Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Еліміздің тәуелсіздік алған 25 жылының бойында  салық жүйесі республикамыздағы саяси және экономикалық өзгерістерге сай, салық салу жүйесімен байланысты мәселелердің ауқымына қарай өзгеріп, реформаланып  отырды. 

1991 жылға дейін,  ел  экономикасы  дамуын басқарудағы әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында салықтар бөлу-қазынашылық функциясын атқарған болатын. Ол өндірістің тиімді дамуын, жаңа технологияларды енгізуді, тауар өнімдерін көбейтуді  ынталандырмады. Шын мәнінде белгілі бір көлемде және реттелген бағасында салынған салықтар  бюджетке автоматты түрде, салық төлеушінің тиімділік дәрежесі ескерілмей өткізілетін.

1991 жылы салық органдарына тәуелсіз мемлекеттік басқарма статусын берумен  салық құрылымын құрудың жалпы принциптері, салық өндірудің, жинаулар мен төлемдердің сәйкес бюджеттерге төленуі анықталып,  белгіленді. Салық төлеушілердің бюджетпен салықтарды дер кезінде және толығымен есептесуі барысындағы  құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері анықталды. Салықтардың жаңа түрлерін енгізу механизмі, мөлшерлемелердің көлемі, сонлай-ақ салықтық жеңілдіктер заңдастырылды.

25 жылда тек салық салу жүйесі ғана емес, сондай-ақ  республикамыздың салық қызметінің өзі де бірнеше рет құрылымдық реформалаудан өтті.

1990 жылға дейін Қазақстан  Республикасының  салық салу мәселелеріне  байланысты өз заңнамалық актілері болған жоқ-тын, жалпы салық саясаты республикадан тыс жерде қалыптасқан еді. Әрине, бұл егеменді дербес мемлекет үшін болмайтын жағдай еді.

Сөйтіп, 1991 жылдың 24 желтоқсан күні елімізде  «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы»  заңы қабылданды. Заңда  16 жалпымемлекеттік,  10 жалпыміндетті және 17 жергілікті салықтар қарастырылған болатын, бұл заң мемлекет экономикасын реформалау бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі еді.

Салық органдарын құрудың басында болған, салық жүйесінің дамуына үлкен үлес қосып, аянбай еңбек еткен, өз тәжірибелерін  жас мамандарға үйреткен  еңбек ардагерлерін айтпай кетпеуге болмайды, олар –   Тұрғамбаева Ж.Ж., Ли Л.А., Коломейцева Л.П., Бақалбаева Г.С., Пан Т.Д., Әленов С.С., Албытов Ж., Байбектиева К.Ж.,  Сисенғалиева Н.О.

2008 жылғы Салық кодексі қолданыстағы салық заңнамасы негізінде Қазақстанның сол кезеңдегі  даму кезеңінің әрекеттегі жағдайына мұқият ревизия жасауымен және де Елбасының анықтап берген стратегиялық бағыттары шеңберінде дәлме-дәл  жасалды. Қазіргі таңдағы даму шарттары салық органдарының көрсететін қызмет түрлерінің сапасы мен түрлерін  жақсартуды талап етеді, бұл – салық органдарының бүгінгі күнгі стратегиялық мақсаты. Соңғы 4 жыл бойына бұл бағытты бағалау турасында «САНДЖ» тәуелсіз зерттеу орталығының бағасы пайдаланылады.

Қызмет көрсетудің келесідей параметрлері бойынша оң серпін байқалады: ақпараттың уақыттылылығы және мазмұндылығы, қызметкерлерге қанағаттанушылық. Күннен-күнге салық төлеушілердің салық органдарына деген сенімі артып,  жергілікті салық органдары мамандары туралы пікірі жақсарып келеді.

Электронды қызметті дамыту бағытында  салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін Салық комитеті сайтында  «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы жүзеге асқан, ол салық төлеушіге келесідей мүмкіндіктерді ұсынады:

  • салық есебін толтыруға және ұсынуға;
  • бұрын тапсырған салық есебінің формаларын тауып қарауға;
  • салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, пенялар мен штрафтарды ееспке алу/қайтаруға салық арыздарын ұсынуға;
  • салықтық бережақтың, зейнеткерлік жарна мен әлеуметтік аударымдардың бар/жоғы туралы мәлімет алуға салық арыздарын ұсынуға;
  • құжаттық тексеру өткізу туралы салық арыздарын ұсынуға;
  • салық органдарының хабарламаларын алуға;
  • регистрациялық мәліметтерді, дербес шоттарды, тіркелген салық салу нысандары туралы ақпараттарды қарауға, т.б.

 2014 жылдың 6 тамызында Елбасы Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім қабылдады, бұл реформаның мақсаты – уәкілеттіктердің қосарланушылығын болдырмау еді. Бұрын өз алдына дербес ведомстволарды – салық комитетін,  кедендік бақылау комитетін және қаржы полициясын (экономикалық қылмыстарды тергеу бойынша)қосу туралы жарлық шықты.

Осы 3 ведомствоны қайта құру негізінде біртұтас мекеме –  Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті құрылды. Оны қазіргі таңда   Тілегенов А.Б. басқарып отыр, орынбасарлары – Тасмағанбетов Қ.Н., Қаспақов М.К.

Үш комитеттің симбиозы Мемлекеттік кірістер комитеті деп аталады. Жаңа ұйым Қаржы министрілігінің құрамына енді, оның аумақтық бөлімшесі –  Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті.       

Департаменттің міндеттеріне:  салықтардың, басқа да бюджетке міндетті төлемдердің уақтылы түсуін, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін  қамтамасыз ету, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету жатады.

Мемлекеттік кірістер  комитеті құрылымы үш сатылы: Орталық – Облыс – Аудан,тек жаңа функционалды міндеттермен.  Аудандық деңгейдегі бөлімшелерден бақылау функциялары алынып тасталды, оларда  тек қана салық төлеушілерге сервистік қызмет көрсету қалды.  Қосалқы бөлімшелер оңтайландырылды, қосарланушыбизнес-процестер шығарып тасталды, персоналдың саны қысқартылды.

Жаңадан құрылған ведомство реформаларды тәуелсіз сараптау мен салық төлеушілермен сындарлы диалог құруға мүдделі. Бизнеспен ынтымақтастық – бұл үрдістер мен сұраныстарды біліп отыру, күрделі сұрақтарды анықтап, оларды жұмыс бабында пайдалануға бағыттау, сондай-ақ бұл қабылдайтын шешімдердің тиімділігі мен уақыттылылығын  бағалауға мүмкіндік беретін актуалды мағлұматтардың түпдерегі.  Бұл бағытта біздер шетел компанияларының, бизнес-ортаның, түрлі қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан азаматтарының  белсенді де конструктивті қатысуын күтеміз.

Салық қызметінің құрылған күнінен бастап жасаған  жұмысын қорытындылай келе, біздің мемлекетіміздің салық жүйесін реформалау процессі  салық заңнамасын жетілдіруге, мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге бағытталғандығын атап айтқымыз келеді. 

Дата публикации
27 января 2020
Дата обновления
27 января 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
01 февраля 2022
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік сатып алуды өткізу
01 февраля 2022
Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы