«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
- Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін, басқарманың бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
Дата публикации
17 декабря 2024