Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. «ҚР Ұлттық Банкі» РМБ Маңғыстау филиалы

Ұлттық валюта – Тәуелсіздік  символы

Қазақстанның 25-жылдығы – мемлекеттің кемел шағының жасы, бұл еліміздің үлкен және маңызды жеңістерінің тарихы.

 Өткен жылдар еліміз үшін ерекше болды: егеменді мемлекеттілігіміздің, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуы, өз Конституциямызды  және заңнамалық актілерді қабылдау,  өз мемлекеттік валютамызды енгізу, еліміздің даму бағытын белгілеу сияқты ұлы істер атқарылды. 

Қазақстан өзінің  дербес өмірінің ең алғашқы сәттерінен-ақ  дамыған экономика құруға және көршілес елдермен достық қарым-қатынаста болуға бағыт алды. 

90-жылдардың бастапқы шенінде банк жүйесін реформалау қажет болды.    1991 жылы елімізде нарықтық экономикаға тән екідеңгейлі банк жүйесі қалыптасты.

Осы сәттен бастап Ұлттық Банк ақша-несие саясатына және тұрақты отандық банк жүйесін қалыптастыру стратегиясына  жауапты мемлекеттік  органға айналды.   

Үкімет пен Ұлттық Банкінің осы жылдары жүргізген  шараларының барлығы да  ақша-несие саласын түбегейлі реформалауына бағытталған еді. 

Теңгені айналымға енгізген кезде Қазақстан  экономикасы өте ауыр халде болатын. Бұл кезеңде Ұлттық Банк шындығында коммерциялық банктің  қызметін жасаған-ды, ал бұл дегеніңіз орталық банктің статусына тура келмейтін еді. Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банкке мекемелерге тіке несие беруіне, сондай-ақ экономикаға несие беруіне тыйым салынды. Экономиканы несиелендіруді екінші дәрежедегі банктер еншісіне беріп,  Ұлттық Банк бар күш-жігерін банктік қадағалауды қатар құра отырып инфляцияны төмендетуге және ұлттық валютаны тұрақтандыруға жұмсады. Осы кезеңде  пруденциалды реттеудің нормативті базасы қалыптастырылды,  екінші дәрежелі банктерге минималды резервті талаптар, жарғылық капиталдың минималды өлшемі, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің тәуекелді активтеріне деген қатысы, өтімділік коэффициенті, бір қарыз алушыға деген тәуекелділіктің максималды мөлшері  тағайындалды. 

Ұлттық валютаны қолданысқа енгізгеннен соң еліміз өзінің тәуелсіздігінің іргетасын  одан сайын нығайтты.  Бұл ұлттық валютаны нығайту жолындағы және басқа да реформаларды өткізу барысында кездесуі ықтимал қиындықтарға қарамастан, Қазақстаннның экономикалық егемендігін жүзеге асыру үшін жарқын ынталандыру іспетті болды.  Қазақстандық банк жүйесін құру, дербес ақша-несие және  бюджеттік-салықтық саясатты жүргізу, экономиканы нығайту және еліміздің қарқынды дамуы  көбіне-көп ұлттық валютаны қолданысқа енгізумен мүмкін болды. 

Теңге – құны толымды ұлттық ақша бірлігі, ол өзінің негізгі міндеттерін ойдағыдай орындайды: құн өлшемі, төлем, жинақтау және айналым  құралы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының өз символы бар – ол (〒). Бұл теңгенің графикалық бейнесі транскрпициясында «т» дыбысын  беретін көнетүркі әліппесінің әрпі болып табылады, ал «т» әрпінен «теңге» сөзі басталады, сондай-ақ   «т» әрпінен басталатын «тәңірі» сөзі бар.  Бұл символ ақша бірлігінің тұрақтылығын, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының жоғары мүмкіндігін, даму және өсу қарқынын  білдіреді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі еліміздің экономикасына, ел азаматтары мен экономикалық субъектілерге зиянын тигізетін жалған ақша жасаушылықпен  күресуге бағытталған шараларды үнемі жүргізіп келеді.

Теңге – әлемдегі ең қорғалған валюта болып табылады. Мұнда ең алдыңғы технологиялар қолданған. Жаңа банкноттардың дизайны мен қорғаныс белгілерінде  банкнот басып шығару саласындағыхалықаралық тәжірибеде қолданыстағы ең жоғары, соңғы жетістіктер қолданылған, олар:  бейнелердің бедерлілігі, бояулардың металлдай жалтырауы, цифрлардың әртүрлі биіктігі, өте күрделі су белгісі, қағаздың өте жоғары дәрежедегі қорғалуы, бет жағы мен теріс жағындағы аса күрделі түс реңдерінің ара байланысы.

Қазақстан Республикасында ақша айналымындағы банкноттар мен монеталармен қоса  асыл (алтын, күміс) және асыл емес металлдардан жасалған өз номиналына сай төлем төлеуге қабілетті мерейтойлық және естелік монеталары айналымда бар, бірақ олардың негізгі мақсаты – мәдени-ағартушылық, олардың ішінде әлем мойындаған үлгілері де бар. 

Қазақ монеталарының әлемдік каталогтарға енуі және олардың нумизматикалық құндылыққа айналуы  біздерді өте қуантады, олар туралы  небір әңгімелер мен аңыз-әпсаналар айтылып жүр.  Ал кейбіреулері тек еліміздің аумағында ғана емес, әлемдік деңгейде нағыз сирек кездесетін құнды дүниеге айналды.

Теңге  өз тарихында ұлттық валютаны айналымға енгізудің қажеттілігін дәлелдеп, ақша-несие саясатының Қазақстан халқының  игілігіне  жасалып жатқандығын және ел экономикасын нығайтуға бағытталғандығын көрсетті.

ҚР Ұлттық Банкінің  Маңғыстау облыстық филиалы өз бастауын 1973 жылдан алады.

Мемлекеттік банк  конторасы Маңғыстау аумағының дамуына, оның өндірісі, сауда-саттығы,  ауыл шаруашылығы, қала мен өндірістік  нысандардың құрылысының дамуына үлкен үлесін қосты. Республика аумағындағы ірі өндірістік нысандар болып келетін Каспий тау-кен комбинаты (Прикаспийский горнометаллургический комбинат), «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігі,  Маңғышлақ энергокомбинаты (шапшаң нейтрондармен жұмыс жасайтын әлемдегі ең алғаш БН-350атом сутұшытқышы), Қазақ газ өңдеу зауыты,  «Мангышлакрыбхолодфлот»мекемесі сияқты нысандарды несиеледі. 1990  жылдың желтоқсан айында, облысты қайта құрғаннн кейін тағы да КСРО Мемлекеттік банкінің Маңғыстау облыстық басқармасы құрылды.  Бақарама басшылығына  Сатқынова  Фану Сатқынқызы тағайындалды. Кейін ол ҚР Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалының директоры болып тағайындалды.

1993 жылдың қараша айында ұлттық валютамыз – теңгені айналымға енгізгенде ақша айырбастау жұмысын ҚР Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалы және облыс аудандары мен қалаларындағы 5 есеп-кассалық орталықтары  үйлестірген болатын.  Сол жұмыстардың басы-қасында болғандар күні бүгінге дейін Маңғыстау филиалында жұмыс істейді.

Маңғыстауфилиалына Ұлттық Банктің мемлекеттің ақша-несие саясатын,  валюталық реттеу мен валюталық бақылауды,  тұрақты қаржылық жүйені қалыптастыруды қамтамасыз етуге, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалаудыжүзеге асыруына,  сондай-ақ қаржылық қызметтерді пайдаланушылардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті дәрежесін қамтамасыз етуге ықпал ету жүктелген.

Филиал өзіне жүктелген міндеттерге сай  шаруашылық жүргізуші субъектілерді уақтылы және толықтай  екінші дәрежедегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету  функцияларын атқарады.

Маңғыстау филиалы  мемлекеттік емес сектордың басқа елдермен сыртқыэкономикалық ағынына бақылау жасау мақсатында төлем балансын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Филиал Ұлттық Банкінің қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту шараларына қатысады. 

Тәуелсіздік жылдары банксекторы экономикамыздың түрлі кезеңдерінен өте білді, сөйтіп өзінің мықтылығын дәлелдеді. 

Бүгінгі күндері облысымызда әрекет ететін: екінші дәрежедегі банкілердің  23 филиалы (облыс орталығында  – 21 филиал), 82 қосымша ғимараттары,  96  ақша айырбастау пункті, олардың 88-і – банктер, уәкілетті ұйымдар –  6, «Казпочта» АҚ – 2 бар. Оған қоса аумағымызда  2 микроқаржылық ұйым бар.

Тәуелсіздік жылдарын адамның өсу, қалыптасу кезеңдерімен салыстыруға болар еді. Өткен жылдар мемлекеттің мықты негізін қалады.

Тәуелсіздіктің әрбір өткен жылымен біздер  есейіп, кемелденіп, батыл да сенімді бола түсудеміз. Біздің тарихымыз әрқашан да жадымызда: бітірген шаруалар  мен басымыздан өткергенді бағалай отырып, еліміздегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көріп отырмыз. 

Бүгіндері Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың абыройлы мүшесі, экономикасы дамыған және шаруашылық әлеуеті жоғары заманауи демократиялық мемлекет.  Әлем алдында қазіргі Қазақстан – бұл дегеніңіз ұлы халық хәм ұлы ел!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге шынайы, адами бақыт, мықты денсаулық, бейбітшілік, түсіністік пен достық, әрбір отбасына байлық пен молшылық, ертеңгі күнге деген сенімділік, еліміздің өркендеуі жолында сәттіліктер  тілеймін!

В. ЧЕУСОВ,

«ҚР Ұлттық Банкі» РМБ

Маңғыстау филиалының директоры

Дата публикации
27 января 2020
Дата обновления
27 января 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
01 февраля 2022
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік сатып алуды өткізу
01 февраля 2022
Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы