Маңғыстау облысының 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2016 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру басталды.
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2016 жылдың 1-тоқсанында 484,9 млрд. теңгені, ЖӨӨ-нің нақты өсімі – 99,4% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 770,6 мың теңге көлемінде қалыптасты (ҚР бойынша орташа – 525,9 мың теңге).
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2016 жылдың қаңтар-маусымында қолданыстағы бағада 875,0 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,6% құрады.
Төмендеу, жалпы көлемде үлесі 86,4% құрайтын кен өндіру өнеркәсібіндегі (755,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді) НКИ-дің (97,1%) азаюымен байланысты болды. Негізгі себеп – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай өндірудің 3,4%-ға төмендеуі, өндіру көлемі 9 млн. тоннаны құрады. Көлемнің төмендеу «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ, «Қаранжанбасмұнай» АҚ кәсіпорындары бойынша білінеді. Мұнай өндіру деңгейінің төмендеуіне, мұнайға арналған бағалардың күрт құлдырауына байланысты бұрғылау бағдарламаларына тоқтау салынуы себепші болды.
Мұнай-газ саласында 14% алатын техникалық қызметтердің 8,9%-ға төмендеуі байқалады («Мұнайфилдсервис» ЖШС, «Астра Стар» ЖШС, «Caspian Well Services» ЖШС, «Кезби» ЖШС).
Табиғи газ өндіру 14,4%-ға, 1387,4 млн. текше метрге дейін артты (2015 жылдың қаңтар-маусымында – 1212,6 млн. текше метр).
Өңдеу саласындағы (саланың үлесі – 6,9%) өндіру көлемі 17,2%-ға артып, 60 млрд. теңгені құрады.
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 8,8 есе ( «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС, «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС, «ГММОС Казахстан» ЖШС), химия өнеркәсібінде – 9,3%-ға («Казазот» ЖШС), резеңке және пластмасса бұйымдар өндіруде – 32,8%-ға («Шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС) өсу байқалады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 51,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (2015 жылдың қаңтар-маусымы – 47,4 млрд. теңге), саладағы НКИ 71% құрады. Негізгі себеп – «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің электр энергиясын өндіру көлемін 38,3%-ға азайтуы.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 8,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2015 жылдың қаңтар-маусымы – 10,1 млрд. теңге), НКИ – 64,3%. «ҚазСуШаруашылығы» МКК, «Бейнеу Су сервис» МКК, «Коммуналдық кызмет» МКК бойынша көлемнің төмендеуі байқалады
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 185,1 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 89,4%. Төмендеу, бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың, дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың төмендеуімен байланысты болды.
Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында 163,2 млрд. теңге сомасына, 3 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 25-тен астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.
ИИДМБ аясында 2016 жылы құны 88,7 млрд. теңге болатын, жаңадан 660 жұмыс орны құрылатын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың 1-жартыжылдығында 61,6 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104,2%. Облыста жүргізіліп жатқан барлық құрылыс жұмыстарының көлемін толықтай есепке алу, ауыспалы жобаларды уақытылы аяқтау бойынша шаралар қабылдануда.
Жалпы ауданы 400,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың 1-жартыжылдығына қарағанда 46,8%-ға артық. Негізгі көлем халықтың меншікті қаражатына келеді.
Ақтау қаласының 32а шағын ауданында сметалық құны 1800 млн. теңге 120 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылға 1040,3 млн. теңге бөлініп, оның 770 млн. теңгесі игерілді. Аяқтау мерзімі – ағымдағы жылғы желтоқсан.
«Байтерек деволопмент» АҚ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй салу аясында «Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 4 объектінің құрылысын бастау жоспарланып, 2016 жылға 2624 млн. теңге көздестірілді.
Жыл басында Ақтау қаласында 466 үлескер қатысатын 6 үлескерлік құрылыс объектісі бар болды. Оның ішінде бүгінге 447 үлескер қатысатын 4, оның ішінде мемлекеттің қолдауымен 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 3927,9 млн. теңге бөлінді (1406 млн. теңге игерілді). 10 жобаны, оның ішінде 2 ауыспалы және 8 жаңа жобаны аяқтау жоспарланған.
Бәсекелестік артықшылықтарды есепке ала отырып, экономиканың өсу резервтері анықталды және облыс экономикасын дамытудың мынадай перспективалы бағыттары айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын (мұнай-газ өндіруді, мұнай-газ сервисін) одан әрі дамыту, транзиттік әлеуетті (көлік пен логистиканы) дамыту, құрылыс индустриясын дамыту, туризмді («Кендірлі» курортты демалыс аймағын) дамыту. Оларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы 4 жобаны аяқтау жоспарланған. АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі шешілуде.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
«Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасын іске асыру аясында, Еуроодақтың сарапшыларымен бірлесіп туризм саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуды көздестіретін Маңғыстау облысының туризмін дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу жүргізілуде.
Жеңілдікпен кредит беру тетігі арқылы ішкі туризмді дамыту жөніндегі нысаналы бағдарламаны іске асыру басталды. Осы жоба бойынша әкімдіктің Әріптесі «Даму» қоры болды. Туризм объектілерін, туристік бағыттарды дамыту үшін кәсіпкерлерге бірлесіп 900 млн. теңге бөлінді. Жобаларды екінші деңгейдегі банктер арқылы субсидиялау басталды.
Көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Жоба құны – 9,6 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 6,7 млрд. теңге бөлінді. Объект 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді. Құрылысын салу кезеңінде 204 жұмыс орны құрылды, пайдалану кезеңінде 42 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінге паром кешенінің құрылыс объектісіне құрылыс жүктерін тасымалдау ғана жүзеге асырылуда. Мемлекеттік комиссияның актісін дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Пайдалануға беру – 2016 жылғы 2-тоқсан. Осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.
2015 жылғы сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 32,0 млрд. теңге болатын (оның ішінде, Ұлттық қордан 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге бөлінді, 2,7 млрд. теңге игерілді, 2016 жылға 7,0 млрд. теңге көздестірілді) Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы басталды. Жүк ағындарының жылдық көлемі – 4,1 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га.
1-кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде – іске қосу кешені: жерге орналастыру жұмыстары, аумақты қалыптастыру, темір жол төсеу – 3 км, жеке тұрған ғимараттарды монтаждау, электр беру желілерін салу. Қазаншұңқыр мен резервуарларды орнатуға арналған жабдық дайындалды.
Құрылысын салу кезеңінде – 500 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 249 жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқтау мерзімі – 2017 жылғы желтоқсан.
Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының (құны – 46,4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылға дейін 44 млрд. теңге игерілді) 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) 2016 жылдың 2-жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Республикалық бюджеттен 2016 жылға 2,3 млрд. теңге бөлінді (1,3 млрд. теңге игерілді).
Құны 36,5 млрд. теңге болатын «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталып, оның ішінде 2014 жылы 0,6 млрд. теңге игерілді. 2015 жылы 9,1 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Республикалық бюджеттен 2016 жылға – 1,4 млрд. теңге (0,3 млрд. теңге игерілді), АДБ-нің 12,1 млрд. теңге қарыз қаражаты бөлінді (2,9 млрд. теңгесі игерілді). Іске асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.
Екі жоба бойынша құрылысын салу кезеңінде – 1310, пайдалану кезеңінде – 17 жұмыс орны құрылды.
Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны – 39,7 млрд. теңге) теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, құрғақ жүк терминалдарының құрылысы (астық терминалы, алаңішілік инженерлік желілер, қызметтік және өндірістік ғимараттар, 3 айлақ) аяқталды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна құрғақ жүкке дейін өседі. Құрылатын жұмыс орындары: ағымдағы жылғы құрылысын салу кезеңінде – 303 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2016 жылға шамамен 7,6 млрд. теңге бөлінді.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы (ұзындығы – 73 км) және «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.
«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автожолын күрделі жөндеу, «Таушық-Шетпе» (0-70 км) автомобиль жолын орташа жөндеу жалғасуда. Ағымдағы жылғы шілдеде «Ақтау – Форт-Шевченко» - Қаламқас кен орны» (88-154 км) автожолын орташа жөндеуді бастау көздестірілген.
Сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-мамырында 1423,0 млн. АҚШ долларын, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 64,6%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 1308,2 млн. АҚШ долларын (66,5%), импорт – 114,8 млн. АҚШ долларын (48,7%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 1193,3 млн. АҚШ долларын құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қаңтар-маусымында 62,2 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 90%. Тауар айналымының азаюы, айналым құрылымындағы үлесі 66,5% құрайтын сауда жасаушы кәсіпорындар көлемінің төмендеуімен байланысты.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2016 жылдың маусымында 2015 жылдың желтоқсанына 105,5% (ҚР бойынша – 104,6%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,7% (ҚР бойынша – 105,0%), азық-түлік емес тауарларға – 102,6% (ҚР бойынша – 104,7%), ақылы қызметтерге – 105,7% (ҚР бойынша – 104,1%) құрады.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуін тежеу мақсатында, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ шарттар жасасу және елдің ауыл шаруашылығы өңірлерінен әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыруға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 362 млн. теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызды тауарлардың тізбесі 12-ден 33 жайғасымға дейін көбейтілді.
Тауарларды сату «Каспий-Берекет» ЖШС-нің Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы ауданында орналасқан. 21 сауда нүктесі арқылы эконмикалық қолжетімді бағалар бойынша, сатып алынатын көтерме бағаға шекті үстемелерсіз жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,2 млрд. теңге сомасына өндіріліп, саладағы НКИ 77,9% құрады (2015 жылдың қаңтар-маусымы – 4,6 млрд. теңге). Ірі қара мал басының – 13,3%-ға (16,3 мың бас), қой мен ешкінің – 16,6%-ға (491,3 мың бас) төмендеуі, ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша ет өндірудің төмендеуі байқалады.
2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жылқылардың 9,3%-ға (75,5 мың бас), түйелердің 1,8%-ға (58 мың бас) өскені байқалады.
«Агробизнес – 2020» бағдарламасының аясында инвестициялық субсидиялауға республикалық бюджеттен 2016 жылға 260 млн. теңге бөлініп, 73 су көзін пайдалануға беру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында 23 құдық бұрғыланып, 59,7 млн. теңге сомасына инвестициялық субсидиялар төленді.
Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен сапасын көтеруге ағымдағы жылы 174 млн. теңге субсидия бөлінді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімін өндіруді және сатуды қолдауға 80 млн. теңге бөлінді.
«Маңғыстауагросервис» ЖШС 25,6 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасын лизингке, тауарлық кредиттер мен жануарларды жалға берді.
Өңірде жалпы ауданы 9,0 га 11 жылыжай, оның ішінде ауданы 5,8 га өнеркәсіптік үлгідегі 3 жылыжай және ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 8 жылыжай жұмыс істейді. Ағымдағы жылы бірқатар жылыжайлардың құрылысы жүргізілуде. «Өзенмұнайгаз» АҚ «Сенек» ЖШС үшін Қарақия ауданында ауданы 2 га жылыжай салуға демеушілік қаражат бөлді. «Агро-Ай-групп» ЖШС Мұнайлы ауданында 40 га жылыжай кешенінің құрылысын бастады. «Каспий» ӘКк» ҰК» АҚ Ақтау қаласында ауданы 3,0 га жылыжай салуға ТЭН әзірлеу үшін қаражат бөлді.
Бейнеу ауылында 2016 жылдың басынан бері жеке инвестициялар есебінен қуаттылығы тәулігіне 500 литр қаймақ, 500 айран және 500 литр сүт болатын сүт өңдеу цехы пайдалануға берілді. Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында шұбат пен қымыз шығару арқылы түйе және бие сүтін қайта өңдейтін цехтың құрылысы аяқталуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.07.2016 жылға 48,2 мың бірлікті құрады, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға көп.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында ауыл кәсіпкерлеріне микрокредиттер беруге 2016 жылға 690 млн. теңге бөлінді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Маңғыстау филиалы ағымдағы жылдың 6 айында 153,5 млн. теңге жалпы сомасына 53 микрокредит, оның ішінде ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 109,8 млн. теңге сомасына 37 микрокредит, қайтарылған қаражат есебінен 41 млн. теңге сомасына 14 микрокредит, «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша 2,7 млн. теңге сомасына 2 микрокредит берді. Нәтижесінде жаңадан 100 жұмыс орны құрылды.
Екінші деңгейдегі банктер 01.05.2016 жылғы жағдай бойынша шағын бизнес субъектілеріне 7462,8 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру үшін Маңғыстау облысына ағымдағы жылға 1 372,5 млн. теңге жалпы сомасына қаражат көздестірілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында 1.07.2016 жылға Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарында 2350 млн. теңге жалпы сомасына 61 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 768 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша шамамен 92 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның кемінде 10%-на өңірдің жұмыспен қамту орталықтарынан жұмыс орналастырылатын болады.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында ауыл кәсіпкерлеріне кредит беру үшін ағымдағы жылы «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС құрылды.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2016 жылдың қаңтар-маусымында облыс бойынша 12762 жұмыс орны құрылды (2015 жылдың қаңтар-маусымында – 12550 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1062 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 759 түлегі жастар практикасына тартылды.
Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 9307 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 7305 адам қамтылып, оның ішінде 4701 адам жұмысқа орналастырылды, 2277 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1-тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2015 жылдың 1-тоқсанында – 5,3%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,4%-дан 5,1%-ға дейін артты.
Тіркелген жұмыссыздар саны 1.07.2016 жылға 3580 адамды құрады (1.07.2015 жылға – 3329 адам).
Халықтың әлеуметтік әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 1581 аз қамтылған тұрғынға 30,7 млн. теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 2985 балаға 23,7 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 1015 азаматқа 38,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.
Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, бүгінге әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер 115 мыңнан астам адамды қамтитын 2059 меморандум жасасты. Жұмысты күшейту үшін әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жолға қойылып, сондай-ақ осы жұмысқа барлық деңгейдегі әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы тартылды.
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табысы 2016 жылдың 1-тоқсанында 109471 теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы табыс – 0,6%-ға, нақты ақшалай табыс – 16,1%-ға азайды.
Облыстағы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің шамасы 2016 жылдың маусымында 27375 теңгені құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2016 жылдың қаңтар-наурызында облыс бойынша орташа 246 231 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңінен 4,9%-ға көп және 11 ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайды.
Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта 156,8 млрд. теңге (2015 жылдың осындай кезеңіне – 113,5%), оның ішінде республикалық бюджетке – 94,6 млрд. теңге (114,3%), жергілікті бюджетке – 62,2 млрд. теңге (112,3%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Облыстың 2016 жылға арналып нақтыланған бюджеті 176,8 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 97,6%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 97,6% құрады.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 2016 жылы 7 жобаны іске асыру жүргізілуде, бұл мақсатқа барлық қаражат көздерінен – 3010,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1177,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1832,8 млн. теңге бөлінді.
Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылысын және поселкеішілік су құбырын (1, 2, 3-учаскелер), Түпқараған ауданының С. Шапағатов ауылында поселкешілік су құбыры мен резервуар, Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерін, Жаңаөзен қаласында еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу жалғасуда.
Бүгінгі күнге орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 30 АЕМ немесе 50% қамтамасыз етілген. Қалалардағы қамту 100% құрайды.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қорынанөткен жылы бөлінген қаражат есебінен Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) инженерлік желілерін салу және реконструкциялау (жылумен жабдықтау, 2-кезек) және канализациялық тарату желілерін салу жүргізілуде. Бүгінгі күнге 5,2 км (10,5 километрдің) жылу желілері мен 9,4 км (24 километрдің) канализация желілері тартылды.
Ұлттық қордың кредиттік қаражатының есебінен 2016 жылы – 2 296,8 млн. теңге, оның ішінде Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғыртуға – 1 586,8 млн. теңге, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында автономды қазандықтар салуға – 710,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 «Аққу» шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде.
Жылыту маусымына дайындық аясында 2016 жылы жалпы ұзындықтағы жылу желілерінің 3%-ын (23,3 км), электр желілерінің 31%-ын (2015 жыл – 9%) жаңғырту, сондай-ақ «МТЭК» АҚ-ның инвестициялық жоспарының аясында 46 қосалқы станцияны жаңғырту, оның ішінде ескірген КТҚС-ды ауыстыру арқылы тарату желілерін реконструкциялау жоспарланған.
Өзіндік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «ҚазАзот» ЖШС-нің қуаттылығы 40 Мвт газ-поршеньді электр станциясының құрылысы жүргізілуде. «Maersk Oil Kazakhstan GmbH» жалпы желінің 5 Мвт-ын жеңілдететін 18 Мвт-тық ГТС (газ турбиналы станция) салу бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуде.
Білім беру. Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,4 млрд. теңге көздестірілді. 1.07.2016 жылға 24,5 млрд. теңге игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 1,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,6 млрд. теңге көздестірілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 7,7 млн. теңге бөлінді. Кең жолақты интернетке 133 мектептің ішінен 74 мектеп қосылған немесе 55,6%.
Үш ауысымдық оқытуға жол берму мақсатында Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды (инвесторлар есебінен).
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің 2016 жылы аяқталатын құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде, Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысын бастау көздестірілген. Осы мақсатқа Ұлттық қордан барлығы 1202,3 млн. теңге бөлінді.
32,6 мың бала қамтылған 245 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 48,5% (2015 жылы – 42,9%), 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 79,9% (2015 жылы – 70%) құрайды.
Жыл басынан бері облыс бойынша Түпқараған ауданында 50 орындық 1 мемлекеттік шағын орталық және 805 орындық 14 жекеменшік балабақша, оның ішінде Ақтау қаласында – 510 орындық 8 балабақша; Жаңаөзен қаласында – 50 орындық 1 балабақша; Маңғыстау ауданында – 65 орындық 1 балабақша; Мұнайлы ауданында – 80 орындық 2 балабақша; Түпқараған ауданында – 100 орындық 2 балабақша ашылды.
Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 20,5 млрд. теңге көздестірілді. 1.07.2016 жылға 9,4 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2231,3 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 116,1 млн. теңге және орынжайларды, ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге – 397,6 млн. теңге көздестірілді.
Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жүргізілуде.
Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы 11,7-ден 2016 жылдың қаңтар-маусымында 11,1-ге дейін азайды.
Ана өлім-жітімінің 1 фактісі тіркелді (2015 жылдың қаңтар-маусымында – 1 факт).
Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы 34,4-тен 2016 жылғы қаңтар-маусымда 34,1-ге дейін азайды.
Спорт және дене шынықтыру саласында облыс бойынша айналысатындар саны 12,5 мың бала болатын 16 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді. Облыс бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың барлық саны 145 мың облыс тұрғынын құрайды.
Жыл басынан бері облыс бойынша 15,3 мың адамды жалпы қамтумен салауатты өмір салты бойынша 279 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді.
Бүгінге облыста 555 спорт құрылысы, оның ішінде 5 стадион, 15 спорт кешені, 10 бассейн, 196 спорт залы, 278 спорт алаңы және басқа да объектілер жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы жер қойнауын пайдаланушы компаниялар қаражатының есебінен Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп функционалды спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Ақтау қаласының 17 шағын ауданында Бокс орталығын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталуда.
Мұнайлы ауданында спорт қалашығын салуға ЖСҚ әзірленді. Инвесторлар іздеу жүргізілуде.
Облыстың Ішкі істер департаметінің қызметкерлері үшін «Динамо» спорт кешенінің құрылысы аяқталып, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 264 млн. теңге бағытталды.
Мәдениет саласында есепті кезеңде көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысушылары халықаралық деңгейдегі 12 фестиваль-конкурсқа қатысып, 11 Гран-приді, 13 бірінші орынды; республикалық деңгейдегі 11 фестивальде 2 Гран-приді, 4 бірінші орынды, 3 облыстық конкурста 1 Гран-приді, 1 бірінші орынды жеңіп алды.
Ағымдағы жылдың басынан бері жыршы Қалнияз Шопықұлының құрметіне «Мен – Қалнияз деген күреңің!» атты облыстық конкурс, композитор Қ. Ахмедьяровтың 70 жылдығына арналған «Түбек толғауы» концерті, М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның 40 жылдық мерейтойы қарсаңында мерекелік концерт және басқалар өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әлеуметтік автопоезд Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын, Маңғыстау ауданының Шебір, Қарақия ауданының Аққұдық ауылдарына мәдени қызметтер көрсетті.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, мұражайдың 40 жылдығының аясында археологияның жаңартылған экспозициялық залын салтанатты ашу болып отті.
«Отпан» тарихи-мәдени кешенін ағымдағы жөндеуге, жергілікті маңызы бар 2 ескерткішті реставрациялауға, Қызылқала орта ғасырлық қалашығында және «Алтынқазған» діни-қабірлеу кешенінде археологиялық қазбалар жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 мәдениет объектісінде ағымдағы жөндеу жүргізілуде, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 74 млн. теңге бөлінді.
Табиғат қорғау іс-шараларына 2016 жылы жергілікті бюджеттен 2 миллиардтан астам теңге бөлінді. Оның ішінде 522,4 млн. теңге «Қошқар ата» қалдықтар қоймасына тазартылмаған нормативтен тыс канализациялық суларды төгу үшін бөлінді.
Бұдан басқа, улы қалдықтардың шаңмен таралуын азайту және «Қошқар ата» жасанды көлінің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласының 1-КТҚ-нан 7,7 млн. м3 тазартылған су айдалады.
Экологиялық зерттеу зертханасы облыстың теңіз порттары мен мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңiзiнiң жағалық аймағына тигізетін техногендік әсерін кешенді зерттеу жұмысын жүргізуде.
«Қошқар ата» ойпатының оңтүстігінде экологиялық жағдайды жақсартуға және Басқұдық ауылының микроклиматы мен санитарлық-гигиеналық жағдайын тұрақтандыруға ықпал ететін ауданы 8,2 га эксперименттік қорғаныштық жасыл аймақ құрылуда.
«Қошқар ата» қалдықтар қоймасының жақын орналасқан аумақтағы халықтың денсаулығына әсерін экологиялық-генетикалық бағалау» ғылыми зерттеулері жүргізілуде.
Облыстың жабайы жануарларының (сүт қоректілердің, құстардың, жәндіктердің) қазіргі замандағы жай-күйінің мониторингі жүргізіліп, Маңғыстау облысының экологиялық паспорт әзірленуде. Форт-Шевченко қаласында, Бейнеу ауылында, Құрық ауылында және Мұнайлы ауданының ауылдарында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу жүргізілуде.
Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау мақсатында, Бостанқұм, Түйесу және Қызылқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бозашы түбегінің жаңа орман шаруашылығын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жарату бойынша шаралар қабылданып, оларды жинау үшін контейнерлер орнатылды.
Ақтау қаласындағы өнімділігі 30 мың метр/тәулік №2 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салуды аяқтауға жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы 952,6 млн. теңге бөлінді.
Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласында 2016 жылдың 6 айында облыс бойынша тіркелген қылмыстардың жалпы санының 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға төмендегені байқалады (4436-дан 4177-ге дейін).
Ауыр қылмыс түрлерінің 0,8%-ға (355-тен 352-ге дейін), орташа ауырлықтағы қылмыстардың 0,5%-ға (2209-дан 2198-ге дейін), кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыстардың 37,4%-ға (1135-тен 711-ге дейін) төмендегені байқалады.
Кәмелетке толмағандармен 16,1%-ға (31-ден 26-ға дейін), көшеде 15,5%-ға (388-ден 328-ге дейін), қоғамдық орындарда 23,4%-ға (717-ден 549-ға дейін) аз қылмыс жасалды.
Қабылданған алдын алу сипатындағы шараларға қарамастан аса ауыр қылмыстар түрлерінің 16,7%-ға (18-ден 21-ге дейін) өскені байқалады.
2016 жылдың 6 айында барлығы 1734 қылмыс, оның ішінде 27 – аса ауыр және 240 – ауыр қылмыс (оның ішінде, 13 адам өлтіру, 24 денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі, 23 зорлау, 16 қарақшылық, 285 алаяқтық, 45 тонау, 472 ұрлық және 143 бұзақылық) ашылды.
2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны 13,8%-ға (159-дан 137-ге дейін) және оларда жараланған азаматтар саны 18,2%-ға (198-ден 162-ге дейін), сондай-ақ қаза тапқандар саны 18,8% (32-ден 26-ға дейін) азайды.
Материалдық-техникалық нығайту тұрғысында жол-патрульдік полицияның жылжымалы жасақтары, учаскелік полиция инспекторлары портативтік және автомобильдік бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіліп, бейнедеректерді мұрағаттау үшін арнайы автоматтандырылған жүктеу станциялары орнатылды.
Қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде, Ақтау қаласының саябақтарында орнату үшін, ІІД Жедел басқару орталығының Операциялық залына шығару арқылы 20 бірлік жоғары жылдамдықты бұрылмалы бейнебақылау камерасы сатып алынды.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес, облыста жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) құрылды. Оның қызметін бағалаудың негізгі өлшемшарты халықтың пікірі болып табылады. Осыған байланысты, қызметті ақпараттық-имидждік қолдау бойынша шаралар қабылдануда, ІІД-нің «Web порталында» «Жергілікті полиция қызметінің жұмысы» атты кіші бөлім ашылды.
Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту мақсатында, Мұнайлы ауданының Батыр ауылында өрт депосының кешенін (2 машиналық) салуға ЖСҚ әзірлеуге 5,7 млн. теңге бөлінді.
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2016 жылы – 3,5 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,9 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 200 млн. теңге бөлінді бөлінді.
Бүгінге Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы және Құланды ауылындағы автомобиль жолдарын кеңейту аяқталды; «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу; шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде, Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақша салу бойынша жұмыстар басталды.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында облыстық бюджеттен 2016 жылы 401,2 млн. теңге, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 287,2 млн. теңге сомасындағы қаражаты көздестірілді. Осы қаражатқа «Мұнайлы», «Бостандық» және «Жұлдыз» шағын аудандарының автомобиль жолдарының құрылысы; Қызылсай ауылында 4 пәтерлік муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үйдің құрылысы; Жаңаөзен қаласының 3 «А» шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді және вокзал маңындағы көшелерді абаттандыру жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2016 жылы облыстың ауылдық елді мекендерінде 588 жұмыс орнын құрумен коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 129 жобаны іске асыру жүргізілуде. Осы мақсатқа 1614,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1313,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 301,5 млн. теңге бөлінді. Бұдан басқа, 56 жобаны іске асыруға ағымдағы жылғы шілдеде ҚР Үкіметінің арнайы резервінен қосымша 816,6 млн. теңге бөлінді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде 2016 жылы облыстың ауылдарын жайластыру бойынша 40 жобаны іске асыруға 438,4 млн. теңге сомасындағы жергілікті бюджеттің қаражаты көздестірілді.
Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жалғасуда.
Түпқараған ауданының Форт-Шевченко шағын қаласының 2020 жылға дейінгі кешенді даму жоспары іске асырылып бастады.
Облыста тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталуда.
Бүгінгі күнге облыста 90-нан аса ҮЕҰ белсенді және табысты жұмыс жасайды. Барлық қалалар мен аудандарда үкіметтік емес секторды қолдау және дамыту жөніндегі жергілікті ресурстық орталықтар жұмыс істейді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2016 жылға арналған көлемі 238,8 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 221,8 млн. теңге). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың салалық қағидаты қолданылады, ҮЕҰ-ды қаржыландыру 12 мемлекеттік органда көздестірілген. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру аясында 9 мыңға жуық адамды қамтумен 300-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, 200-ге жуық адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылы «Достық үйінің» ғимараты салынып, ашылды. Онда орналасқан кітапхана түрлі этностардың көркем туындылары бар кітаптардың 250-ден аса данасымен, қазақ және ағылшын тілдері бойынша оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2016 жылы облыстық бюджеттен 418,4 млн. теңге бөлінді. БАҚ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарында және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қойылған міндеттерді есепке ала отырып, 2016 жылдың 1-жартыжылдығында облыс көлемінде «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарының 60-тан астам іс-шарасы өткізілді.
Бұдан басқа, жыл басынан бері өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын кеңінен түсіндіру бойынша 51 брифинг ұйымдастырылды.
Облыста 30-дан аса жастар ұйымы белсенді жұмыс істейді.
«Жасыл ел» жобасының аясында ағымдағы жылы облыстың қалалары мен аудандарында «Жасыл ел» еңбек жасағының көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 18,4 млн. теңге бөлінді. Көгалдандыру жұмыстары үшін 900 адамға жуық жастарды тарту көздестірілген.
«Дипломмен ауылға» жобасының аясында облыстың ауылдық елді мекендеріне 486 жас маман жұмысқа орнластырылып, оның ішінде 185 адам тұрғын үйге бюджеттік кредиттер алды.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарымен маңызды міндеттердің бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту болып айқындалды.
Еуропалық Одақтың сарапшылары тартылған «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының аясында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша жоспарлау және консультация беру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Ауыл әкімдерінің өз міндеттерін және түрлі бастамаларды жоспарлауды жүзеге асыруы кезінде консультациялар мен қолдауды қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылы ресурстық орталықтардың өкілдерінің және аудандар мен қалалардың экономика және қаржы бөлімдері басшыларының қатарынан ЖӨБ бойынша кеңесші-консультанттар тобы құрылды. Кеңесші-консультанттар үшін Ақтау қаласында 2 оқу семинары өткізілді.
Еуропалық Одақ сарапшыларының жәрдемдесуі арқылы жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен Қарақия ауданының Жетібай ауылын инклюзивтік жоспарлау жүргізіліп, ауылдың Кешенді даму жоспары әзірленді.
Бұдан басқа, «Тұрақты дамуға жетуде және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуда Маңғыстау облысының мүмкіндіктерін кеңейту» атты БҰҰ-мен бірлескен жоба аясында жергілікті проблемаларды шешуде азаматтарды жандандырудағы аудандық мәслихаттар мен әкімдіктердің әлеуетін көтеру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілді. Қарақия ауданында энергиялық тиімді көшелік жарықтандыру мен Құрық ауылының орта мектеп-гимназиясында тамшылатып суаратын жылыжай орнату бойынша жоба іске асырылды.
Маңғыстау ауданында – «Орталық саябақты қалпына келтіру және жайластыру жолымен Үштаған ауылы халқының әлеуметтік саламаттылығын жақсарту» жобасы, Бейнеу ауданында – «Қоқысты бөлек жинауды және пластикалық қалдықтарды екінші рет қайта өңдеуді ұйымдастыру жолымен Маңғыстау облысы Бейнеу ауылы халқының экологиялық саламаттылығын жақсарту» жобасы іске асырылуда.
Жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі іс-шаралар 2016 жылы Мұнайлы және Түпқараған аудандарында жалғасты. Тұрғындардың жиындары өткізіліп, елді мекендердің нақты проблемаларын шешуге бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін әлеуметтік жобалар анықталды.
Өңір экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсететін облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының 2016 жылғы 1-жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары осындай.