күретамыры» деп бағалады.

Маңғыстау облыстық қазынашылық басқармасы, қазіргі Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті 1995 жылғы 7 шілдеде ҚР Қаржы министрінің 07.02.1995ж.  бұйрығымен штаттық саны 7 адам болып құрылды. Қазынашылық органының негізін салушы және тұңғыш басшысы, қаржы саласында 33 жыл еңбек еткен Амангелді Ахабаұлы Құдайберген болды.

2006 жылдан бастап Департаментті тәжірибелі қаржыгер Қаншайым Жүсіпқызы Кигликова басқарып келеді.

Қазынашылық органының кадрлық құрамын қалыптастыру принциптерінің бірі жас және тәжірибелі мамандарды үйлестіру болып табылады. Бүгінде Департаменттің штаттық саны 111 бірлікті құрайды. Қызметкерлердің 93 пайызы жоғары білімді, орташа жас – 37 жыл және қызметкерлердің жалпы санының 95 пайызы – әйелдер. Олардың ішінде 1995-1998 жылдардан бері істеп келе жатқан Ж.Бердиева, М.Өтенова, М.Сардарбек, К.Қуандыкова, С.Омарова, Г.Мұратова, М.Досқалиева,  Б.Жайлиева, С.Борамбаева тәріздітәжірибелі қаржыгерлер жетерлік. Сонымен қатар, қаржы жүйесінің ардагерлерін де атай кеткен жөн, олар - Ж.Кұдабаева, Н.Жандулова, З.Оңдасынова.

Департаментте Ардагерлер кеңесі жұмыс істейді, оған зейнет жасына жеткен департаменттің бұрынғы қызметкерлерінің бәрі кіреді. Олар қызметтік этика нормалары мен заңдардың сақталуы бойынша өздерінің бай кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қызметте практикалық, кеңестік және әдістемелік көмектерін көрсетеді. Ардагерлер кеңесінің мүшелері департаментте өтетін барлық шараларға үзбей қатысады.

Департаменттің Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандық және Жаңаөзен қалалық қазынашылық басқармалары сынды өз аумақтық бөлімшелері бар. Басқарма басшылары  К.Қуандыкова, С.Омарова, А.Сахарбаев, Б.Жайлиева, С.Борамбаева, Г.Тілегенова  – мол жұмыс тәжірибелері бар қаржыгерлер.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік мекемелері (ерекше жұмыс тәртібіндегі мекемелерді қоспағанда), республикада алғашқылардың бірі болып «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне 100 пайыз қосылған. Бұл ақпараттық жүйе ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті мен аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелермен электрондық құжат айналымы жүйесі болып табылады және онда бюджет қаражатының нақты уақыттағы режимдегі аударулары тіркеледі, олардың мақсатты жұмсалуы қадағаланады. Жүйенің мақсаты –мемлекеттік бюджетті атқару және оған қызмет көрсету процесін жеделдету жолыменқазынашылықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысының тиімділігін арттыру. Осы жүйенің көмегімен мемлекеттік мекемелер онлайн режіимінде өз шоттарын басқара алады, шоттардың жағдайы, ондағы қалдық ақша, төлемдердің жағдайы туралы ақпаратқа ие болады. Электрондық құжат айналымына көшуге байланысты, қазынашылық органына қаржылық құжаттарды жеткізу, оларды өңдеу, төлемдерді өткізу уақыты, қағаз, автокөлік шығындары  қысқарды, мемлекеттік мекемелердің өздері өткізген қаржылық операциялар бойынша көшірмелер, есептілік нысандарын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды. Қаржылық құжаттарды мемлекеттік тілде  қалыптастыруға да болады, бұл іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік мекемелер үшін маңызды. 

Электрондық түрде төлемдер мен аударымдарды өткізу кезіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар кешеніне ақпаратты қорғау жатады. Төлем жүйесінде байланыс каналдары бойынша берілетін ақпараттық қорғаудың ең сенімді құралдарының бірі – криптографиялық қорғау тәсілі, мұнда оған баратын жол емес, ақпараттың өзі қорғалады.

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша  Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық қазынашылық бөлімшелері барлығы 526 мекемеге, соның ішінде – 515 мемлекеттік мекемеге (83 республикалық, 432 жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер) және 11 квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қазынашылық қызмет көрсетеді. 

Сондай-ақ, департаментте мемлекеттік бюджеттерді атқару бойынша бюджеттік процесс сапасын арттыру мақсатында ай сайын мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметі қызметкерлерімен кеңес беру- оқыту семинарлары өткізіліп тұрады.

Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіне тоқсан сайынғы рейтинг жүргізіледі және біздің орган бірнеше жылдар бойы алғашқы орындарда. Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін, олардың жұмыс сапасы мен тиімділігін анықтау мақсатында олардың қызметін бағалау жүргізіліп келеді.

Жалақыларының айтқандай жоғары болмауына  қарамастан, қызметкерлер өз кәсіптеріне адал, облыстың барлық мемлекеттік мекемелеріне уақтылы қызмет көрсетіп келеді, мекемелердің уақтылы жалақыларын алуы, зейнетақы төлемдерінің дер кезінде кетуі, т.б. жұмыстардың уақтылы  орындалуы өз жұмыстарына байланысты екенін сезінеді.

Аз ғана уақыттың ішінде еліміздің мемлекеттік бюджеттің атқарылу деңгейін сапалы деңгейге көтеруге, бюджет қаражаты қозғалысының ашықтығына  қол жеткізгенін атай кеткен жөн. Бұл жерде қазынашылардың да айтарлықтай еңбектерінің  бар екендігі сөзсіз.

Қазіргі күнде қазынашылық органдары алдында Елбасы Жолдауын іске асыру, бюджет заңнамасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету,  ақпараттық қауіпсіздік пен басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылығының алдын алу және электрондық шот-фактураларды енгізу бойынша қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін ары қарай жетілдіру бойынша  міндеттер тұр.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.06.2016ж. №П/Р-342  тапсырмасын орындау мақсатында, «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» ААЖ мен «Қазынашылық-клиент»АЖ электрондық шарттар мен қосымша келісімдер деректерін беруге қатысты  өндірістік базаға интеграция жасау жүргізілді.

Бұл интеграция мемлекеттік сатып алу порталында шарт жасалғаннан кейін қазынашылық жүйесінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді автоматты түрде жасауға және шарттар мен келісім-шарттарды тіркеуді алып тастауға мүмкіндік берді.

Қазынашылық органдарына  мемлекеттік ресурстарды пайдалануды бақылау бойынша қаржылық қалқан ретінде ерекше функция берілген, әрқайсымыз өз еңбегімізбен ел бюджетінің сенімділігін және оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп отырмыз.

Құрметті әріптестер!

Биыл еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін атап өтпекпіз. Бүгінде бізөз тарихи миссиямызды орындаудамыз –тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құру үстіндеміз. 25 жылдың ішінде қуатты мемлекет, жаға экономика және жаңа біртұтас қоғам құрылды. Сондай-ақ, Қазақстанныі қаржы жүйесіне 95 жыл толып отыр. Бәрімізге де айрықша мәнді осы кәсіби мерекеде, өз күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді қанша жылдар бойы беріп келе жатқан іске деген мақтаныш сезімі жүректеріңізге нұр берсін!

Дата публикации
27 января 2020
Дата обновления
27 января 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
01 февраля 2022
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік сатып алуды өткізу
01 февраля 2022
Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы