2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32 бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195  «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалды)  әзірлеу және бекіту (қайта бекіту)  қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды  бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №7/71 шешімі негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшаларына сәйкес, Маңғыстау облысы қаржы басқармасының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
  2. Қатысы бар бөлімдерінің басшылары және жетекшілік ететін қаржы басқармасы басшысының орынбасарлары тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, бағдарламаларды іске асыру бойынша іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы
Дата публикации
23 февраля 2024